Жас дәуірдің түлегіміз
Бау, бақша, белдер,
Орман, тау, көлдер -
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан –
Көңілді ауыл, қаламыз.
Қайырмасы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей –
Бақытты біздер баламыз! (2 рет)
Өзіміз туған,
Көбелек қуған –
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқыл –
Білімді адам боламыз.
Қайырмасы:
Тыныштық сәті. Әуен ойналады
Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезініңдерші (тыныс алу). Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын», «Мен сенімен біргемін» - деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі, оны тек біз өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтаңдар!
созыңдар. Терең дем алыңдар.
Әңгімелесу
Мұғалім балаларға адамдардың жүректері мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы екенін және жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді:
Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Оқулықпен жұмыс
В.Осеева «Жай ғана әжей»
Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мәтінді айтып береді. Балалар сұрақ бойынша жауап береді.
Айнұр мен Абзал көшеде келе жатыр еді. Алдарында қарт әжей кетіп бара жатқан. Жер тайғақ болатын. Әжей сүрініп кетіп, жығылып қалады.
Абзал:
Сөмкемді ұстай тұршы! – деді де, қарт кісіге көмектесуге жүгіріп
кетті.
Абзал қайтып келгеннен кейін Айнұр:
Бұл сенің әжең бе? – деп сұрады.
Жоқ, деп жауап берді Абзал.
Мамаң ба?
Жоқ.
Ендеше көршің шығар?
Жоқ. Ешкімім емес. Жай ғана қарт әжей ғой, - деп жымиды Абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |