МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
НУО КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
біреуі конденсордың алдына орналасқан, екіншісі объектив
пен окулярдың арасына
орналасқан 2 фильтрден тұрады.
Соңғы кездері мембраналық жүйеге сырттай қосылатын арнайы флуоресценциялаушы
молекулалар жиі қолданылады. Мұндай молекулалар флуоресценттік зондтар
(мембранамен ковалентті байланыс түзуші) немесе флуоресценттік белгілер (химиялық
байланыс) деп аталады.
Зондтар мен белгілердің флуоресценцияларының
өзгерісі белоктар мен
мембраналардағы конформациялық өзгерістерді табуға мүмкіндік береді.
Оптикалық диапазондардағы сәуленің әсер етуінен биологиялық жүйелерде өтетін
процесстерді фотобиологиялық деп аталады. Фотобиологиялық процесстерге биологиялық
жүйелермен
жарықтың жұтылуынан бастап, ағзаның физиологиялық реакциясымен
аяқталуы жатады.
Фотобиологиялық процесстер негативті (зиянды)
және позитивті
(пайдалы) болып бөлінеді.
Негативті фотобиологиялық процестер адам және жануарлар
ағзаларында фотоуланулық эффект, фотоаллергиялық эффект деп екіге бөлінеді.
1.Фотоуланулық эффекті деп жарық әсерінен терінің немесе көздің зақымдану барысында
фотоаллгериялық реакциялардың тасмалданбауы.
Клиникада қолданылуы: эритемалар, эдемалар, пигментация, көз бұршағының тұмандануы
және т.б.
Позитивті фотобиологиялық эффектіллерге
көзбен көру,
фотопериодизм
(тәуліктік және жылдық циклдің реттелуі (жарық: қараңғы)) жатады. .
Адамдар және сүтқоректілерде жарықтың өзгерісін талдаушы (фотопериодтық) –
көз, құстарда — гипоталамус, балықтарда —эпифиз, насекомдарда —ми болып табылады.
Фотобиологиялық процестердің стадиялары:
1. Жарық квантының жұтылуы.
2. Энергия алмасудағы ішкімолекулалық процестер.
3. Қозған күйдегі молекулалар арасындағы энергияның тасмалдануы (энергия миграциясы)
4. Алғашқы фотохимиялық акт.
5. Қараңғы (жарық әсерін қажет етпейді) алғашқы фотохимиялық өнімнің түрленуі, тұрақты
өнімнің түзілуімен аяқталуы және т.б. Сонымен, фотобиологиялық
процестің негізгі
стадиялары: фотофизикалық—жарық квантының жұтылуы, фотохимиялық —
молекуланың химиялық түрленуі, физиологиялық — жарық сәулесінің әсерінен ағзадағы
процестің жүруі.
Әдебиеттер:
1.
Көшенов Б.К., Сайбеков Т.С. Медицинская биофизика2014 г.
2.
Сайбеков Т.С. Медицинская биофизика для
Вузов и колледжей, А.: 2014 г.
3.
Ремизов А.Н. Медициналық және биологиялық физика: оқулық / жауапты редактор
Байдуллаева Г.Е., Мәскеу ГЭОТАР-Медиа 2019.
4.
Антонов В.Ф., Козлова Е.К., Черныш А.М. Физика и биофизика:
для студентов
медицинских ВУЗов 2-ое изд., Москва ГЭОТАР-Медиа 2019.
5.
Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика: учебник 4-ое изд., Москва
ГЭОТАР-Медиа 2018.
Бақылау: (cұрақтар, тестер):
1. Люминесценттік сәуле шығару және классфикациясы
2.
Люминесценттік анализ және олардың фармацияда қолданылуы
3.
Фотолюминесценцияның мағынасы. Стокс ережесі.
4.
Фотолюминесценттік кванттық шығу дегеніміз не?
5.
Люминесценттік микроскопияның құрылысы және айырмашылығы неде?
6.
Фотобиологиялық процесстердің алғашқы стадиялары қандай?