Тақырыбы-Жай сөйлемнің күрделену жолдары


Бірыңғай мүшелердің интонация арқылы байланысуы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата21.03.2023
өлшемі92,65 Kb.
#75660
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тақырыбы-Жай сөйлемнің күрделену жолдары

Бірыңғай мүшелердің интонация арқылы байланысуы
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бір-бірімен салаласа байланысады. Бірыңғай
мүшелердің салаласа байланысуы екі тəсіл – интонация жəне жалғаулық арқылы
жүзеге асады. Интонация санамалы түрде, кезектесе кішкене пауза жасаумен
атқарылады. Мақсат – қазақ тілінде қатесіз сөйлеу, қатесіз жазу (Газеттен). Алаш
партиясының алдына қойған міндеті: патшалық Ресейдің отарлау саясатынан, басып
кіріп қоныстанушылардан əбден зардап шегіп тозуға айналған қазақ жұртын дəстүрі,
тілі, өнері бар халық ретінде сақтап қалу, жойылып кетпеуін көздеу (Д.Досжанов).
Солай десіп сұлтан мен бек пəтуаға келісті (М.Мағауин). Тау да, сай да, бұлақ та, тал
да Дəрменге үн қосты (Ж.Аймауытов). Махаббат, мейірім, əн мен күй, ойын-күлкі, наз
келді (Жамбыл). Байланысудың екі тəсілі бір сөйлемде қатар, аралас қолданылуы


мүмкін. Интонация жеке сөздерден кейін де, немесе жалғаулық арқылы жұптасқан
бірыңғай мүшелерден кейін де келіп байланыстыра береді. Қазақтың қара тырнағы мен
көлеңкесінен, ұртын толтырып бауырсақ шайнауынан, сапырып сары қымыз ішуінен де
ұлтшылдық іздеген зымиян темір қыспақ ендігі жерде ұлт тарихын, оның Абылай
сынды арыстарын жазуға жол қалдырмаған еді (Д.Досжанов).
Бірыңғай мүшелердің жалғаулықтар арқылы байланысуы
Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын жалғаулықтар қазақ тілінде біршама бар. Олар
мыналар: да, де, та, те, жəне, мен, бен, пен, бірақ, дегенмен, əйтсе де, сонда да, я, не,
немесе, əлде, алайда т. с. с. Бұл жалғаулықтар өздеріне тəн мағынаға сай
байланыстыру қызметін атқарады. Сондай мағыналарға сəйкес бұл талғаулықтар
мынадай үш топқа бөлінеді: ыңғайластық, қарсылықты, талғаулықты.
Ыңғайластық жалғаулықтары мыналар: жəне, мен, бен, пен, менен, тағы, да, де, та, те,
əрі. Ыңғайластық аталатын жалғаулықтар бір топқа біріктірілгенімен олардың
əрқайсысының өзінің дербес семантикалық өзгешелігі бар. Мысалы, жəне, мен
жалғаулықтары бірыңғай мүшелерді жұптастыра байланыстырса, да, де жалғаулығы
байланыстырумен бірге сөзге үстемелеу, күшейту мағынасын да жүктейтіні байқалады.
Сондай-ақ, жəне, мен жалғаулықтары санамалап айтылған интонация тəсілімен
байланысқан бірыңғай мүшелердің ең соңғысының алдында ғана қолданылу ерекшелігі
байқалады. Қазақ халқының тарихымен қатар фольклоры сақталған бұл адамдар
бірнешеу. Олар: Қорқыт, Асан Қайғы, Жиренше шешен, Алдар Көсе жəне жалпы Шығыс
елінің бəріне ортақ - Қожанасыр (Ертегілер).
Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, əйтсе де, сонда да, алайда. Бұл
жалғаулықтар бірыңғай мүшелер бір-біріне қарсы қойыла айтылғанда қолданылады.
Дала аласа, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Əн арқаның қоңыр желіндей жай
жылжып, бірақ кең жайылып барады (М.Əуезов).
Талғаулықты жалғаулықтар: я, не, не болмаса, немесе, əлде. Жалғаулықтардың бұндай
түрі бірыңғай мүшелердің екшеліп, талғанып қолданылатын жағдайларында жүзеге
асырылады. Сонымен бірге кезектілікті білдіретін мағынасы бойынша да
пайдаланылады. Көзге түртсе көрінбейтін қара түн, Күңірене ме, күле ме əлде əлдекім?
(М.Жұмабаев). Кезектілік мəнді көбінесе біресе, бірде, кейде жалғаулықтары білдіреді.
Ағаларымыз да кейде сезіммен, кейде есеппен жəбірлепті, кейде əлдекімнің айтағына
еріп кетіпті (Ə.Тəжібаев). Толқын біресе жарды сүзіп, біресе қайтып бұрқанып жатыр
екен. Ботакөз біресе көлге, біресе айнаға қарап, көлдің толқынына еліктегендей
толқынды бұйра қара шашын бұрынғыдан да жиі елпе түсті (С.Мұқанов). Мейлі, құй
жалғаулықтары бейтарап мəнді білдіреді: Қылсын мазақ, мейлі тағдыр ойнасын,
Жалмауыз жер мейлі жұтсын, тоймасын (М.Жұмабаев).
Бірыңғай мүшелер интонация жəне жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
Бірыңғай бастауыштар: Көргендер де, көре алмағандар да мəз.
Бірыңғай баяндауыштар: Жауабын айт, не сұрастырып көр.
Бірыңғай толықтауыштар: Азды да, көпті де бағала.
Бірыңғай анықтауыштар: Не қыздың, не жігіттің сөзі керек.
Бірыңғай пысықтауыштар: Барынша жайдары, бірақ алаңдай сөйледі.
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді түсіндіріп, жинақтап тұратын сөздер болады. Олар
жалпылауыш сөздер деп аталады. Бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөз бір сұрауға
жауап беріп, сөйлемдерде бір синтаксистік қызмет атқарады (Мысалы: Серік, Лəйлі,
Гүлжайна – бəрі қуанышын бөлісіп жатыр).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет