Тақырыбы Жиынтық бағалау жетістіктері мен деңгейі


Тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі



бет3/4
Дата20.12.2022
өлшемі32,5 Kb.
#58522
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Та ырыбы Жиынты ба алау жетістіктері мен де гейі

5. Тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі

  1. Сынып журналында оқушылардың тоқсан барысындағы сабаққа қатысуы белгіленеді, оқу бағдарламасындағы бөлімшелердің тақырыптары жазылып, осы ереженің 3-қосымшасына сәйкес оқушылардың тоқсандық, жылдық қорытынды бағалары бағаны балға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады.

  2. Оқушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың балл түріндегі нәтижелері электрондық бағалау нәтижелерін тіркеу журналында (бұдан әрі – электрондық журнал) жазылады, олар тоқсандық, жылдық баға қою кезінде ескеріледі.

  3. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері туралы ақпарат оқушылардың оқу жетістігі деңгейі сипатталып, рубрика ретінде оқушыларға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Бірыңғай ақпараттық және білім беру ортасы» ақпараттық жүйедегі критериалды бағалау күнделігінде электронды түрде ұсынылады.

  1. Тоқсандық, жылдық бағалар қойылған оқушылардың үлгерім табелі ата-аналарға немесе басқа заңды тұлғаларға оқу жылы және әр тоқсан аяқталған күннен кейін бір апта ішінде танысу үшін беріледі.

  2. 1-сыныпта бірінші жартыжылдықтың оқу материалын меңгеру деңгейіне жиынтық бағалау жұмысы жүргізілмейді. Тоқсандық бағалар тек 3,4- тоқсандарда қойылады.

  3. Сыртқы жиынтық бағалау жүргізілмейтін пәндер бойынша тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі:

  • тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде қойылады;

«Дене тәрбиесі» пәнінен тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері негізінде қойылады.

  • жылдық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың барлық төрт тоқсан нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде қойылады.

1-сыныпта жылдық баға 3 және 4-тоқсандардағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде қойылады.
44-1. Зияткерлік мектептке қабылданған оқушыларға оқу пәндері бойынша тоқсандық және жылдық бағалардың қойылуы:

  • тоқсандық баға Зияткерлік мектепте оқыған кезеңінде меңгерген тақырыптарға құрастырылған жиынтық жұмысының нәтижесі негізінде 5 балдық бағалау жүйесі бойынша қойылады;

  • тоқсандық баға оқу жоспарларын игергенін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, орта білім беру ұйымында белгіленген тоқсандық баға негізінде қойылады;

  • жылдық баға тоқсандық/семестр бағаларының арифметикалық орташа мәнін шығару бойынша есептеледі (5 балдық жүйеге сәйкес), тек 45-тармақтың үшінші абзацта көрсетілген жағдайдан басқасы.

44-2. Білім беру бағдарламасы бойынша оқыған және Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі ішінде ауысқан оқушылардың нәтижелері электрондық журналда қойылуы жалғастырылады. Төртінші тоқсанның соңында, сонымен қатар оқушылардың оқымаған пәндері бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілу кезінде қабылданған оқушыларға тоқсандық және жылдық бағаладың қойылу тәртібі:

  • тоқсандық баға жиынтық бағалау нәтижесі негізінде қойылады. Зияткерлік мектеп жазғы демалыс кезінде оқушыға қосымша сабақтар, өздігінен пәнді меңгеру бағдарламасын құрастыру, мұғалімнің онлайн қолдауын ұйымдастырады. Пәндер бойынша жиынтық бағалау Зияткерлік мектеппен дайындалады және 25 тамыздан кешіктірілмей өткізіледі;

  • жылдық баға 4-тоқсанның жиынтық бағалауының нәтижесі негізінде қойылады.Оқу жылының оқу барысында қабылданған оқушылардың жылдық бағасы төрт тоқсанның тоқсандық бағалар жиынтығының (5 балдық бағалау жүйесімен) орта арифметикалық мәнін шығару арқылы есептеледі.

  1. Алынып тасталды;

  2. Алынып тасталды; 47-1. Алынып тасталды;

47-2. Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі ішінде ауыстырылған оқушыларға оқымаған пәндері бойынша тоқсандық және жылдық бағалар осы Ереженің 44-тармағында белгіленген тәртіппен қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет