Ф-ОБ-001/033 деректерді келтіре отырып, Ж. Ақбаев «бұл арада казактардың ( яғни қазақтардың.-М, Қ. –М.) черкестерден шықпағаны туралы айтудыңда керегі жоқ. Черкестер барлық түркі халықтары мен тайпаларй ішінде батылдықтың, ержүректіктің, туралық пен адалдықтың үлгісі болып табылады; олардың арасынан басқа тайпалармен салыстырғанда «казактар» деп аталатын айбынды жауынгер-салт аттылар шығуы мүмкін» деген тұжырымға келеді.
Ж. Ақбаевтың пікірінше, Керей мен Жәнібекте атты әскер – казак сословиесі болған. Олар қолбасшысы Қобыланды (қыпшақ) бидің қолбасшы Дайырқожаны (арғын) өлріргені үшін өз жақтастарымен және таңдаулы атты әскерлері – казактарымен бірге Өзбекстаннан Жетісуға барып, онда «Шағатай ұрпақтарының егеменді Монғолстан мемлекетінің ұлысының) қорлығымен 1456 жылы Балқаш көлінің маңындағы Хантауда үлестік автономиялы мемлекет құрды». Ж. Ақбаевтың пікірінше, Кереймен және Жәнібекпен бірге «оларға жақын және адал жауынгерлер ғана дала кезіп көшудің тар жол, тайғақ кешуінен өткен. Соңғылары алғашқы туған жері – Отаны (Сарай хандығы) сияқты, екіншкі Отанынан (Өзбекстаннан) да кетіп, әр түрлі сезімдермен: хандарына адал берілгендіктен, жауынгерлік ерлік сезімдерімен, сол кезде толассыз көшіп-қонып жүретін қайсар да қызба қанды Алтын Орда ұлдарының өзін-өзі сақтау сезімдерімен, мінез-дағдысымен өз хандарының ізіне еріп, бұрынғы Алтын Оданың барлық түкпірлерін өз отаны деп санады».
Ж. Ақбаевтың баяндамасынан алынған жоғарыдағы үзіндіге мынадай екі жағдай тән: 1. Жәнібекпен және Кереймен бірге Жетісуға тек жауынгерлер, басқаша айтқанда, казактар деп аталғаны осыдан-ақ түсінікті кейінен нақ Жәнібек пен Керей келіп қонстанған жер жаңа саяси бірлестік құрылған орталыққа айналды. Өте қызықтысы, біріншіден, осы бірлестіктің негізінен қазақтар, яғни әскери сословие қалағанына, екіншіден, оларды басқа жерлерден келген казактар да қолдағанына, алғаш рет болуы да мүмкін, Ж. Ақбаев өзіне дейін де мәлім болғанымен, нақ осылайша түсіндірілмеген нақты материалдар келтіреді. Керей мен Жәнібектің «автономиялы» (дұрысырақ айтқанда, вассалдық) хандығының халқы бастапқыда әскери сословие – казактардан
40