Тақырыбы: Кіріспе. Зақымдану. Компенсаторлық-бейімделу реакциялары



бет4/23
Дата10.05.2022
өлшемі44,83 Kb.
#33944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Кіріспе. Зақымдану. Компенсаторлық-бейімделу реакциялары-1

Зақымданудан естен тану. Бұл организмнің жалпы реакциясы, жүйке және гуморальдық реттеу процесінің терең бұзылуынан өмірге өте қажетті әрекеттердің төмендеуімен сипатталады.

Ауырсыну импульстері ағыны орталық жүйке жүйесінде фазалық өзгерістер туғызады. Зақымданудан естен тану екі фазада өтеді: қозу фазасы (эректильдік) және тежелу фазасы (тропидтік). Эректильдік фаза ми қыртысы және ми қыртысы асты құрылысының қозуымен байланысты. Адамда қатты қорғану қозғалысы, сөз сандырақтауы, дем алыстың жиілеуі, қан тамырларының соғуы, қан қысымының көтерілуі, көз қарашығының үлкейюі байқалады. Бұл көрініс белгілері адренальдық жүйенің басым күштілігін көрсетеді, ол қорғаныс-бейімделу реакциясына жатады.Тропидтік фазада ретикулярлық формацияда және көру дөңінің (төбешігінде) кейбір құрылыстарында тежелу ошағы пайда болады. Сонымен мидың қабілетті жүйелерінде тежелу процесі басталады. Осындай процесінің дамуы ми қыртысына импульстердің түсуін азайтады, әртүрлі сезімталдық қабілеттер нашарлайды. Одан әрі тежелу процесі тамыр қозғалысы және сопақша мидағы демалу орталықтарын және басқа құрамдарды қамтиды.



Дистрофия

Дистрофия (грекше dys –бұзылу, trophe –қоректендіремін) деп, жасушалар мен тіндерде зат алмасуының бұзылуына байланысты дамитын патологиялық үрдістерді түсінеміз.

Дистрофияның даму механизмдерінің негізінде, зат алмасу үрдісін қамтамыз етуші жасушалық және жасушааралық қарым – қатынастардың бұзылуы жатады. Оның негізгі себептеріне: әр түрлі ферментопатиялар (туа немесе тұқым қуалау жолымен пайда болған ферменттер жетіспеушілігі), қан айналуының бұзылуына байланысты дамитын гипоксия, зат алмасуының нервтік, индокриндік реттелуінің бұзылуына жатады.

Диятрофияның дамуына төмендегі өзгерістер себеп болады:



  1. Инфильтрация. Қан арқылы келген заттардың жасушаға немесе жасушааралық тінге мөлшерден тыс сіңіп қалуы.

  2. Декомпозиция (ыдырау). Бұл қалыпты жағдайда бір-бірімен берік байланысқан, бірақ та патология жағдайында ыдырап жеке –жеке көрініп қалатын заттарға тән.

  3. Трансформация. Бұл бір заттың орнына екінші заттың түзілуі.

  4. Денатурация –белоктардың әртүрлі жағдайларға байланысты ұйып немесе бірігіп ірі тамшылар түзуі.

  5. Битабиғи синтез. Бұған мысал ретінде жасушалар мен тіндерде табиғи жағдайда кездеспейтін заттардың, амилоид белогінің, алкоголь гиалиннің пайда болуын келтіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет