Тақырыбы-Жай сөйлемнің күрделену жолдары


Жай сөйлемнің үйірлі мүшелері



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата21.03.2023
өлшемі92,65 Kb.
#75660
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тақырыбы-Жай сөйлемнің күрделену жолдары

Жай сөйлемнің үйірлі мүшелері
Сөйлем мүшесі өзі жасалған сөздің құрамына қарай дара, күрделі жəне үйірлі болып
бөлінеді. Дара мүше бір сөзден жасалса, күрделі мүше екі немесе одан да көп сөзден
жасалғандықтан солай аталады. Ал үйірлі мүшенің жасалуы құрамы жағынан күрделіге
ұқсас болып келеді. Яғни, үйірлі мүше күрделі мүше тəрізді екі, немесе одан да көп
сөздерден жасалады. Бірақ құрылымдық, семантикалық жағынан мүшеден
ерекшеленіп ажыратылады.
Үйірлі мүшені құрайтын сөздер өз алдына предикатты бірлік болатын
бастауыш-баяндауышқа бөлінетін жай сөйлем құрамдас болып келеді. Бұндай «жай
сөйлемнің» баяндауышы есім сөз таптары, есімдік жəне есімше болады. Бұл өз алдына
предикаттық бірлік болып саналатын құралым (конструкция) екінші негізгі сөйлемнің
кез-келген мүшесі болып синтаксистік қызмет атқарып тұра алады. Бұл тектес
құралымдар ең бірінші бастауыш қызметін атқарады. Білегі жуан бірді жығар, білімі
толық мыңды жығар (Мақал). Ерлі-зайыпты бар, есі кеткен бар (А.Сүлейменов). Мен
көрген бұл кісі емес. Баласы мерген қайсысың? Баласы мерген – мен. Жасы құрдас –
құрдас емес, заманы бір – құрдас (Мақал).
Осы тəріздес құрылымдарды баяндауыш орнына қойып қолдануға да болады. Алайда
ондай құралым ықшамдалған күйде ғана баяндауыш бола алады. Ал шындығында ол
тектес үйірлі мүше ықшамдалған есім баяндауыштың анықтауышы болып табылады:
Ол білегі жуан кісі т. б.
Үйірлі мүше аталатын бұл тектес предикатты бірліктер толықтауыш, пысықтауыш
мүшелері қызметін еркін атқара алады. Мысалға жоғарыда келтірген үйірлі мүшелерді
толықтауыш, пысықтауыш қызметіне қойып көрсетуге болады: Ол білегі жуанды
байқады, пысықтауыш қызметінде: Сен білегі жуанша сөйлейсің ғой т. б.
Толықтауыш қызметіндегі бұндай құралымдардың бастауышы тəуелденген зат есім,
баяндауышы есімше болып келген үйірлі мүшеге мысал келтірейік: Əкесі өлгенді де
естіртеді (Ғ.Мүсірепов). Кірме жұрттан мұндай келбеті келіскенді көрген емес
(А.Сүлейменов).
Пысықтауыштардың бастауышы зат есім, баяндауышы көсемше болып келеді: Табиғат
тау ғып өзін жаратқан соң, Жатады екен бір шеті жиналмастан (Асанов). Сіз бар деп
жасық ойым батылданып, Көрсеңіз ақ жалын боп атылғанын (Сонда). Бұл кеште, ел
жатқанша, Абай ағасының қасынан кеткен жоқ (М.Əуезов).
Сирек те болса үйірлі мүшелі баяндауыш та кездеседі. Мысалы, -ғандай, -гендей
жұрнақтары жалғанған етістіктің бастауышы жіктеу есімдігі болып келіп мүшелі
баяндауыш жасалатынын байқауға болады: Есіркеп тұратын үйірдің іші біз көргендей
емес (С.Мұқанов).
Осындай құралымдардың бастауыштан кейін өнімді қолданылатын мүшесі –
анықтауыш. Өйткені үйірлі мүшенің екінші сыңары көбінесе сын есім болып келеді. Ал
үйірлі мүшенің бірінші сыңары зат есім, жіктік, өздік есімдіктері болады да, олар түбір
күйінде не тəуелдік жалғауының көбінесе ІІІ жағында айтылады. Сондай-ақ үйірлі
мүшенің екінші сыңары есімше жəне бар, жоқ, көп, аз деген сөздер болады: Шоқайұлы
өзі аянышты тіршілікте жүріп елін, жұртын аяған жүрегі жылы азамат деп ойлаймын
(Д.Досжанов). Аласы аз қара көз нұр жайнайды (Абай). Қыз он беске келгенде,
Шашынан көп жаласы (Байдалы би).
Расында сен көрген күтімді кім көрді? (А.Сүлейменов). Есіркеп тұратын үйдің іші сіз
көргендей емес (С.Мұқанов).


Сөйлемнің үйірлі мүше арқылы күрделенуі. Өз ішінде бастауыш-баяндауыштық
(предикаттық) қатынасқа құрылған, бірақ сөйлемдік дəрежеге жетпеген сөйлем
мүшелері үйірлі мүшелер деп аталады.
Үйірлі бастауыш: Білімі толық мыңды жығар.
Үйірлі баяндауыш: Барлығы да – көз көргендер.
Үйірлі толықтауыш: Шындықты айтуы керектігін баса ескертті.
Үйірлі анықтауыш: Қолы ашық əйел екен.
Үйірлі пысықтауыш: Сен келеді деп қымыз алдырғанмын.
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері арқылы күрделенуі. Айқындауыш – анықтауыштың
ерекше бір түрі. Анықтауыштан өзгешелігі: Анықтауыш анықталатын сөздердің
алдында тұрып, оның өзіне тəн, басқа заттан ерекше сынын, сапасын білдірсе,
айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, көбінесе оның лексикалық мағынасын,
мүшелік қызметін басқа сөздермен дəлдеп толықтырады немесе қосымша, көлденең
сапасын көрсетеді. Құрылысына қарай 3-ке бөлінеді.
1. Қосалқы айқындауыш – зат есімнің қосымша сыны ретінде жұмсалатын сөздер. Олар
анықтайтын сөздердің қосымшасы заттың сапасы, болғандықтан, анықтауыштардай,
олармен тығыз байланыста болмайды. Сондықтан олар айқындайтын сөздерімен орын
ауыстыра береді. (Алпамыс батыр, Баян бəйбіше, Үсен ақсақал). Қосалқы айқындауыш
сөйлемде айқындайтын сөзімен ұласып, ол екеуі сөйлемнің біртұтас күрделі мүшесі
болып жұмсалады.
2. Қосарлы айқындауыш деп анықтайтын сөзімен қосарлана жұмсалатын сөздерді
айтамыз (телефон-автомат, батыр-ұшқыш, инженер-технолог)
3. Оңашаланған айқындауыш деп өзі қатысты сөзінен соң тұрып, онымен тұлғалас
болатын жəне оның мағынасын түсіндіріп тұратын сөздерді айтамыз. Оқшау айтылып,
екі жағынан үтірмен бөлінеді. Оңашаланған айқындауыштар айқындайтын сөздерін
нақтылай түсу, сипаттау, мінездеу ыңғайында айтылады да, оның əр қырлы
қайталамасы ретінде келеді. Сондықтан оңашаланған айқындауыштар айқындайтын
сөзімен мағыналас, тұлғалас болып, оның соңында тұрады. Оңашаланған
айқындауыштардың алдынан əсіресе, мысалы, көбінесе, яғни, не болмаса, басқаша
айтқанда, мұның ішінде сияқты сөздердің келуі мүмкін. Сөйлем ішінде басқа жағдайға
байланысты үтір қойылса немесе айқындауыш мүшелер бірнешеу болып, үтірмен
ажыратылса, сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне ұқсап кетпеу үшін олар сызықша арқылы
бөлінеді. Мысалы; Біздерге, 4 курс студенттеріне, аса үлкен міндет – практиканы жақсы
өткізу міндеті жүктелген.
Оңашаланған айқындауыш бірыңғай мүшелерден жасалса, оның алдынан қос нүкте,
соңынан сызықша қойылады. Мысалы: Қазақтың ұлттық аспаптарының: домбыраның,
сыбызғының, сазсырнайдың - əуені ерекше.
Орындаған:КЯЛ 20-3 Тұрсынқанқызы Аружан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет