Тақырыбы-Жай сөйлемнің күрделену жолдары


Бірыңғай тұрлаусыз мүшелер



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата21.03.2023
өлшемі92,65 Kb.
#75660
1   2   3   4   5
Бірыңғай тұрлаусыз мүшелер
Екі не бірнеше тұрлаусыз мүшелер басқа тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің біріне
бағынып, бір сұраққа жауап болып тізбектеледі: Сонда баласы əзілдеп: - Баласын
жазалаған, Бейсекті жаралаған, ашуы қара дауылдай, сөздері боран-жауындай, ата,
қызыл шайдан, қызыл күрең бауырсақтан, шаш палаудан ала отырыңыз, - депті (Сөз
тапқанға қолқа жоқ). Бақшадан жастықтан, бақыттан, шаттықтан, сұлулықтан тасып
шыққан ешбір қайғы-уайымсыз, күмістей таза күлкі естілді (С.Ерубаев).
Жоғарғы мысалдардағыдай бірыңғай тұрлаусыз мүшелер көбінесе тұлғалас келеді.
Кейде тұлғасы бөлек, бірақ тұр-тұрпаты жағынан əуендес, қызметі бірдей сөздер де
(көбінесе анықтауыш, пысықтауыш) бірыңғай бола береді. Тұлғасы бөлек екі сөз,
мысалы анықтауыш қызметінде, бірыңғай болып айтылу үшін, олар бөлек-бөлек
əуенмен саналып айтылуы керек. ...Қайғысыз, күмістей таза күлкі естілді. Орта бойлы,
ақ құба жігіт алдымыздан шықты. Соңғы сөйлемдегі анықтауыштарды интонация
арқылы екі жікке бөлмей, əрқайсысына ой екпінін түсірмей, бірімен-бірін ұластыра
айтсақ, олар бірыңғай болмайды.
Тұрлаусыз мүшелердің барлығының бірыңғай болу амалдары бірдей емес.
Толықтауыштар бірыңғай болғанда, олар жалғаулықты, жалғаулықсыз байланыста
тұрып, екі түрлі тұлғаланады: бірде (көбінесе) əрбір бірыңғай толықтауыш тиісті септік
жалғауда айтылса, кейде ондай жалғау ең соңғы толықтауышқа ғана жалғанып,
алдыңғыларды сол жалғауға сырттай телініп, жалғаусыз айтылады: Бір күні бай
баласын үлде мен бүлдеге орап, киіндіріп, ат-тұрманын сайлап, қасына бір жас шешен
жігіт пен бір ақынды қосып, ауыл-ауылды аралап, қыз көруге жіберіпті (Сөз тапқанға
қолқа жоқ). Ақсақ, соқырды, жарықты, тазды, көксауды алмайды екен (Ж.Аймауытов).


Алдыңғы бірыңғай мүшелердегі септік жалғауларының түсірілуі тек зат есімдерге ғана
емес -ып, -іп, -п жұрнақты етістіктерге де тəн болады: Ахаңның соңғы тергеу үстінде
қатты құлап, есінен танып, екі конвой камераға көтеріп кіргізгенін айтады (Д.Досжанов).
Анықтауыштар анықтайтын сөздерінің алдында түрлі ыңғайда топтанады: кейде
бірнеше анықтауыш бірін-бірі анықтап барып, ең соңғы зат есімге бағынып тұрады.
Нарықтық-экономикалық құрылыстың жаңа міндеттері дегенде нарықтық-экономикалық
деген анықтауыш құрылыстың дегенді анықтайды, құрылыстың, жаңа дегендер –
міндеттері дегенді анықтайды. Мұндай бір сөзді түрлі жағынан сипаттайтын
анықтауыштар əркелкі анықтауыштар болады.
Кейде анықтайтын сөзіне қатысы бірдей бірнеше анықтауыш бір сөзді əр жағынан
анықтайды. Олар мағыналық грамматикалық белгілері жағынан ыңғайлас болады. Бұл
үй кілемді, текеметті, алашалы, көрпелі меймандос мол үй (М.Əуезов).
Мұндай мағыналас, көбінесе тұлғалас сөздерден барлығы бірдей дəрежеде бір сөзге
қатысты болып тұратын анықтауыштар – бірыңғай анықтауыштар – ойды көрікті,
көркем етудің де тəсіл бояулары.
Кейде тұлғасы, мағынасы жағынан түрлі сөз табына жататын сөздер де бірыңғай
анықтауыштар болуы мүмкін. Ондайда олар да айырым интонациямен айтылады.
Мысалы: Орысша киінген, ақ құба, қара сақалды, орта бойлы адам үйге кірді.
Пысықтауыштар да анықтауыш сияқты бірыңғай болып жиі жұмсалады. Əсіресе,
туынды үстеулерден, көсемшелерден болған пысықтауыштардың бірыңғай болу
қабілеті күшті. Олар көбінесе интонация арқылы, кейде жалғаулықтар арқылы да
байланысады: Ол хатты асықпай, баппен, жақсылап, тағы бір оқып шықты (С.Көбеев).
Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр (Ж.Аймауытов). Абай
біресе қабақ шытып, біресе күрсініп тымағын қолына алды (М.Əуезов).
Бірыңғай мүшелердің əрқайсысы дара сөзді (жалаң) жəне сөз тіркесінен (күрделі
сөздерден де) құралған күрделі (жайылма) болуы мүмкін: Сəкен, Бейімбет, Ілияс,
Мұхтар, Мағжан, Сəбиттермен бірге көптеген жаңа жанрлардың негізін салуға қатысты
(Ж.Аймауытов). Оның асқардай асқақ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді, алыптай
еркін, ащы айғайы аспанға құлаш сермеді (Ж.Аймауытов). Командирдің бұйрығы, оның
əмірлі де қарсылықты басып тастайтын үні, сенімді де сабырлы дауыс ырғағы ауынгер
кеудесіне сенімділік ұялататын, оның ерік күшін, жүйкесін ширата түсетін, парызын
орындауға серпін беретін, жауынгерді жүрексіздің қолынан масқара болудан аман алып
қалатын, жауынгерлік рух беріп, солдаттың ар-ожданын алдамшы, бірақ та жаман
психологиядан – қорқыныш сезімінен сақтап қалатын Отанның ұлдарына берген
бұйрығы болып табылады (Б.Момышұлы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет