ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы айтқанда, осындай жағдайларға байланысты мектепалды даярлықтағы балалардың бойындағы оқушы болу ықыласын, маңызды әрекеттерді орындауын, оқуды бала ерік-жігер қасиетінің дамуының жеткілікті дәрежесін, кейбір арнайы білімдер мен дағдыларды игеруді және оқып, жаза білуін, санауды, математикалық есептерді шығаруды, баланың таным әрекеттерінің және танымдық қызығушылығының даму дәрежесін, сонымен бірге ойлау қабілеттері, мектептегі оқуға ұсынылған жоғарғы талаптарға сай болуын, сөйлеудің дамуын, айналасындағыларға байланыстырып, жүйелендіріп және түсінікті етіп, заттарды, суреттерді, оқиғаларды және т.б. игеріп алу ептілігін, баланың жалпы әрекетке кірісуін, сынып ұжымына үйренуін және сыныпта өз орнын таба алатын баланың жеке басының қасиеттерін жүріс-тұрысының әлеуметтік мотивтерін, жүріс-тұрысын игеру ережелерін және т.б. жатқыза аламыз.
Баланың мектепке бейімделуіндегі қиындықтың бірі оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтіретін танымдық үдерістердің төмен деңгейде болуынан туындайды. Бала мектепке келгеннен психолог танымдық үдерістердің даму деңгейін анықтайды.
Мектепке бару – бала өміріндегі маңызды оқиға. Мектепте оқу баладан дайындықты талап ететін қиын еңбек. Мектеп болашақ бірінші сынып оқушысына өз мінез құлқын, ерік-жігерін басқару, ережеге бағыну, ортаға бейімделу секілді көптеген талаптар қояды. Сонымен қатар, бала мектепке психологиялық тұрғыдан да дайын болуы керек. Осыдан барып мектептегі даярлық топтарында қандай қиындықтар туады деген сұрақ ойға келеді.
Ұлы педагог : «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды», - дейді. Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек деген дана педагогикалық шындықты әр кез есте сақтау қажет.мектепте дейінгі жаста оқытуды «Қандай да болмасын ғылымға дейінгі ғылым» деген
Достарыңызбен бөлісу: |