Таќырыбы: Жаќып Аќбаевтыњ љмірі мен тарихи-саяси кљзќараст


Тақырыпқа тарихнамалық талдау



бет3/47
Дата29.09.2023
өлшемі299,5 Kb.
#111796
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Тақырыпқа тарихнамалық талдау. Қазақстандық қоғамдық ғылымдар саласында әр жылдарда Ж. Ақбаев туралы қалам тартқан зерттеушілер мен бірлі-жарым зерттеу еңбектер болғанымен оның саяси қызметі мен тарихи көзқарастары, әсіресе қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде ролі түбегейлі түрде, жан-жақты зерттелген емес. Ол кешегі кеңестік идеологияның солақай саясатынан бір елі де таса қалмаған маркстік-лениндік методологияның зорлықпен таңған бағасы абсолютті ақиқат ретінде қабылданғандығымен түсінікті. Айталық, сол тұстағы бес томдық “Қазақ ССР тарихында”, 12 томдық Қазақ Совет Энциклопедиясында, мектеп оқулықтары мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне арналған іргелі зерттеу еңбектерінде, тіпті көркем әдебиет шығармаларында Алаш қозғалысы мен оның жетекшілерінің қызметіне, алдына саяси мақсаттар қойған ұлт-азаттық қозғалыстардың қайсысына болмасын үнемі теріс баға беріліп келді.
Осы орайда белгілі – тарихшы-ғалым, академик М. Қозыбаевтың: “Алаш партиясына топтасқан зиялылардың көзқарасы, идеологиясы, өмірлерінің әр сәті диалектикалық тұрғыдан әділдік таразысына салынғаны дұрыс”, - деген пікір жаңа ізденістерге батыл барып, еңбектер жазуды меңзесе керек.
Жалпы кеңес дәуірі кезінде жазылған еңбектерде зерттеушілердің кейбірі демей-ақ дені Алаш қайраткерлерінің бірде-бір еңбегін қолымен ұстап, көзімен көрмесе де, олар туралы ғайбат жазуды әдетке айналдырды. Екіншіден, Алаш қайраткерлерінің қазақ тіліндегі еңбектері кеңес тарихшыларының көпшілік бөлігі танымайтын араб әріпімен жазылған еді. Сондықтан Алашорданы қаралайтын зерттеушілер олардың еңбектерін оқымаса да, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқаевтардың, сондай-ақ Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрім сияқты әдебиет қайраткерлерінің есімдерін үнемі қара тізімге іліктіріп отырды. Болшевиктік тарихшылар жазған зерттеулерде олардың еңбектерін талдау, баға беру болмады, бола қалған күнде бір кітаптан екінші кітапқа көшіп жүретін цитаталармен шектелді.Жалпы Алаш тақырыбына 30-жылдарда шыққан Брайнин мен Шафироның “белгілі” еңбегінен басқа бірде –бір арнайы зерттеужазылмады десе де болады.
6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет