Ф-ОБ-001/033 «қарапайым татарлар, Қазан, Қырым татарлары және басқалары әдетте казактар деп аталған және олар өздерін казактар деген», - деп жазған Вельяминов-Зерновпен келіседі. Вельяминов-Зерновтың айтқандарына М. Тынышбаев сын көзбен қарамаған. «Қазан, Қырымның карапайым татарлары және басқалар» өздерін ешқашан да казактар деп атай алмайтын. Егер де олар өздерін «казактар»деп атаса, бұл факт зерттеушіні сақ болуға тиіс етер еді. Өйткені халық бір ғана «қарапайым» адамдардан емес, басқа да әлеуметтік топтардан тұрады ғой. Егер түрлі жерлерде тұратын қарапайым татарлар өздерін «казактар» деп атаса, демек, бүкіл халық емес, ортақ белгіларі бар белгілі бір топтар жайында сөз болып отыруы мүмкін. М. Тынышбаевтың бұдан әрі келтірілген мәліметтері белгілі бір қортынды жасауға сұранып-ақ тұр; әңгіме жалпы халық туралы емес, жай адамдар туралы емес, атап айтқанда, жауынгерлер, әскери сословие туралы болып отыр. Ол былай тұрсын, М. Тынышбаев өзі келтірген материалдардан ешбір туындамайтын қортынды жасайды. Ол былай деп жазады:«Келтірілген анықтамаларда Жәнібек үйінің билігіндегі қазақ хандығының болуымен бірге бұрынғы Алтын Орданың Қырым мен Кавказдан Сібірге дейінгі барлық халқы казактар деп аталғаны» анық байқалады.
Ж. Ақбаев Вельяминов-Зерновтың, Тынышбаевтың және басқаларының көзқарастарынан мүлде басқа, әлдеқайда қисынды, иланымды қортындылар жасайды. Деректі тарихи фактілер келтіре отырып, Ж. Ақбаев мынадай зор маңызды жағдайды атап көрсетеді: «Әскер және атты әскер ретінде «қазақ» сөзі Кавказда да ,Алтын Ордада да, Өзбекстанда да, Көшімнің Сібір хандығында да Қырымда да Түркияда да Қолданылған. Басқаша айтқанда, тарихшы М.Тынышбаевтың пайымдағанындай, халықтың өзі емес, бұрынғы Алтын Орда халықтарының бүкіл әскер бөлімдері Қырым мен Кавказда, Сібір мен Монғолстанда (Монғолстан-Жетісу) КАЗАКТАР деп аталған». Оның үстіне, Ж. Ақбаев »жай ғана атты әскер емес, қайта әскери сословие деп санап, бұған дәлелге бірқатар нақты деректер келтіреді. Кейбір тарихшылар (Карамзин, Семенов Тянь-Шанский және басқалар) черкестерді «казактар» деп атаған. Осы
39