Тақырыбы: Кіріспе. Зақымдану. Компенсаторлық-бейімделу реакциялары


Дистрофияның түрлері (В.В.Серов бойынша)



бет5/23
Дата10.05.2022
өлшемі44,83 Kb.
#33944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Дистрофияның түрлері (В.В.Серов бойынша):


  1. Морфологиялық өзгерістердің стромада немесе паренхима-да дамуына байланысты дистрофиялардың: паренхималық (паренхимада өтетін), стромалық – қан тамырларлық және аралас түрлерін;

  2. зат алмасуының түріне қарап: белоктық, майлы, көмірсулы және минералдық;

  3. тұқым қуалаушылық жағдайына тәуелділігіне қарап: туа пайда болған және тұқым қуалау жолымен пайда болған түрлерін;

  4. таралуына қарап: жалпы және жергілікті түрлерін ажырата-ды.


Паренхималық дистрофиялар.
Паренхималық дистрофия деп зат алмасу процесінің тек жасуша ішінде бұзылуын айтады. Бұлар: 1) белоктық (диспротеиноздар); 2) майлы; 3) көмірсулы паренхималық дистрофиялар деп бөлінеді.
Белоктық паренхималық дистрофиялар.

Жасуша ішіндегі әдетте майлармен қоспа түрінде (липопротеинді комплекс) кездеседі. Тек ферменттер ғана таза химиялық зат түрін-де болады. Паренхималық дистрофияға байланысты цитоплазмада-ғы белоктар өздерінің физикалық және химиялық қасиеттерін өзгер-тіп, бір-біріне жабысып, ұйып, тамшылар мен түйіршіктер түрінде көрінеді.



Белоктық паренхималық дистрофияға: түйіршікті дистрофия, гиа-лин-тамшылы дистрофия, гидропиялық (сулы) дистрофиялар және түлеу жатады.

Түйіршікті дистрофияда жасуша цитоплазмасында белокты түйіршіктер пайда болуымен сипатталып, ол негізінен паренхимасы жақсы жетілген ағзаларда (бауыр, бүйрек, жүрек) кездеседі. Түйіршікті дистрофияда осы ағзалар көзге көрінеолік жәрежеде үлкейіп, божы-рап, кесіп қарағанда көмескіленіп қалады. Бұны осы ағзалардың көмескі дистрофиясы дейді.

Гиалин-тамшылы дистрофияда жасуша цитоплазмасында гиалин белогіне ұқсас ірі-ірі белок тамшыларының (коагуляттардың) пайда болуымен сипатталады.

Гидропиялық (сулы, вакуольді) дистрофия жасуша цитоплазмасында сұйықтықпен толған вакуольдердің пайда болуымен сипатталады, кейде цитоплазманың ультрақұрылымдары толығымен дест-рукцияланып жасуша сұйықтықпен толған баллонға ұқсап қалады, оның ішінде тек жүзіп жүрген ядросы ғана көрінеді, оны баллондық дистрофия немесе жасушаның фокальды колликвациялық некрозы деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет