8. Сезім мүшелері зақымданған балалар. Есіту мүкісі бар балалар. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ Баланың сөйлеу тілінің дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады. Бала ересек адамдардың сөздерін естиді, тыңдайды, соларға еліктейді, сосын өздігінен сөйлеуге үйренеді. Саңырау балалар арнайы оқытудың өтпейінше сөйлеу тілін меңгермейді. Нашар еститін балалардың сөйлеу тілдері өрескел бұзылады.
Есту қабілеті баланың ой өрісінің дамуына да үлкен қызмет атқарады. Ересек адамдардың түсіндірулерінен бала айналасындағы өмір тіршілігімен танысады және шындықтың күрделі мағлұматтарын меңгереді.
Балалар сөйлеу тілі шыққанға дейін-ақ көп сөздердің мағыналарымен таныс болады.
Есту қабілетінің тағы бір үлкен қызметі, ол естудің жәрдемімен өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға да мүмкіншілігі болады. Шынында, ол дыбыстардың дұрыс айтылуын меңгеріп қана қоймайды, сонымен бірге сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрлысын да меңгереді. Есту қабілеті жақсы сақталған балалар келешекте жазуы мен оқуын ойдағыдай меңгереді.
Баланың есту қабілеті бірқалыпты даму барысын бірнеше кезеңге бөлуге болады:
а) жаңа туылған баланың алғашқы сағаттарында-ақ дыбысты қабылдайтын ең қарапайым реакциясы пайда болады. Қатты тықылдан, соққыдан, шуылдан дыбысқа жауабы ретінде соғуындағы, тамырларының соғуындағы, тыныс алдындағы қимыл-қозғалыстарында өзгеріс болатындығы байқалады;
б) баланың үш айлығында дыбыстың жоғарлығын тембрін және айыру қабілеті қалыптастырады;
в) әуезін жеке сөздерді және сөз тіркестерін сарыны мен ырғағы бойынша айыру қабілеті қалыптасады;
г) сөйлеу тілінің бұдан былайғы кезеңдерінде есту қабілетінің біртіндеп толық жетілуінің арқасында тілдің дыбыстық құрамын түсіну артады, ана тілінің ьарлық дыбыстарын есту арқылы айыру қабілеті қалыптасады. Бұл балалардың сөйлеу тілдерінің ойдағыдай қалыптасуы үшін ең қажетті алғы шарттың бірі болып есептеледі.