2.Жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындық
Интеллектуалдық дайындық мектепте табысты оқудың маңызды, бірақ бірден бір емес алғышарты болып табылады. Баланы мектепке дайындау оның жаңа «әлеуметтік позицияны» (Л.И. Божович) [14] – маңызды міндеттер мен құқықтарға ие, қоғамда мектеп жасына дейінгі балалармен салыстырғанда басқа, ерекше мәртебеге ие оқушының мәртебесін қабылдауға дайындығын қалыптастыруды да талап етеді. Бұл жеке дайындық баланың мектепке, оқу қызметіне, оқытушыларға, өзіне деген қатынасында көрініс табады.
Ерік дайындығы. Мектепке дейінгі жастың өзінде бала пайда болатын қиындықтарды жеңу және өз әрекеттерін қойылған мақсатқа бағындырудың қажеттілігін түсінеді. Бұл оның өзін-өзі саналы түрде бақылауына, ішкі және сыртқы әрекеттерін, танымдық процестерін және жалпы тәртібін басқаруына әкеледі. Бұл мектепке дейінгі жастың өзінде ерік пайда болады деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Әрине, мектеп жасына дейінігі балалардың еріктік әрекеттері өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді: олар қасақана, импульсивті, ситуациялық тілектер мен сезімдердің әсерімен пайда болатын әрекеттермен қатар жүреді.
Мектепке даярлық тобындағы балалардың психологиялық дамуындағы жетекші іс-әрекетін ұйымдастырудың психологиялық негіздері бағытындағы зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.
І. Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі балалардың психологиялық дамуының ерекшеліктеріне байланысты ойын олардың жетекші әрекеті болып табылады.
Жетекші іс-әрекет теориясының авторы Л.С.Выготскийдің айтуынша бала дамуының тұтас процесін үш негізгі жағын бөліп көрсетуге болады:
1) үйрету процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
2) игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
3) жеке адамның жалпы қасиеттерінің, бағыттылығы, іс-әрекеті, сана және ойлаудың психологиялық құрылымының дамуы.
Осы үш бірлестік бала дамуын қамтамасыз ету үшін оның жетекші іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтап алу қажет. Балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, Д.Б. Эльконин, А.Ф.Обухова, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов т.б. көптеген психологтар еңбектерінде мектепке даярлық тобындағы балалардың жеке тұлғалық қасиеттері мен таным процестерінің дамуына олардың іс-әрекеттерінің қосатын үлестерін жан-жақты талдап, мектепке даярлық кезеңдегі балалардың дамуына іс-әрекеттің қосатын үлесі ерекше екенін көрсеткен.
2. Балалардың ойын қызметіндегі жекелеген сәттер ойынның мазмұнын құрайды. Сондықтан олардың ойындары сауда орындарына барып, ондағы қажетті заттарды сатып алу, оны үйге алып келгеннен соң олармен не істе керек екенін қайталау, дәрігерге бару, бала бақшада өз құрбылары және психологлермен қарым-қатынас жасау, сабақ өту, оқу, жазу, сурет салу т.с.с. мағынаға ие бола бастайды. Барлық рөлдік-сюжеттік ойындарды ойнағанда балалар үшін ережелерге бағыну ерекше мағынаға ие болады, сонымен қатар осы ережелердің орындалу дұрыстығын олар қатаң қадағалайды.
Сюжет пен ойын мазмұны рөлде айқын білінеді. Мектепке дейінгілерде рөлдік ойын ережелері бар ойындармен бітіседі. Осылайша ойын өзгеріп мектепке дейінгі жас соңына таман жоғары даму деңгейіне жетеді. Ойынның дамуы екі негізгі фаза немесе кезеңге бөлінеді. Бірнеше кезеңге (3-5 жас) үшін адамдардың шынайы әрекеттерін бейнелеп көрсету тән. Екінші кезеңде (5-7 жас) адамдар арасындағы шынайы қатынастар үлгі болады. Кіші жастағы балалар құрдастарымен қарым–қатысқа түсуге онша көңіл бөлмейді. Д.Б.Элькониннің тұжырымдауынша, кіші жастағы балалар «қатар ойнайды, бірақ бірге қосылып ойнамайды». Бірте–бірте балалар арасындағы қатынас әлдеқайда интенсивті және өнімді бола бастайды. Егер бір себепке байланысты өзара әрекеттегі ойын тарқаса, қатынас процесі де ыдырайды. Курт Левиннің тәжірибесінде мектеп жасына дейінгі балалар тобын ойыншықтары бір бөлмеге алып келді. Ол ойыншықтар жарым–жартылай күйде болатын (телефонның тұтқасы жоқ, қайыққа арналған бассейн жоқ т.б.) Кемшіліктеріне қарамастан, балалар ойыншықтармен құмарын қандырып ойнады. Мектепке дейінгі жаста балалардың назары әдетте заттан адамға қарай ауады.
Заттық әрекеттер дамуға қажетті деңгейден бөлек ойынның туындауы үшін баланың ересектермен қарым-қатынасының түбегейлі өзгеруі керек. Ойын әдетте қалыптасуы жағынан да, мазмұны жағынан да әлеуметтік сипатқа ие болады. Ересектермен толыққанды қарым–қатынас болмаса, ойынның дамуы мүмкін емес. Сонымен, ерте балалық шақ пен мектепке дейінгі жастың арасында ойындардың алғашқы мазмұнды түрлері бала өмірінде пайда болып, ол жетекші рөл атқара бастайды.
3. Ойынмен қатар баланың дамуына үлкен үлес қосатын әрекет – бейнелеу, ерттегі айту және арнайы үйрету, немесе оқыту болып табылады. А.Бандура әлеуметтік үйрету теориясын құрған. Бұл теория бойынша жеке тұлға дамуында «түрткі – жауап реакция» бойынша жүретін процесс төрт аралық актілерден тұрады: Баланың әрекет жасау моделіне зейін салуы. Модельге келесі талаптар қойылады: анықтығы, эмоционалдық әсерлілігі, функционалдық маңыздылығы. Бақылаушының сенсорлық мүмкіншілігі модельдің мән мағынасы түсінуге жеткілікті болуы керек. Модель әсер еткен мәліметті еске сақтауға қабілеттілік. Байқаушының байқалған әрекеттерді қайталауға қажетті қимыл әрекет жасауға мүмкіншліігінің жеткіліктілігі. Көрген нәрсесін қайталауға негіз болатын мотивацияның барлығы. Сонымен, көрген әрекеттер моделі бойынша оны қайта жаңғырту үшін когнитивтік процестердің рөлі өте үлкен екені дәлелденген (зейін қою, жадына сақтау және мотивацияның болуы). Н.П.Сакулина ұзақ уақыт зерттеу нәтижесінде 5 жастан бастап балалардың сурет салу барысындағы мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып оларды екі типке бөлген:
1-тип - жеке заттарды салуға көбірек көңіл бөлетіндер. Олардың сурет салуға икемділігі тез дамиды.
2-тип – сюжетті сурет салатындар. Олар салған суреттерін сөзбен түсіндіріп, барлық әрекеттері ойынға айналады.
Баланың сурет салу процесін ұйымдастыруындағы осы ерекшеліктеріне байланысты Г.Гарднер оларды «коммуникаторлар» және «визуалистер» деп топтастырған. «Коммуникаторлар» сурет салу барысында онда не бейнеленгенін ауызша айтып баяндап отырады да, сурет салу процесі ойынға айналады. Ал «Визуалистер» суретке бар көңілін аударып, қоршағандарға ешқандай көңіл аудармастан, тек суретпен болады. «Коммуникаторлар» немесе, бейнелеу әрекеті барысында сюжеттік-рольдік ойын ұйымдастырушылардың қиялы өте жақсы дамыған және тіл байлығы басқа балалардан әлде қайда озық дамыған болады. Олардың фантазиясының дамуының қарқынды жүретіндігі соншалықта болғандықтан олар суретінің сапасына көңіл бөлмейді. Сурет салу тек өзінің ойын жалғастыруға негіз ретінде пайдаланылады. Сондықтан бұл типтегі балалардың бейнелеуге деген қабілеті төменірек болуы мүмкін. «Визуалистер» салған суретіндегі заттардың барлық қасиеттерін түсіруге тырысады, сурет сапасына үлкен мән береді. Олар суретін әрлеп безендіруге, суретке түскен заттар мен құбылыстардың құрылымдық жағын толық түсіруге ерекше назар аударады.
Балалардың сурет салуындағы осы ерекшеліктерді ескере отырып олардың шығармашылық қабілетін дамытуға үлкендер бағдарлы түрде жетекшілік жасауына болады. Біреулерінің бейнелеу өнеріне беген қабілетін дамытып, ал екіншілерінің жалпы шығармашылық қабілетін, шешендік өнерін, ертегілерге деген қызығушылығын дамытуға мүмкіндік туады.
1. Мектепке даярлық топтағылардың танымдық әрекеттерін бағалау үшін «Контурды сызу», «Мүсін өнері», Мейлидің «Интеллектуалдық талдау тесті», «Не салынғанын тап», «Карточкалармен жүргізілетін» әдістемелер көмегімен психодиагностикалық зерттеулер жүргізілді. Балалардың танымдық әрекеттерін дамыту жұмысын ұйымдастыруға «Түспен ажырату», «Баға беру», «Сандар құрамыз», «Бояуға арналған диктант», «Суреттік диктант», «Геометриялық диктант» т.б. ойындар мен әдістемелер қолданылды.
Мектепалды тобындағыларға психологиялық қызмет көрсету барысында көптеген ойын тренингтерін пайдалануға болады. Олардың көмегімен балалардың таным процестерін дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, жалпы мәліметтілігін жоғарылатуға, тіл байлығын дамытып сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға және болашақ мектеп өміріне адаптациялану қабілетін оятуға мүмкіндік туады. Барлық аталған қасиеттер мектепке даярлықтың жекелік, интеллектуалдық және мотивациялық сипаттарын көрсетеді.
Диссертациялық зерттеу нәтижелерін және ізденіс барысында жинақталған материалдарды білім беру саласында қызмет атқаратын психологтар өз тәжірибесінде пайдалауына болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев әр жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп жасына дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттырып, оны іске асыру мәселесін тапсырады [1].
Қазіргі таңдағы білім беру мен оқытуды ұйымдастыру қазіргі өмір талаптарына сәйкес психологиялық-педогогикалық әдістеменің жаңа түрлерін іздестіруге итермелейді. Осы тұрғысында мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға дайындық және олардың бейімделуі үлкен маңызға ие.
Осы мәселені шешу мектепке дейінгі мекемелердің оқыту мен тәрбие беруде мақсат пен принциппен айқындалады. Сонымен қатар, оның шешімінен кейінгі балаларды мектепте оқытудың сәттілігі де байланысты. Мектепте оқытуға психологиялық дайындықтың негізгі мақсаты болып, мектептік дезадаптацияның алдын-алу табылады.
Осы мақсатты сәтті жүзеге асыру үшін қазіргі таңда мектепке дайын да дайын емес те балалармен индивидуалды жұмыс жасайтын сыныптар ашылуда. Біздің қоғамымыздың алдында мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындауға, тәрбие-білім беру жұмысын жақсарту мәселесі тұр. Осы тапсырманы сәтті шешу үшін психологтан балалардың психологиялық даму деңгейін анықтау, уақытында ауытқушылықтарды анықтап, сол бойынша коррекциялық жұмыс жүргізу талап етеді. Балалардың психикасының даму деңгейін анықтау тәрбие және оқыту жұмысын ұйымдастыру және де бала-бақша шартында тәрбие процесінің эффективтілігінің негізі болып келеді
Л.С.Выготский балалардың жас кезеңдерін олардың жетекші іс-әрекеттің түрі арқылы анықтауды ұсынып, сол кезден бері бұл теория жас психологиясындағы негізгі теориялардың бірі болып келеді. Бұл идеяны дамыта отырып, Д.Б.Эльконин бала іс-әрекетінің типтерін, алмасу заңдылығын ашып, жетекші іс-әрекет түрлерінің әр жас кезеңінде орындайтын функцияларын жүйеге келтірген. Қазіргі кезде балалардың іс-әрекет типтерінің ауысуына байланысты бала психикасы детерминациялық байланыста дамитыны дәлелденді.
А.Н.Леонтьевтың әрекеттік теориясы адамның барлық психологиялық қасиеттері іс-әрекет барысында қалыптасатынын дәлелдеген. А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасы бойынша бала іс-әрекет барысында заттарды пайдалану жолдарын үйреніп, қарым-қатынас жасау құралдарын меңгереді және оның мотивациялық жүйесі іс-тәжірибесіне негізделеді. Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық дамуы ерекшеліктеріне байланысты ойын олардың жетекші әрекеті болып табылады. Мектепке даярлық тобындағы және кіші жастағы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, Д.Б. Эльконин, А.Ф.Обухова, Л.А.Венгер т.б. көптеген психологтар еңбектерінде мектепке даярлық тобындағы балалардың жеке тұлғалық қасиеттері мен таным процестерінің дамуына олардың іс-әрекеттерінің қосатын үлестерін жан-жақты талдап, мектепке даярлық кезеңдегі балалардың танымдық әрекеттерінің және қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына іс-әрекет түрлерінің қосатын үлесі ерекше екенін көрсеткен.
Қазіргі кезде балаларды мектепке қабылдау барысында психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы олардың оқуға даярлығын бағалау және таным процестері мен жеке тұлғалық қасиеттері зерттелінеді. Психодиагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша мектепте оқытуға даярлығы төмен болған балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу балаларға психологиялық қызмет көрсетудің көкейкесті мәселесінің бірі болып отыр. Практикалық психологияда мектепке даярлық тобындағы және мектепке жаңа қабылданған балалардың іс-әрекетінің үйлесімділігі мен таным процестерінің жетілгендігін зерттеуге пайдаланылатын әдістемелер жеткілікті мөлшерде жасалған. Олардың ішінде И.В.Забрамная, Йирасек-Керн, О.И.Мотков , А.Анастази Р.С.Немов, Е.И.Рогов, Р.В.Овчарова , Т.Р.Нұрмұхамбетова т.б. ғалымдар ұсынған әдістемелер көмегімен мектепке қабылдаған балалардыдың таным процестері мен танымдық әрекеттерінің үйлесімділігін бағалап, олардың дамуында кемістіктер анықталған жағдайда балалармен неше түрлі түзету және дамыту жұмыстарын арнайы әдістемелер көмегімен жүргізуге болады.
Қорыта айтқанда, бала дамуын талаптарға сай жүргізудің ең тиімді жолы – олардың жетекші іс-әрекеттерінің барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану болып келеді.
Психолог жұмыстың техникасын таңдауы ол оның теориялық бiлiмiне және топтың құрылымына тiкелей байланысты болады. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, топтық арттерапия ауруханалық жағдайларда үнсiздiкке берiлген пациенттермен жұмыс жүргiзуден басталған. Терапия барысында пациенттер өзге пациенттердiң шығармаларына қызығушылықпен қарай бастаған. Осы қызығушылықтардың арқасында бiр-бiрiмен сөйлесулерi көрiне бастаған. Невроз ауруына шалдыққан адамдар өте өз сөздерiне ұстамды әрi талдағыш болып келедi. Олар өз мүсiндерiн жасағанда немесе краскаға батырылған қолдарымен мүсiндердi бояп, краскамен өздерiн жауып тастаған кезде, олар өздерiнiң қорғаныстарын ашып көрсетедi. Ал шизофрения ауруына шалдыққан адамдарда өзiндiк позитивтi iшкi «Менiн» көрсетуi үшiн артпсихологтер оларға сыртқы қоршаған ортаны, портреттердi салуларын ұсынады. Бұл суреттер олардың үрейленулерiнiң деңгейiн төмендетедi.
Топтық арттерапияның бiрден-бiр танымал түрi – ол бiрлесiп сурет салу. Әрбiр қатысушы жалпы бiр қағазда немесе тақтада өз ойларына не келедi соны бейнелейдi. Қатысушыларға өздерi жасаған бейнелерге комментарий жасаулары ұсынылады, ал психолог болса, қатысушылар арасындағы контактiлердi ретке келтiруге көмектеседi.
Достарыңызбен бөлісу: |