Тақырыбы: Кіріспе. Зақымдану. Компенсаторлық-бейімделу реакциялары



бет8/23
Дата10.05.2022
өлшемі44,83 Kb.
#33944
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Бауырдың майлы дистрофиясы. Бауыр май алмасуы процесіне тікелей қатысатын ағза болғандықтан бұл жерде әртүрлі гистохи-миялық реакциялар арқылы әрдайым май тамшыларын табуға болады. Сондықтан, бауырдың майлы дистрофиясы дегенде, біз осы жердегі май мөлшерінің әдеттегіден көбейіп кетуін немесе хи-миялық құрамы басқаша болған майлардың жиналып қалуын айтады. Қалыпты жағдайда бауырдағы майдың тек ¼ бөлігі ғана бейтарап майларға жатса, майлы дистрофияда оның бәрі дерлік бейтарап майдан тұрады. Бауыр жасушасында әуелі майда тамшы-лар пайда болады (майда тамшала семіру), кейінірек олар бір-бірі-не қосылып ірі тамшылар түзеді (ірі тамшылы семіру). Бауыр май дистрофиясы нәтижесінде үлкейіп,божырап, қамырдай жұмсарып қалады. Бауырдың майлы дистрофиясы алкоголизмде, қантты диа-бетте, семіздікте, зат алмасу процесінің бұзылуына байланысты пайда болады.

Алкоголизмде майдың май «қорларынан» шығуы күшейеді, гепа-тоциттерде май қышқылдарының синтезі артады, олардың тотықта-ну мөлшері төмендейді.

Қантты диабетте инсулин гормонының тапшылығына байланыс-ты май «қорларынан» майдың қанға өтуі күшейеді, себебі инсулин осы процеске қарсы әрекет етуші (антилиполитик) гормондар қата-рына кіреді.

Жалпы семіру кезіндегі майлы дистрофия қанда май мөлшерінің өте көбейіп кетуіне (гиперлипидемияға) байланысты.

Майлы бауыр негізінде бауырда мезенхималық реакциялар баста-лып, фиброз және цирроз дамуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет