Бекіту сұрақтары: «Ұйымдастырушылық мәдениет» нені білдіреді және оның өзгерістерін нементүсіндіруге болады?
Ұйымдастырушылық мәдениеттің даму кезеңдеріне В.А.Никитиннің сипаттамасы.
ХХ ғасырда ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуында қандай қайшылықтаранықталды?
Н.Г.Алексеевтің жобалауды жүзеге асырудағы екі кезеңі
Инновациялық үрдістерді жобалау негізінде мәдени дамыту тәжірибесінің екі түрлібағыты
1.Ұйымдастырушылық мәдениет -бұл компания мүшелерінің сенімдері, әдеттері, құндылықтары, көзқарастары мен дәстүрлерінің жиынтығы. Ұйымдастырушылық мәдениет оның стратегиялары, құрылымдары мен жүйесі арқылы көрінеді. Мәндері мен нормалары айқын ұйым компания ішіндегі үлкен өнімділікке және ұйымнан тыс ұйымның барабар проекциясына айналатын жағымды мінез-құлыққа ықпал етеді.
2. В.А.Никитин дәстүрлі ұйымдастырушылық мәдениетті адамзат қоғамыдамуының ең алғашқы кезеңдері деп қарастырып, ондағы әрекет жолдары мен амалдарын
сол қоғам тұрғысынан сипатттайды. Корпоративтік - қолөнерге бағытталған ұйымдастырушылық мәдениеті ортағасырлық діни иерархия құрылымы, қалалар менуниверситеттер жағдайларындағы білім мен дағдыларға үйрету әдістері түрінде қарастырылады. Одан кейінгі кәсіби (ғылыми) ұйымдастырушылық мәдениетті барлықбағыттардағы кәсіби орталарды біріктіретін әрекет ретінде ғылым алынады, кәсіби
мәдениеттің негізіне ғылыми білім қойылып, барлық материалдық және рухани өндірістердің негізіне білім мен ғылым жатқызылды. Сөйтіп, бірнеше ғасыр бойына ұйымдастырушылық мәдениеттің кәсіби түрі жетекші роль атқарып келді.
3. ХХ ғасырдың аяғына қарай ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуындақайшылықтар пайда бола бастады, олар:
ғылыми құрастырылған дүниенің біртұтас бейнесі мен ғылымның өзі туындатқан парадигмалар ауысуынан пайда болған ғылыми білімнің құрылысы арасындағы қайшылық;
ғылыми білімнің қарыштап дамуы, оны өндірудің технологияландырылуы, дүниенің біртұтас бейнесінің өзгеруіне,соған сәйкес, кәсіби бағыттардың бірнеше мамандықтарға бөлшектеніп кетуі;
қоғамның тегіс салалануымен қатар, көпмәдениеттіліктің дамуы, әр мәдениеттің өз тарихы мен өзін танытуға ұмтылуы бұрынғы «жаппай европалану» үрдісінен мүлдем бөлек қалыптасуда. Сонымен қатар, дәстүрлі ғылыми модельдер мүмкіндіктерінің шектеулі, универсалды болмауы ұйымдастырушылық мәдениеттің технологиялық (жобалық-технологиялық) түрін қажет ете бастады. Осы үдерістер өзімен бірге әлемдегі саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени ситуациялардың тұрақсыздануы мен өзгермелілігін алып келді, сөйтіп, бірінен соң біріпайда болып жатқан жаңа жағдайлар тәжірибенің де үнемі өзгеріп отыруын қажет етіпотыратыны белгілі болды.