І-жүргізуші:
Сіздер жасаған қайырымдылықтарыңыз әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз
ІІ-жүргізуші: Алаңдатпай сәби сүйген ананы
Қатыгездік, безбүйрек, өктемдік
Жауыздықтан қорғау керек баланы
Ауру, апат, жоқшылықтан, аштықтан
Жалқаулықтан, жат қылықтан, мастықтан
Балаларды қорғау керек , ажыратпай
Ойын-күлкі, ұйқысынан шаттықтан.
Адамдарға адамдардың оғы ұшқан
Қорғау керек балаларды соғыстан
Болашақтың , барша ұлттық тағдырын
Балалардың тағдырымен тоғысқан.
«Орынын тап» ойыны
Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.
1 оқушы: Көрмей өскен өмірдің дала мұңын
Бақыт деген балдәурен балалығын
Бақыт деген ата-анам қуандырған
Жеңістерім, табысты әр адымым
2 оқушы: Сүйкімділер, періштелер сендерсің,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін.
Данышпан да, ғарышкер де,ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген
Сендер дағы өздеріңше күрессең,
Өздеріңше сендер де өмір сүресің.
Болашақты жалғау үшін болашақ
Бола жатар сендердің де үлесің
3 оқушы: Мейірімділік- ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетер бесігің
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын адамның көмек сұраған
Оу, Адамзат , сіңірген бойға мейірімді.
ІІ-жүргізуші: Баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балаларға адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
Бала –бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош,сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |