Тақырыбы: «Логопедия негіздері және логопедия технологиясы» Дефектология – педагогикалық ғылым саласы


Көп түрлі кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу. Күрделі кемістіктері бар балалар



бет17/19
Дата09.12.2022
өлшемі75,4 Kb.
#56121
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
12. Көп түрлі кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу. Күрделі кемістіктері бар балалар.
Күрделі ауытқулар бұл бірнеше кемістіктердің бірлесіп, баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Бірақ, бұл кемістіктердің тек қосындысы емес, оның әркайсысының қалыптасу ерекшеліктері бар. Қосылған кемістіктердің клиникалық белгілері жеке-жеке кемістіктер түрлерінің белгілерінен ерекше. Сондықтан, ғылыми әдебиеттерде кездесетін «күрделі ауытқулар». деген терминдеріне мағынасы бойынша ұқсас «күрделі дефект». «дамудың күрделі ауытқулары», «бірнеше кемістіктердің бірлескен түрі» сияқты сөздер қолданылады. Оның бәрі - соңғы кезде жиі кездесетін ауытқулардың күрделі кұрамын анықтайды. Ауытқұлардың құрамына байланысты күрделі зақымдауына бар балалар үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа жататын балаларда психикалық және физикалық дамуында негізінен ауытқудың екі түрі кездеседі. Осы ауытқулардың әрқайсысының өзі-ақ балалардың дамуын кері әсерін тигізеді. Мысалы, соқыр - саңыраулық, кемақыл –саңыраулық, нашар еститін және психикалық дамуында тежелуі бар балалар.
Екінші топқа бірінші кезектегі өте ауыр кемістігі бар және оған қосымша ауытқу - жеңілдеу, бірақ ол да баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, кемақыл балаларда кездесетін нашар есту. Осы жағдайды кейде баланың алғашқы кемістігінің асқынуы деп түсіндіруге де болады.
Үшінші топқа - кемтар балаларда кездесетін бірнеше алғашқы кемістігі бар және кейбір жағдайда оған қосылатын асқынған кемістіктер. Мысалы, кемақыл, нашар көретін және нашар еститін балалар: немесе қимыл-тірек аппараты зақымданған балаларда кездесетін көру және есту кемістіктері оған қосымша тіл мүкістіктері.
Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей күрделі кемістігі бар балалардың саны аса көп емес, бірақ тәжірибелі дефектологтардын тұжырымы бойынша арнайы мекемелерде осы балалардың саны 40% кұрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу, арнайы мекеменің жұмыс істеу әдістемелерін құрастырғанда және түзету әдістеренің нәтижесі болуына өте қажет. Осы балаларды толық зертеп. және олардың ерекшеліктерін жақсы білу оларға тек түзету, дамыту әдістерін қолдану үшін ғана қажет емес, сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының нашарлауының алдын-алу үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет