Тақырыбы: «Логопедия негіздері және логопедия технологиясы» Дефектология – педагогикалық ғылым саласы


) Қазіргі кездегі психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу



бет9/19
Дата09.12.2022
өлшемі75,4 Kb.
#56121
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
1) Қазіргі кездегі психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу
Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалар қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан шарашадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан, мектепкеке бару бақыты бұйырмай, оқуға жарамсыз атанған ақыл-ойы кешеуілдеген немесе даму мүмкіндігі шектеулі балалар тіркелеген. Психологиялық-медициналық кеңес беру мекемелерінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, елімізде 15000-нан астам мүмкіндігі шектеулі палалар тіркелген. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балалар үшін әйгілі Сетан тақтасын жасалды. Бұл тәсіл күні бүгінге дейін диагностикалық коррекциялық әдістеме ретінде пайдаланып келеді.
Бине-Симон тестінің пайда болуы ақыл-ойы кешеулдеген балаларды іріктеу мәселсіне байланысты. Бұл тесттер бүкіл дүние жүзіне кең тараған. Ол орыс тіліне 1911 жылы аударылып, бейімделген. Бұл окушыларға арналған ең алғашқы интеллектуалдық-қабілеттілік тесті. Бине тесті жоғары ақыл-ой функциясының когнитивті қабілетіне көңіл бөліп, ақыл-ойды анықтауға тірек болып табылады. Бірақ Бине-Симон тесті кейінде көптеген сынға ұшырап, нәтижесінде біршама мәндірек нұсқалар ұсынылды: Бине-Терман және Стенфорд-Бине кеңірек тарағаны - Векслер тесті. Оның бірқатар
айырмашылықтары бар: тапсырманың әр түрлілігіне, ыңғайлы әдістер мен нәтижелерді қорытындылау, ол тек сандық түрде емес, сапалық түрде болады. Тест әдісінің сындарына терең бойлай отырып, тестілеудің нәтижесі түсіндіруші мәнге емес, тұрақтандырушы мәнге ие екендігін айтуға болады. Тесттік зерттеулерді қолданудың ұзақ тәжірибесі көптеген мамандарды интеллектуалды тесттердің төмен көрсеткіші әрқашанда зерттелушінің қабілеттерінің нашар екендігін білдірмейді деген қорытындыға келеді: көбіне бұл зерттеуші оны дұрыс пайдалана алмағандығын білдірмейді.
Өткен ғасырдың 20-жылдарының басында кешеуілдеуі бар балаларды іріктеуге колданылатын тесттерге және тестілеу проблемасына қызығушылық арта түсті. Енді интеллектуалды деңгейдің дамуын анықтауда баланың жалпы дамуындағы кідіріс тексерілетін болды. Осыдан кейін ауытқушылығы бар балалардың дамуының диагностикасына деген көзқарасқа өзгерістер енді, оны кешенді түрде тексеру ұйымдастырылды. Яғни баланы бірнеше мамандар зерттейді: невропатологтар, педагогтар, психологтар мен логопедтер, психиатр-дәрігерлер. Мұнда ең басты рөлді психолог емес, баланың диагнозын анықтау арқылы кешеулдеп дамудың сатыларын белгілеу-дәрігерге жүктеледі.
Балалық шақтағы нейропсихологиялық және диагностикалық проблемаларды зерттеуге Э.Г. Смерницкаяның жұмыстары арналған. Э.Г.Смерницкая мектепте оқытудың қиындықтарының негізінде оқу механизміне және де үлгермеушілікті коррекциялауға арналған әдістемелерді ұсынды. Онымен нейропсихологиялық әдістің нұсқалары анықталып, ол «Лурия 90» деп аталды. Бұл әдіс 4 суб-тесттен тұрады. Оның екеуі есту арқылы есте сақтау, ал қалған екеуі көру аркылы есте сақтауға бағытталған. Зерттеудің қорытындысы 14 шкаламен бағаланады. Әр шкаланың нақты сандық мәні бар. Шкала бойынша бағаланғаннан кейін 3 көрсеткіш бойынша есептеу жұргізіледі: есту, көру және жиынтық ұпай арқылы. «Лурия 90» әдісі қорытындысы бойынша мектептегі оқыту жоғары нәтижелерге жеткендігі іс жүзіңде дәлелденген. Нейропсихологиялық әдістерді қолдануда Лурия 1973 жылы аномалды балаларды зерттеуді ұсынды. Бірақ күні бүгінге дейін кеңес дефектологиясында және арнайы психологияда тесттер өте шектеулі түрде пайдаланылады. Кеңінен тараған психологиялық зерттеулер баланың өз еркімен тандаған тапсырмалары оның есте сақтау, байқауы, ойлауы және еңбек кабілетін анықтау кезінде ойлауы сапалы өзгерістерге ұшырайтынын керсетті.
1930 жылдың басында Л.В.Занков арнайы психологияның негізін өңдеді және ақыл-ойы дамуы кешеуілдеген балаларды зерттеуге кірісті. Кейінірек ғалым бір балалардың ойлауы мен сөйлеуін зерттеп, арнайы мектептегі оқушылардың жекелік типологиялық ерекшеліктерін және дифференциалды диагностика мәселесін құрастыру қажеттігін атап өтті.
Л.С.Выготский «Диагностиканы ерістету және қиын баланың педалогиялық клиникасы» еңбегінде балалардың ақыл-ойы деңгейін анықтау үшін қолданылған психомстриялық сынақтардың ғылыми маңызы жоқ деп тұжырымдады. Мұндай тәсіл арқылы қалыпты мектеп оқушыларының ақыл-ой дәрежесін зерттеу қате қорытындылар беріп, ақьш-ойы қалыпты дамьпам бала мен ақыл-ойы кемістігі бар баланы бір топқа жатқызып, шатастырылуы мүмкін деді.
ГІснходіі.ігностикалық әдістемелер ішіңде белгі-лі бодьш саналатыны «интеллект тестЬ, интеллек-туалдм дамудың жас мөлшерін анықтауға арналған әдістеме. Иптсллсктініолшсуобъектісіретіндежалпы
туа паида болған қабілеттер кез-келген тапеырм.ты дұрыс орындаумен анықталады. Интеллектдеңгсіі111т керсеткіші В.Штерн енгізген 10 коэфиценті бощ.іи табылады. Қазіргіанықтауларауытқудың екінші сі.ш дарттарынадейін ғанажетеді,яғнишеткібаспалдак м < қамтымайды. Ол айтады: орташадан темен рсии де интеллектінің орта бағадан төмен екі стандарі м і ауытқуларында жатқан көрсеткіштерқарастырыла.-и-і * ал Стенфорд Бине тестінде 10-67, Векслер тесттік 10-69 сәйкес келеді. Бір ғана ІО-дің төменірек анықтап, ақыл-есі кем деген диагноз қоюға болмайды. Өмірде қаншалықты 10 тұракты? Интеллектуалды дамудың деңгейін көрсете ала ма? Мак Колл және басқалардың зерттеулеріңде 10 езгеруі денсаулық, эмоциялық жағдайға және тұлғаның өзгерістер қоршаған ортаның факторларына байланысты Ғалымдар төмендегі тестілік көрсеткіш барлық уақыт баланың нашар қабілетті екендігін дәлелдемейтіндігі яғни ол тек баланың өз қабілетін толық қаралмағандығынан да болуы мүмкіндігін тұжырымдайды. Сиглер кейбір балалардың психологиясында «нәтижені сәтсіз» болуы мүмкін деген үрей болады деген қорқыныш тестілеудің корытындысына әсер етеді. Осындай сәтсіздікке арналған максималды тесттеу құрылды. Мұнда орташа 10 керсеткіші тұрақты стандартты тестілеуге қарағанда пунктке жоғарылаған.
Осылайша, психодиагносикалық процедураны алғашқы кезеңі баланың таным әрекетін анализдеуге бағытталуы керек. Осындай жолмен алынған мәліметтер негізінде жалпы диагностикалық гипотиза қалыптасады.
Психологиялық диагностика мәселесіне жасалады. Шолуларды қорытындылай келе, интеллектуалді мүмкіңдіктің ерекшелігіне жеке бастың сипаты, эмоциялық жағдайы, әлеуметтік орта ықпалы баға тәсілдері мен эксперимент зерттеулерінің соншалық жеткіліксіздігін тұжырымдауға болады.
Қазіргі уакытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері, экологиялык-экономикалық дағдарыстар жүйелері бұзылған, психикалык аурулары бар әр жастағы балалардын көбеюіне әкеліп соктырды. Іс-ишардың түрлі ауруларға шалдығуы олардың мектепте сабаққа үлгермеушілікке, тәртіп бұзуға, қылмыстың көбеюіне себебі тиіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде нашар балалар аз емес. Олар аутизм, психикалыкдамуының келуі, инфантилизм, жүйке жүйесінін бұзылуы,энурез сияқты түрлі ауруларымен ауырады.
Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын балалар мүлде азайып, орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз балалар тым көбейіп кетті. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шыльш шегетін, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген. Ана құрсағында тоғыз ай тоғыз күнге созылатын өмірінде нәресте өзіндік биологиялык ерекшелігімен қатар, кейін көкірек көзіне айналатын түйсіктік тәрбиелерін жетілдіреді.
Қазақстанда кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың
психологиялык кажеттіліктерін, оку үлгерімін зерттеп, психологиялықтүзеу жүмыстарын ұйымдастыру керек.
Біздің міндетіміз - даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-аналарға, психологтармен бірлесе отырып түзеу жұмыстарынұйымдастыру. Балалардыңакыл-ойдамуының тежелуі туралы айтатын болсак, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз кұрдастарынан 2-4жылға калыс калған. Баланың психикалықдамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, кұлак ауруы тағы да баска себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада тұмау, малярия, сары ауру, іштегі улану сиякты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интелектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді.
Бұл балалар өзінің кұрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. Олардың салмағы аз, бойы кіші, көп сөйлемейтін, әлжуаз, тез шаршап, көп ауырады.
Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгерім ерекшеліктеріне келетін болсак, бұл балалардың оқуға улгермеушілігі )-сыныптан бастап көріне бастай-ды. Бірак анык белгілері 2-3 сыныпта белгілі болады. Оку процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:
- сабак процесіне жай қосылады;
- оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды;
- берілгентапсырманымұғалімнің көмегінсізорындай алмайды;
- оқуы мен жазуы жай;
- окыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды;
- есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді;
- тез шаршағыш;
- сыныптастарымен аз араласады;
- әзойын анықайтаалмайды;
Психикалык дамуының тежелуі бар балалар көбіне олигофрения балаларға ұқсайды. Бірак, егерде оқу процесін, әдістемелік нұскаулары дұрыс және жоғары денгейде ұйымдастырылған болса, онда 1-3 жылда өз құрдастарының білім дағдысын куып жетуге болады. Бұл жағдайда балаларға арнайы сыныптар мен жан-жақты дайындалған мамандар кажет.
Дамуында ауытқуы бар баланы отбасында тәрбиелеу, жанұяның барлық мүшелеріне тікелей психикалық әсерін тигізеді. Жанұядағы жағдай, әкесінің эмоционалды қабылдауы, жанұямен психокоррекциялык жұмыстануды қажет етеді. Коптеген ата-ана баланы жиі тексертіп, дәрімен емдеймін деп көп күш жұмсайды. Балалардың емделуінің нәтижесі оның айналасындағы адамдарға, ал негізгісі уақытында басталған және психологиялық түзеу жұмысына байланысты екенін көбі біле бермейді. Ондай балалар оздерінің эмоцияларын ұзақ уақыт бақылай алмайды. Олар сау балаларға карағанда өздерін жиі ыңғайсыз сезінеді, сондыктан өздерін ұстай алмай кырсық мінезін көрсетеді. Үй ішінде жақсы ахуалдың оңтайлы ( ауытқуы бар балаларды жағымды тәрбиелеуі, мамандармен әрдайым кеңесуі, ата-ананың үйдегі жанұялық дұрыс бағалауына көмектеседі. Ата-ананың өздерінің сөйлеген сөзінің, әр кылығы баланың оқуы мен тәртібінің маңызы зор екенін ешқашан ұмытпағаны жөн.
Муғалім-дефектологтың алдына қазіргі уақытта үш міндет жүктеліп отыр:
1. Оқушыға білім беру
2.Жалпы білім беретін пәндер арқылы оқыту және еңбек пәнімен байланыстырып қолдану.
3. Жағымды мінез-құлық қалыптастыру: айналадағы адамдарға қайырымды болуға, махаббат, сүюге, әлеуметтік бейімделуге үйрету.
Бұл міндеттерді негізге ала отырып, психолог-педагогикалық тузеу жұмыстары мынадай принциптерге сүйенеді:
- баланы жан-жақты, жеке тұлға ретінде зерттеу
- шаршағандығын ескеру;
- оқу дағдыларын ойын түрінде ұйымдастыру. Ойын арқылы тапсырмаларды орындау.
- мектеп өміріне, тәрбие сағаттарына қатыстыру
- оқытуды арнайы әдістемелер арқылы ұйымдастыру;
- окушының жылдық психо-диагностикалық деңгейін бақылау.
Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін әртүрлі әдіс-тәсілдерді жетік білуі, оқушылармен қарым-қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді сабақта, сабактан тыс уакытта, белгілі бір мақсатта әр түрлі жағдайларда қолданып отыру арқылы жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Қорыта айтқанда, казіргі кезде қоғам қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасауын , өз ортасында және өзге ұжымда езін еркін ұстай алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетін сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру. Жас нәресте сау болса, отбасына зор қуаныш пен бакыт әкеледі. Сонымен өркениетті қоғам құру үшін, тәірбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет