Тақырыбы: «Жүрек жылуы»


Оқушылармен пікірталас ұйымдастыру



бет7/10
Дата06.01.2022
өлшемі41,93 Kb.
#12810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Оқушылармен пікірталас ұйымдастыру

  • Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

  • Бұл оқиғадан не үйрендің?

  • Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

 

Дәйексөз

         Балалардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға  «Табиғаттағы барлық жылу – күннен, Өмірдегі барлық жылу - адамнан». М.Пришвин, деп жазып қояды. Мұғалім өмірдегі барлық жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық адамдарға байланысты екенін түсіндіреді.


  • Өздеріңнің жауап бергендеріңдей қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.

         Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.

 

Тапсырма

Мұғалім балалардың жақсы көретін адамдары туралы әңгімелеп, айтып беруге тапсырма береді. Мұғалім бұл тапсырманы ұйымдастырғанда балалардың отбасы, туған-туысы, тәрбиешісі, т.б. жақсы көрсететін адамдары туралы ойларын біледі. Сонымен бірге әр баланың өмірде өз орны ерекше екенін, оларды да жақсы көретін адамдардың бар екенін ұғындырады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет