Тақырыбы: «Жылы жүрек – жомарт қол»
Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, оқушыларды кішіпейілдікке , бауырмалдыққа баулу.Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Жүру барысы:
І-жүргізуші: Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Армысыздар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата-аналар, қонақтар жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кеңпейілдік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу -өзіңде барды әру адаммен шын жүректен бөлісу. Ендеше Ризашылық күн ұйымдастырылған «Жылы жүрек- жомарт қол» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!
ІІ- жүргізуші: Балаларды қорғау керек бәрінен.
Қардан, қыстың қаһарынан, кәрінен.
Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,
Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш
Балаларға бөлінбесін алалап.
Сіздерге шын көңілден өз ризашылықтарын Ақ көгершін» әні арқылы білдіруші Олжабай Бекжан
І-жүргізуші: Егеменді еліміздің жарқын болашағы –бүгінгі жас бүлдіршіндер.Сондықтан , барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.Бүгін міне облысымыздың түкпір-түкпірінен осындай жандар жиналып отыр. Сіздер қамқорлық жасап отырған балалар да шетінен өнерлі.
ІІ-жүргізуші: Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені
Жарқыратып жібереді-ау дүниені
Жетеді ме күлгеніне сәбидің ,
Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері
Олжабай Бекжанның орындауында « Алға,алға қазақ жігіттері» әні, балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізге арналады. Қабыл алыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |