Тақырыбы: Коммуникативтік үрдіс, коммуникативтік дағдылар туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы. Дәріс тезисі


Коммуникативтік білгерлік (компетенттік)



бет2/8
Дата27.04.2023
өлшемі43,45 Kb.
#87444
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№3 Коммуникативтік үрдіс, коммуникативтік дағдылар туралы түсінік.

Коммуникативтік білгерлік (компетенттік) – дәрігердің басқа адамдармен (науқас, оның жақындары және туыстары, әріптестері, т.б,) вербальді және вербальді емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білуі арқылы қарым- қатынас жасау қабілеті.
Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлермен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым – қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижеғсіне оң әсер беретіні ақиқат.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым – қатынас орнамаса, тағайындаоған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.
Мейірбике, жұмыс міндеті бойынша, санитаркамен қоян – ьқолтық байланыста болады. Науқасты күту, бөлмеде тазалық және санитарлық режимін сақтау, ауруға туалет жүргізу және т.б. жұмыстар санитарканын міндетіне жатады. Керісінше, олардың жұмыс бабы бойынша қатынасуы үлгісіз болса, емдеудің тиімділігі де жоққа шығуы мүмкін.
Науқас пен дәрігердің арасындағы қарым – қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір – біріне сенім тудыратын қарым – қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды.
Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда ем нәтижелігіне ауру күмәнданады, дәрігерге сенімділік білдірмейді. Мұндай жағдайда науқас басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Ал науқас сенім білдірген дәрігер қарапайым ем тағайындаса да, ол оның тиімділігіне күмәнданбайды. Сондықтан, әр дәрігер және басқа да медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туысқандарымен дұрыс, тиісті дәрежеде, олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана немесе емханада емделіп жатқан науқастар бір-бірімен пікірлесе отырып, олардың сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті бүкіл ауыл немесе қала ішіне жариялап жіберуі салдарынан мекеме, бөлімше, дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы да мүмкін.
Осы себептен жергілікті тұрғындар дәрігерлік көмекке басқа дәрігерлерге және ауруханаға баруға мәжбүр болады.
Сонымен, дәрігер өз жұмысын атқаруда бірталай адамдармен, әріптестерімен, мейірбикелермен, санитаркалармен, науқас және оның жақын туыстарымен тығыз қарым-қатынас құрады. Науқас адамның ауруын анықтауға, тиімді ем шараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды облуы медициналқы қызметкерлердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіне, яғни коммуникативтік дағдыларына байланысты болады.
Адам аралық қатынас дегенiмiз - қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес.
Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады:
- вербалды,
- вербалды емес.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Альберт Мейербайн қарым-қатынаста 7% ақпарат Вербалды(сөз арқылы), 38% дыбыс құралдары (дауыс темры, интонация, дыбыс күші), ал 55% ақпарат алмасудың Вербалды емес құралы арқылы берілетіні дәлелдеді. Осыдан Публиций: «Біз дауыс арқылы сөйлейміз, ал денемен әңгімелесеміз» деген.
Ақпаратты жеткізу негізгі сөз арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік өмірдегі адамдардың іс-әрекеттерінің негізгі бір түрі – сөйлеу. Сөйлеу күрделі психикалық процесс. Сөйлеу адамдардың қарым-қатынас құралы.
Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарама-қарсылықты жəне дау-дамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жек-көрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен кү-дiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi. Қызметтiк қатынастар əлеуметтiк топ не мекеме мүшелерi арасында олардың сол топтағы құқы не мiндет-терiне орай қалыптасады. Егер ара қатынастар əрбiр адамның меншiктi қажеттерi сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелiкке сүйенiп, екi, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады. Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тəуелдi қатынастар құқықтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайларда қалыптасады. Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өз-ара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi. Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тiктейдi. Адамдардың бiр-бiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбидi. Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да бойынан көрiнетiн адамдық қатынастар түрi мiне осындай. Бұл қатынастардың бəрi өмiрде адамдардың бiр-бiрiне беретiн бағалары мен мiнездемелерiнде, əр адамның басқаға бағытталған iс-əрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезiмiнде көрiнiс бередi. Түрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспаған ортада адамның өрелi өмiр сүруi өте қиын, себебi əрбiр жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерiн тiктейдi. Ересектердiң төңiрегiндегiлермен қатынасынан сол ортаның көңiл-күйi айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сəттi орындалуы не кедергiге ұшырауы мүмкiн. Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбiр адамдардың көпшiлiк арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар көпшiлiктiң жек көрушiлiгiне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейдi. Осыдан өзi қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, қауымдық өмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi. Адам аралық қатынастардың ерекшелiгi олардың эмоционалды болуында. Адам өзi тектеспен араласа отырып, бiр-бiрiне болған айрықша сезiмдер мен ықластарға кезiгедi. Жеке аралық қатынастар, əдетте, субъектив сипатта болып, əр адамның шын мəнiндегi тұлғалық оң не терiс қасиеттерiне сай келе бермейдi. Олар əрқашан адамның көңiл-күйiне байланысты, бiр адамның екiншiсiне деген сезiм толғанысы-ның ауысуымен өзгерiске келiп тұрады. Көңiл-күйдiң бiр сəттiк болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келедi: бүгiнгi тəп-тəуiр сыйлы қатынас күн өтпей-ақ керi сипатқа енуi баршаға аян құбылыс.
Қызметтiк қатынастар жеке қатынастарға қарағанда бiршама тұрақты, олар, əдетте көңiл-күйге байланысты өзгере бермейдi. Мұндай қатынастардың əрбiр тұлғаның көңiл-күйiне бағына бермейтiндiгiнен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың əрқайсысының жеке ерекшелiктерi мен психологиялық кейпiне тəуелдi болмауы қажет. Бiрақ өмiрде жеке жəне қызметтiк қатынастар өзара кiрiге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйiнде қарастыру мүмкiн емес. Бiрiншiден, əр адам өзiнiң даралығымен қызметтiк қатынастарға əрқашан ерекше мəн мен сəн берiп отырады; екiншiден, əрқандай тұлға нақты қатынастарға өзiнiң жеке ниет, ой, толғаныс жəне сезiмдерiмен кiрiседi, ал бұлардың бəрi адамның басқалармен болған қызметтiк қатынасына əсерiн тигiзбей қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет