Таќырыбы: Люминесценция



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата26.11.2023
өлшемі311,15 Kb.
#128211
  1   2   3


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- 
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
 УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 НУО КАЗАХСТАНСКО 
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 
УНИВЕРСИТЕТ 
 
Тақырыбы: 
Медицинадағы люминесценттік зерттеу әдістері
Мақсаты: 
Биологиялық объектілердің люминесценттік анализін меңгеру. 
Оқытудың міндеті: 
люминесценция түрлерін, пайда болу механизмін білу. 
Биологиялық объектілердегі фотобиологиялық процесстердің ерекшелігін түсіну 
Өткізу формасы:
-
 
Тақырыпты талқылау және өңдеу 
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1.
Люминесценция дегеніміз не? 
2.
Люминесценттік анализдің медико-биологиялық қолданылуы. (фотолюминесценттік)
3.
Люминесценция түрлері 
4.
Фотобиологиялық процесстердің негізгі түрлері 
Үлестірмелі материал: 
карточкада берілген тапсырмалар 
Қысқаша дидактикалық блок: 
Люминесценция дегеніміз жылудың сәуле шығарудан артық, қалған белгілі бір 
температурада денелерден жарық толқындарының периодынан әлдеқайда ұзақ уақыт 
жарық шығару құбылысы. Олардың ұзақтығы екінші реттік сәуле шығарулар. (мысалы, 
шағылу, шашырау)- дан ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл ұсынысты С.И.Вавилов жасаған. 
Люминесценцияны қоздырушы түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі: 
1.зарядталған 
бөлшектердің 
жасайтын 
люминесценциясы 
иондармен 

ионо 
люминесценциясы; 
электродтармен 
– 
катодолюминесценция; 
ядролық 
сәуле 
шығарушымен – радиолюминесценция. 
2.Рентгендік және γ-сәуле шығарудан – рентгенолюминесценция, фотондардан – 
фотолюминесценция. 
3.кристалдарды үйкелеу, қысу және қыздырудан – триболюминесценция, электр өрісінің 
қыздыруынан – электролюминесценция. 
4.экзотермиялық химиялық реакциялардан – хемилюминесценция. 
Кейбір денелерде люминесценция құбылысы қозудан кейін біраз уақыт кешігіп барып 
пайда болады. Бұл құбылысты кешігіп жарықтану деп атайды. 
Люминесценцияны мынандай қасиеттеріне қарай классификациялайды. 
а) атомдар мен молекулаларды қоздырушылардың табиғатына қарай 
б) кешігіп жарықтанудың ұзақтығына қарай 
в) қозу кезіндегі атом ішіндегі өтетін үрдістерге қарай. 
Алғашқы бөлім туралы дәрістің басында айтып өтілді. 
Екінші бөлімде қозу мен жарықталыну бірге жүретін құбылысты – флуоресценция 
деп атайды. Ал ұзақ уақыт, яғни 10
-3
с аз емес, жүретін құбылысты фосфоросценция деп 
атайды. 
Атом ішілік үрдістерге қарай люминесценцияны: а) спонтанды б) еріксіз в) 
рекомбинациялы деп бөледі. 
а) спонтанды люминесценция кезінде сәуле шығару қозуға іле шала жүреді. Қозған 
деңгейден негізгі деңгейге өту бір қадамда (1-сурет а); сатылы (б) болуы мүмкін. 
Алғашқысын резонанстық деп атайды. Соңғысында кейбір сатылар сәуле шығармауы да 
мүмкін (сәуле шығармаушы) (в) көрініс. 
б) кейбір заттарда қозған атомдардың ұзақ уақыт тұрақты қалатын энергетикалық 
деңгейлері болады. Оларды метатұрақты деңгейлер деп атайды. Ондағы атомдарды негізгі 
деңгейге қайтару үшін қандай да бір энергетикалық әсер қажет. Бұл арқылы сәуле шығару 
еріксіз люминесценция делінеді. 
в) газдардағы электрондар мен иондардың, жартылай өткізгіштердегі электрондар мен 
кемтіктердің рекомбинациялық үрдістері кезіндегі люминесценция. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет