1.2 Жасөспірім шақтағы өзін-өзі бағалау мен тұлғааралық өзара қатынастардың даму ерекшеліктері
. Оқушының бастауыш мектептен орта мек - тепке ауысуы балалық шақтың аяқталуымен – баланың өміріндегі тұрақты даму кезеңімен сәйкес келеді. Бесінші сыныпта баланы оқы - тудың жаңа жүйесі: сынып жетекшісі және әртүрлі кабинеттерде жаңа пәндерді оқыта - тын пән мұғалімдері күтеді. Мектептің орта буынына көшу жеке дамуымен байланысты. Бұл, әдетте әртүрлі қиындықтардың пайда болуымен қатар жүреді: алаңдауының үдеуі, белгісіздік, қорқыныштың пайда болуы.
Өз - гелердің үмітін ақтамау қорқынышы баланың өз мүмкіндігін дұрыс көрсетпеуіне, оқу үл - герімінің нашарлауына әкеледі. 2. Оқу жауапкершілігін ата-ана өз мойнына алады. Көбінесе ата-ана баланы қамқорлығына әбден бөлейді, оның әр қадамы мен әр әрекетін бақылайды. Бала мектепте оқи бастағанда, ата-ана онымен бірге үй тапсырмасын орын - дап, қажет болмаса да, портфелін жинайды.
Бұл жағдайда бала дауыс беру құқығын жоғалтады, өздігінен бір нәрсе жасауға, ойлауға қызығудан қалады. Бір адам үшін ұдайы басқа адам ой - лана берсе, оның жаңа нәрсені үйренуге деген ұмтылысы табиғи түрде жоғалады. 3. Ата-ананың қатаң бақылауы. Бұл жағдай - да ата-ана баланың сабағын оқуға тырыспай - ды, бірақ үнемі орындауы керек екенін айтып, бұйрық береді. Бұл құбылыс авторитарлық тәрбие стилінде байқалады. Сабақты орын - дау процесін ата-ана реттейді. Бала өзі қа - лаған кезде емес, бұйрық берген кезде сабақ оқиды, рюкзакқа заттарды ата-ананың қатаң «кеңесімен» салады. 4. Ата-ана назарының жетіспеуі.
Жақсы оқуға қабілетті, бірақ ата-ананың назары түспеген және білімді адамдармен дұрыс қарым-қаты - нас орнатпаған баланың жаңа нәрсені үйре - нуге деген ұмтылысы кемиді. Мұндай балада танымдық қызығушылық дамымайды. Баста - уыш мектептегі табиғи деректердің арқасын - да бала жақсы оқи алса, орта сыныптарда мәселе туындайды: бала оқудың мәнін түсін - бейді. Жасөспірімде ынтаның кемімеуі және бала өміріне бей-жай қарамайтын, бала мүм - кіндігіне шын жүректен сенетін, шабыттанды - ратын адамдардың болуы маңызды. 5. Мектептегі жанжал жағдайлар. Кейде ба - лалар сыныптастарымен немесе мұғалім - дерімен қарым-қатынастағы қиындықтарға байланысты мектепке бармайды. Бұл жағдай - да оқуды қаламау екінші реттік фактор. Бала энергиясы мен назарын проблемаларға жұм - сайды, ал оқуға күші жетпейді. 6. Сіздің балаңыз – жасөспірім. Жасөспірімнің ата-анасы баласының оқуға және білімге ұмтылысы азая бастағанын жиі айтады. 24 25
Мектепте мұғаліммен тартысты жағдай туындаса – мұғаліммен сөйлесу арқылы мәселені шешуге балаға көмектесу керек. Бала сыныптастарымен кикілжіңге кел - се, ата-ана баласына бұл жағдайды стан - дартты емес жолмен шешуге көмектесе алады, мысалы, демалу немесе пикник жасау үшін балаларды үйге шақыру. Ол күнге алдын ала дайындалыңыз, іс-шара бағдарламасын ойластырыңыз (мәзір, ойындар және ойын-сауық). Балалар - дың формальды емес ортадағы қарымқатынасы балаңызға сыныптастарының басқа көзбен қарауына және баланың достарына өзін басқа қырынан көрсетуі - не көмектеседі. Әр баланың жеке кеңістігі мен оқу үлгерімі - не жауап беру мүмкіндігі болуы керек екенін есте ұстаған жөн, себебі бала, ең алдымен, өзі үшін оқиды. Оқудан басқа, жасөспірімде демалуға және жеке істерге (достармен қа - рым-қатынас, серуендеу, хобби, спорт) жет - кілікті уақыты болуы керек. Кітапшаның алдыңғы бөлімдерінен байқаға - нымыздай, 12–13 жас аралығында баланың жыныстық жетілуі, тұлға қалыптасуының жаңа кезеңі, өзін-өзі тану мен келіспеушілік кезеңі жалғасып, өзгерістер кезеңі бастала - ды. Бұл уақытта ата-анаға шыдамды болу маңызды, бірақ жағдайды уыстан шығарып алмау керек.
Балаға қалай көмектесуге болады? Ата-ана жасөспірім жастағы қиындықтар - ды жеңу үшін баласына қолдау мен көмек көрсетіп, жанашырлық танытып, балаға сенуі керек. Сөзбен көмектесу, кеңес айту, мектеп ісіне шынайы қызығу қажет. Жасөспірімге не болып жатқанын, оны не ма - залайтыны, мектепте не ұнайтыны және не ұнамайтыны туралы сұрақтар қойып, оның қызығушылығын біртіндеп оятқан абзал. Қажет болған жағдайда репетитор жалдап, артта қалған пәндерді үлгеріп кетуге болады. 26 27 Тілек қажеттіліктен несімен ерекшеленетінін жасөспірімге қалай түсіндіруге болады? Кейде жасөспірімдер, олар ғана емес, көбі шынайы қажеттілікті тілекпен шатастырады.
Тілектің қажеттіліктен несімен ерекшеленетінін анықтауға тырысайық. Сонда сіз балаңызбен сөйлесіп, оның қажеттілігі не екенін анықтай аласыз. Қажеттілік – онсыз өмір сүру қиын нәрселер: тамақ, ұйқы, киім, баспана. Адам ағзасының тіршілігі мен оның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет барлық нәрсе. Тілек – сол сәтте қалаған нәрсе, өздігінен пайда болуы мүмкін бір сәттік наз. Тілек кенеттен келетін, сондай-ақ кенеттен өтетін болмашы дүние. Тілек – дәл сол сәтте немесе жақын арада қандай да бір себептермен қалаған нәрсе. Мысалы, ешқашан теңізде болған емеспін, бірақ мен оны қалаймын, теңізді көргім келеді, иісін иіскегім келеді. Өткен аптада жеген таңқурай балмұздағын сатып алғым келеді.
Тілек шынайы және жалған болуы мүмкін, оларды жарнамамен, басқа адамның пікірімен, адамдар тобының пікірімен таңуға болады. Өзімнің әлде өзгенің тілегін қалай ажыратуға болады? Ол шынайы ма, жалған ба? Кейде ол зат өмірлік маңызды деп ойлауыңыз мүмкін, себебі ол досыңда бар, оны әрдайым жарнамалайды немесе оны дереу сатып алу керек екеніне сені өзге біреу сендірді. Сен де басқа біреудікіндей джинсы, белдемше, телефон, кроссовка, машина, үй, татуировка, фигура және түр болғанын қалауың мүмкін, бір сәтте ол әдемі және мықты болып көрінеді. Бірақ біраз уақыт өткен соң оның ұнамай қалғанын байқауың мүмкін.
Демек ол тілек жарнамамен немесе айналаңдағылардың пікірімен таңылған болуы ықтимал. Шынайы тілек – басқалардың пікіріне қарамастан, өзің қалаған нәрсе.
Сондықтан қандай да бір таңдау жасап, шешім қабылдағанда, асықпай, жақсылап ойлану қажет: Неліктен оны қалаймын? Барлығы неден басталды? Мен үшін оның пайдасы бар ма? Тілегімді орындау басқаларға зиянын тигізбей ме? Осы тілектің орындалуын кейінге қалдыра аламын ба? Ол тілектен мүлдем бас тартсам не болады? Оны басқа нәрсеге ауыстыра аламын ба? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оның қаншалықты өз тілегің екенін және оның саған қандай пайдасы бар екенін түсінуге болады
Жасөспірім өміріндегі еңбек үлкен мәнге ие. Отбасыңыздың әр мүшесінің үйде атқарар өз міндеті болса, балаңыз ерте жастан жұмысқа дағдыланса, бөлмесін қалай тазалауды, зат - тарды жууды, таңғы ас дайындауды білсе, онда жақсы.
Бүкіл отбасымен бірге пәтер жи - науға уақыт бөле аласыз. Отбасында барлық мүшелер ортақ іспен айналысса, ол жағдай отбасын біріктіреді. Сонымен қатар, пәтерді бірлесіп жинау үйді жалғыз тазалағаннан көңілдірек әрі жылдамырақ. Кейде ата-ана жасөспірімге ақша беріп, оның еңбегі үшін ақы төлеу керек пе деп ойланады, өйткені әр еңбек төленуге тиіс.
Кейбір ата-ана баласын, тіпті жақсы оқуы үшін де ақша беріп марапаттайды. Балаға үй шаруасына көмектесуі мен жақсы бағасы үшін ақы төлеу керек пе? Отбасының барлық мүшесінің рөлі мен мін - деті әрқайсысының жасына сәйкес келетін іс және үйді күтуге өз үлесін қосу тәсілі болуы маңызды, бұл үйді таза және отбасын тату
Отбасы мен үй шаруашылығының жақсы жұмыс істеуіне ықпал ететін барлық нәрсе: үй-жайыңызды таза және ұқыпты ұстау, жалпы үй тапсырма - ларын орындауға көмектесу, үй жануарларын тамақтандыру, кір үтіктеу, тамақ дайындауға көмектесу және т.б. болуы мүмкін. Сондай-ақ әр адам ақшаның белгілі бір сома - сын алуға құқылы. Бұл апта сайынғы қалта - пұл болуы мүмкін.
Қалтапұлды үйдегі іспен тікелей байланыстыру керек емес. Бұл қарым-қатынасқа отбасындағы жылы бай - ланыс емес, транзакция элементін береді. Сондықтан үй ішінде қандай да бір шаруа жа - салмай қалса, қалтапұлды кідіртуге болмай - ды. Керісінше, үйрету, көмектесу, бағыттау, балаға үй жануарларын тамақтандыру, өз бөлмесін ретке келтіру, киімдерді бүктеу және т.б. ата-ана еске салып отыру қажет. Оның мақсаты: 1) баланың өзіне қамқорлық жасауын және үй ша - руашылығына үлес қосуын үйренуіне көмектесу; Жасөспірім өміріндегі еңбек үлкен мәнге ие. Отбасыңыздың әр мүшесінің үйде атқарар өз міндеті болса, балаңыз ерте жастан жұмысқа дағдыланса, бөлмесін қалай тазалауды, зат - тарды жууды, таңғы ас дайындауды білсе, онда жақсы.
Бүкіл отбасымен бірге пәтер жи - науға уақыт бөле аласыз. Отбасында барлық мүшелер ортақ іспен айналысса, ол жағдай отбасын біріктіреді. Сонымен қатар, пәтерді бірлесіп жинау үйді жалғыз тазалағаннан көңілдірек әрі жылдамырақ. Кейде ата-ана жасөспірімге ақша беріп, оның еңбегі үшін ақы төлеу керек пе деп ойланады, өйткені әр еңбек төленуге тиіс. Кейбір ата-ана баласын, тіпті жақсы оқуы үшін де ақша беріп марапаттайды.
Балаға үй шаруасына көмектесуі мен жақсы бағасы үшін ақы төлеу керек пе? Отбасының барлық мүшесінің рөлі мен мін - деті әрқайсысының жасына сәйкес келетін іс және үйді күтуге өз үлесін қосу тәсілі болуы маңызды, бұл үйді таза және отбасын тату ат - 62 63 2) үй міндеттерін бөлуде салауатты көзқарас дамыту; 3) баланың іске жұмылуына және жауапты болуына мүмкіндік беру. Алайда жасөспіріміңіз белгіленген міндеттерден тыс жұмыс істесе (мысалы, жөндеу жұмыстары кезінде, тұсқағазды жабыстыруға, балалар бөлмесін бояуға көмектессе), ондай еңбекті материалдық тұрғыдан ынталандыруға болады. Балаларда ақшаны басқару дағдысын қалай дамытуға болады? Қаржылық тәуелсіздікті дамыту үшін мұқтаждығы үшін ғана емес, балаға үнемі қалтапұл беріп отырыңыз. Осылайша бала өзінің кірісі мен шығысын біліп, жоспарлай алады. Оларды қалай басқаратынын үйрене берсін.
Ата-ана балаға отбасындағы шығын туралы түсіндіруі керек, сонда бала бюджет пен таңдауды бөлуде түсіністік пен тәжірибеге ие болады. Сатып алған заттардың чегін оқыған кезде ұлыңызды немесе қызыңызды жаныңызға отырғызыңыз, алған тауарлардың құнына жасөспірімнің назарын аударыңыз. Коммуналдық қызмет түбіртегін толтырған кезде де балаңыз жаныңызда болсын. Бала шаруашылық шығындардың отбасылық бюджетіңіздің қай бөлігін құрайтынын білуге тиіс.
Жалақыңыздың жартысын ипотекаға немесе отбасылық тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге, азық-түлікке және дәрі-дәрмекке жұмсауды жоспарлап отырғаныңызды түсіндіріңіз. Баланы ересек өмірдің материалдық жағымен таныстыра отырып, оның бойында ақшаға деген ақылға қонымды көзқарас қалыптастырасыз. Мектептен кейінгі және жазғы демалыс кезіндегі жұмыс Бүгінгі таңда көптеген жоғары сынып оқушылары бос уақытында қосымша ақша табады. Мектептен кейінгі және жазғы демалыс кезендегі жұмыс жасөспірімге уақытты басқаруды үйренуге, әртүрлі қызметтерді атқарып көруге, белгілі бір саланың жұмысы туралы көбірек білуге көмектеседі.
Уақытша қосымша жұмыс ақшаны ұтымды пайдалану, ойластырылған шығын шығару және сатып алуды жоспарлауға негіз болады. Алайда мұндай тәуелсіздік оқушының үлгеріміне теріс әсер етпеуі керек. Уақытша қосымша жұмыс таңдалған мамандықпен байланысты болмауы мүмкін, бірақ өзін-өзі кәсіби анықтау және салауатты прагматизмді тәрбиелеу үшін бұл өте пайдалы болуы мүмкін.
Нақты сомаға ие болған жасөспірім ақшаны басқаруды және ай сайынғы кірісі мүмкіндік беретін мөлшерде ғана өз қалауын қанағаттандыруды үйренеді. Міне, балаңыз өсіп, ересек болған кез де келіп жетті! Бір күні ол білім алу үшін басқа қалаға кететінін немесе тәуелсіз өмір сүру үшін бөлек пәтерге кететінін айтады. Мұндай хабардан кейінгі алғашқы минуттарда көптеген ата-ана «Мұның қалай? Менен бөлек кетесің бе? Қалай дербес өмір сүресің?» деп сасқалақтап қалады.
Кейбір ата-ана баласын жібергісі келмейді, ал біреулері оны қуанышпен дербес өмірге шығарып салады. Есіңізде болсын, балаңыздың тәуелсіз өмірі екеуіңіз бір-біріңізден алыстау керек деген сөз емес. Керісінше баланың өміріне қызығып, оның қалай жұмыс істейтінін, өзін қалай сезінетінін, өмірінде не болып жатқанын және қандай тәжірибе жинағанын біліп отырыңыз.
Перзентіңіз сізге құлақ аспайды деп ойласаңыз да, оған әлі де кеңесіңіз бен ұсынысыңыз қажет екенін ұмытпаңыз. Ата-анаға балаға құрметпен және қамқорлықпен қараңыз, сонда балалар да ата-ананы құрметтейді. Бала кеткісі келсе, ол үшін қалай «пайдалы» болып қалуға болады? 1. Шын жүректен қуаныңыз, өйткені балаңыз тәуелсіз ғана емес, өз өміріне жауапты болды. 2. Бұл таңдау үшін оны мадақтаңыз және оның әрі қарай қалай өмір сүретіні туралы сөйлесіңіз. Пәтер ақыны қалай төлейді, тамақтануға ақшаны қайдан алады, оған табатын ақшасы жеткілікті ме, жоқ па, оған сіздің материалдық қолдауыңыз қажет пе – сұраңыз. 3. Оған қаржылық жағынан қаншалықты жиі көмектесетініңіз туралы келісіңіз. Бұл қандай көмек болады? Мүмкін сіз оған киім сатып аларсыз, коммуналдық қызметтерді төлеуге көмектесерсіз, ол басқа қалаға кетсе, сәлемдемелер жіберіп тұрарсыз? 4. Бала басқа қалаға, шетелге оқуға барса, сіз оған оқу мен тұрғын үй үшін төлемнің қанша бөлігін өтей алатыныңызды айтыңыз. 5. Баланың демалысқа, қонаққа қашан келетінін шешіп алыңыз. 6. Қиын жағдайда балаңыз сіздің қолдауыңызға жүгіне алатынын айтыңыз. 7. Балаға шынымен көмек қажет болған кезде к өмектесіңіз. Басқа жағдайда оған тәуелсіз болуға мүмкіндік беріңіз!
Достарыңызбен бөлісу: |