Тақырыбы: Мектепке даярлық тобының жетекші іс-әрекетін ұйымдастырудың психологиялық негіздері


Мектепке даярлығы төмен балаларға психологиялық қызмет көрсету жолдары



бет6/8
Дата02.05.2022
өлшемі104,38 Kb.
#33038
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мектепке даярлық тобының жетекші іс-әрекетін ұйымдастырудың психологиялық негіздері

2.2 Мектепке даярлығы төмен балаларға психологиялық қызмет көрсету жолдары

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев әр жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп жасына дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттырып, оны іске асыру мәселесін тапсырады

Қазіргі таңдағы білім беру мен оқытуды ұйымдастыру қазіргі өмір талаптарына сәйкес психологиялық-педогогикалық әдістеменің жаңа түрлерін іздестіруге итермелейді. Осы тұрғысында мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға дайындық және олардың бейімделуі үлкен маңызға ие.

Осы мәселені шешу мектепке дейінгі мекемелердің оқыту мен тәрбие беруде мақсат пен принциппен айқындалады. Сонымен қатар, оның шешімінен кейінгі балаларды мектепте оқытудың сәттілігі де байланысты. Мектепте оқытуға психологиялық дайындықтың негізгі мақсаты болып, мектептік дезадаптацияның алдын-алу табылады.

Осы мақсатты сәтті жүзеге асыру үшін қазіргі таңда мектепке дайын да дайын емес те балалармен индивидуалды жұмыс жасайтын сыныптар ашылуда. Біздің қоғамымыздың алдында мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындауға, тәрбие-білім беру жұмысын жақсарту мәселесі тұр. Осы тапсырманы сәтті шешу үшін психологтан балалардың психологиялық даму деңгейін анықтау, уақытында ауытқушылықтарды анықтап, сол бойынша коррекциялық жұмыс жүргізу талап етеді. Балалардың психикасының даму деңгейін анықтау тәрбие және оқыту жұмысын ұйымдастыру және де бала-бақша шартында тәрбие процесінің эффективтілігінің негізі болып келеді

Л.С.Выготский балалардың жас кезеңдерін олардың  жетекші іс-әрекеттің түрі арқылы анықтауды ұсынып, сол кезден бері бұл теория жас  психологиясындағы негізгі теориялардың бірі болып келеді. Бұл идеяны дамыта отырып, Д.Б.Эльконин бала іс-әрекетінің типтерін, алмасу заңдылығын ашып, жетекші іс-әрекет түрлерінің әр жас кезеңінде орындайтын функцияларын жүйеге келтірген. Қазіргі кезде балалардың іс-әрекет типтерінің ауысуына байланысты бала психикасы детерминациялық байланыста дамитыны дәлелденді.

А.Н.Леонтьевтың әрекеттік теориясы адамның барлық психологиялық қасиеттері іс-әрекет барысында қалыптасатынын дәлелдеген. А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасы бойынша бала іс-әрекет барысында заттарды пайдалану жолдарын үйреніп, қарым-қатынас жасау құралдарын меңгереді және оның мотивациялық жүйесі іс-тәжірибесіне негізделеді. Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық дамуы ерекшеліктеріне байланысты ойын олардың жетекші әрекеті болып табылады. Мектепке даярлық тобындағы және кіші жастағы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Ж.Пиаже Л.С.Выготский , Л.И.Божович , Д.Б. Эльконин, А.Ф.Обухова  Л.А.Венгерт.б. көптеген психологтар еңбектерінде мектепке даярлық тобындағы балалардың жеке тұлғалық қасиеттері мен таным процестерінің дамуына олардың іс-әрекеттерінің қосатын үлестерін жан-жақты талдап, мектепке даярлық кезеңдегі балалардың танымдық әрекеттерінің және қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына іс-әрекет түрлерінің қосатын үлесі ерекше екенін көрсеткен.

Қазіргі кезде балаларды мектепке қабылдау барысында психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы олардың оқуға даярлығын бағалау және таным процестері мен жеке тұлғалық қасиеттері зерттелінеді. Психодиагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша мектепте оқытуға даярлығы төмен болған балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу балаларға психологиялық қызмет көрсетудің көкейкесті мәселесінің бірі болып отыр. Практикалық психологияда мектепке даярлық тобындағы және мектепке жаңа қабылданған балалардың іс-әрекетінің үйлесімділігі мен таным процестерінің жетілгендігін зерттеуге пайдаланылатын әдістемелер жеткілікті мөлшерде жасалған. Олардың ішінде И.В.Забрамная , Йирасек-Керн , О.И.Мотков , А.Анастази , Р.С.Немов , Е.И.Рогов , Р.В.Овчарова, Т.Р.Нұрмұхамбетова т.б. ғалымдар ұсынған әдістемелер көмегімен мектепке қабылдаған балалардыдың таным процестері мен танымдық әрекеттерінің үйлесімділігін бағалап, олардың дамуында кемістіктер анықталған жағдайда балалармен неше түрлі түзету және дамыту жұмыстарын арнайы әдістемелер көмегімен жүргізуге болады.

Қорыта айтқанда, бала дамуын талаптарға сай жүргізудің ең тиімді жолы – олардың жетекші іс-әрекеттерінің барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану болып келеді.

Психолог жұмыстың техникасын таңдауы ол оның теориялық бiлiмiне және топтың құрылымына тiкелей байланысты болады. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, топтық арттерапия ауруханалық жағдайларда үнсiздiкке берiлген пациенттермен жұмыс жүргiзуден басталған.

Терапия барысында пациенттер өзге пациенттердiң шығармаларына қызығушылықпен қарай бастаған. Осы қызығушылықтардың арқасында бiр-бiрiмен сөйлесулерi көрiне бастаған. Невроз ауруына шалдыққан адамдар өте өз сөздерiне ұстамды әрi талдағыш болып келедi. Олар өз мүсiндерiн жасағанда немесе краскаға батырылған қолдарымен мүсiндердi бояп, краскамен өздерiн жауып тастаған кезде, олар өздерiнiң қорғаныстарын ашып көрсетедi. Ал шизофрения ауруына шалдыққан адамдарда өзiндiк позитивтi iшкi «Менiн»  көрсетуi үшiн артпсихологтер оларға сыртқы қоршаған ортаны, портреттердi салуларын ұсынады. Бұл суреттер олардың үрейленулерiнiң деңгейiн төмендетедi.

Топтық арттерапияның бiрден-бiр танымал түрi – ол бiрлесiп сурет салу. Әрбiр қатысушы жалпы бiр қағазда немесе тақтада өз ойларына не келедi соны бейнелейдi.

Қатысушыларға өздерi жасаған бейнелерге комментарий жасаулары ұсынылады, ал психолог болса, қатысушылар арасындағы контактiлердi ретке келтiруге көмектеседi.

Қоғамдағы түрлі құбылыстардың адам психикасына əсері олардың психикалық жай-күйін, дамуын, қалыптасуын, қоғамдағы орнын анықтауды жəне бағыттауды қажет етеді. Бұл тұрғыда, адам қоғамына қызмет етуші болашақ педагог-психолог мамандарды кəсіби даярлау мəселесіне ерекше назар аударылады.

Болашақ педагог-психологтар тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған педагогикалық, психологиялық үдерісті ұйымдастыру, стандартталған нұсқауларды пайдаланып, педагогикалықпсихологиялық диагностика жүргізу, алғашқы нəтижелерді өңдеу, ауытқушылық түрін анықтау үшін арнайы диагностика жүргізу, арнайы əдістемелерді пайдаланып əртүрлі жастағы балаларға психологиялық тексеру жүргізу, алғашқы нəтижелерді өңдеу жəне психологиялық қорытынды жасай білу, білім беру ұйымдарында психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу сияқты қызмет түрлерін ұйымдастыра білетін маман ретінде дайындалады. Осы мазмұнындағы қызметті ұйымдастыруда теориялық білім жəне практикалық дайындықты қамтамасыз ететін психологиялық циклдегі пəндерді оқытудың бір саласы

«Психологиялықпедагогикалық диагностика» оқыту пəні. Бұл пəнді оқыту барысында студенттер психодиагностика саласының қалыптасу тарихымен, психологиялық тестілеу қағидаларымен, психодигогностикалық əдістермен жəне əдістемелермен танысып, ғылыми теориялық білімді меңгереді, практикалық іскерліктері мен дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі психолог қызметінің мазмұнымен жəне ұйымдастырылу бағытымен танысады. Лабораториялық сабақтарда жалпы, балалар, жас ерекшелік психологиясы пəндері бойынша берілген білімді жүйелеу, тереңдету, нақтылау міндеттері шешіледі.

«Психологиялық-педагогикалық диагностика» пəнін оқыту мақсаты: - болашақ педагог-психолог мамандардың теориялық жəне практикалық дайындықтарын жүзеге асыру; 4 -тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық əдістерді қолдануға үйрету; - педагогика жəне психология ғылымындағы өзекті мəселелерді зерттеуге бағытталған ғылыми іс-əрекетті меңгерту; - маманның практикалық дайындығын жəне кəсіби дағдыларын игеру.

Ұсынылып отырған оқу құралы 5В010300-Педагогика жəне психология мамандығының ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартының мазмұны негізінде «Психологиялықпедагогикалық жеке адам диагностикасы» оқу пəнінің типтік бағдарламасына сəйкестендірілген. Əрбір бөлім арнайы тараулардан, оның соңында берілген студенттердің өзіндік жұмысына тапсырмалар мен сұрақтар жəне ұсынылған əдебиеттер тізімінен құралады. Оқу құралын ұсынудағы басты мақсат – практикалық психология қызметін қазақ тілінде ұйымдастыруды мүмкіндігінше қамтамасыз ету

Психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасуын көрнекті ғалым С. М. Жақыповтың зерттеулерінде қарастырылған əлемдік психологияның даму тарихының екі кезеңімен бөліп талдауға болады. Бірінші кезең, басқа ғылымдар аясында психология ілімінің біздің дəуірімізге дейінгі IV-V ғ.ғ. - XIX ғ-дың 60-шыжылдарықалыптасуы. Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылды. Философиялық ілім тарихындағы Аристотель зерттеулері психология бағытын да (348- 322) кеңінен қамтыды. Осынау сан ғасырлық ауқымды кезеңге əр кезде өмір сүрген ғалымдар, атап айтқанда, Герофил, Эразистарт, Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбниц, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалардың адам жан дүниесінің қыры мен сыры туралы небір сындарлы пікірлерін тарихи дерек көздеріндегі алғашқы еңбектерге жатқызуға болады. Мəселен, Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында» жан тəннің өмір сүруінің формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процестерге бөлінетіндігінін айтса, келесі грек ғұламасы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үлкен қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді. Сонымен қатар, ежелгі Грек философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклиттің түсіндіруі бойынша барлық əлем оттан пайда болады, «жан» ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді.

Ал ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді. Ал француз ғалымы Рене Декарт, (1596-1650) жануар сыртқы ортаның əсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы енеді десе, ал Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы 12 (аффект, құмарлық жəне т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан. Шығыс əлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Əбу Нəсір əл-Фараби (870-950) мен Əбу Əли ибн Сина (980-1037). Ж. Баласағұн, əл-Ғазали, Ибн Рашид, Ита Баджа, т.б. қостаған. Екінші кезең, психология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан қазіргі кезеңге дейін қалыптасады. 1870 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-жабдықтар мен аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дəлелдеп, мұның дербес эксперименттік (тəжірибелік) ғылым болуына жол ашты. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында атақты психолог Г. Эббингауз психология тарихына қысқаша жəне нақты анықтама берген.

Ол психология ғылымының зерттеу пəні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму кезеңдерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде – психология жан туралы ғылым, екінші кезеңде сана туралы ғылым, үшінші кезеңде – мінезқұлық туралы ғылым, төртінші кезеңде – психика туралы ғылым болып қалыптасады.

Осы заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың I ширегінен басталады, яғни алғашқы кезеңде психологиялық білімдер клиникалық негізде қалыптасты. Бұл кезең дəрігерлердің адамдар туралы эмпирикалық психологияның білім негізінде айнала бастауына негізделеді. Дəрігер психиаторлар Европа клиникаларында жеке адамға жүйелі бақылау жүргізе бастады жəне өз бақылауларын қорытындылап, оның жан-жақты талдауларын жасады. Психодиагностиканың бақылау жүргізу құжаттары туралы əдісі осы кезеңдерде пайда болды.

Психодиагностиканың сандық əдісінің құрылу бастамасын XIX ғасырдың II ширегінен санауға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы Вильгельм Вундтың басшылығымен əлемде бірінші эксперименталдық лаборатория құрылды. Онда психологиялық зерттеуді нақты ұйымдастыру мақсатында техникалық жабдықтар мен құралдар қолданыла бастады. Бұл кезеңде физикалық жəне психикалық құбылыстар арасындағы сандық байланыс көрсетіліп, амалдарды құруды көздеген психофизиологиялық заңның ашылуына негізделді. Негізгі психофизиологиялық заң психологиялық құбылыстарды 13 өлшеуге мүмкіндік туғызады жəне бұл түйсікті өлшеу үшін субъекті шкаланың құрылуына əкелді. Бұл заңмен сəйкес өлшеу объектісінің негізі адамның түйсігі болды жəне XIX ғасырдың аяғына дейін практикалық психодиагностика түйсікті өлшеумен шектелді. Негізгі психологиялық процестерге, қасиеттерге жəне адамның күйіне жанасатын психодиагностиканың қазіргі əдістерінің қалыптаса бастау кезеңін XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы деп қарастырамыз. Психологиялық қызмет орталықтары əртүрлі мемлекеттерде құрылған арнайы лабораториялар болып табылды. Оның ішінде, бірінші басымдылық неміс университетіне берілді. Бірақ Ресей, АҚШ, Англия жəне Италия мемлекеттерінде де диагностикалық зерттеулер кеңінен ұйымдастырыла бастады. Осы кезеңде психологиялық құбылыстардың сандық психодиагностикасы үшін арнайы амалдар құрыла бастады. Мысалы, талдау факторы – алғаш ретжеке тұлғаның кескін психодиагностикасы үшін жəне интеллектуалды даму деңгейі үшін қолданылады. Алғаш рет арнайы психометриялық мекеме Англияда Гальтонның көмегімен құрылды. Осы психометриялық эксперимент он мыңға жуық адамға жасалды.

Психология тарихында Гальтон жүргізген психологиялық əдістемелердің өңделуінде статистикалық əдісті қолдану ұсынылса, Пирсонның дисперсиялық талдауы, Спирменнің интеллектіні шынайы түрде өлшеуге бағытталған əдістемелері өміршеңдігін дəлелдей бастады. Ал Айзенк жəне Кэттел жеке тұлға интеллектісін зерттеу тестерін өңдеуде факторлы талдауды қолдана бастады. Француз ғалымы 1905-1907 жылдары Альфред Бине кейінірек француз ғалымы Симон бұл тесттерді жетілдіріп, психология тарихына Бине-Симон тесті атауымен енгізді. XX ғасырдың 20 жылдарында жаңа бағыт интеллектілік жəне жеке тұлғаны тестілеу пайда болды. Ф. Гальтон лабароториясында қолданылған тесттерді ауқымды түрде құрастыра бастады. Мысалы, ұзындықты көзбен айыруға арналған Гальтон сызғышы, дауыс биіктігін қабылдау шегін анықтауға арналған Гальтон ысқырығы жəне сенсорлық айырмашылықтар тестін адам интеллектісін бағалау құралы ретінде қарайтын құралдар. Мұнда ол Локк ілімдері негізінде идиопатия кезінде адамның жылы, суық, ауруды айыру қабілеті бұзылатынын дəлелдеуге ұмтылды.

Сонымен қатар, бақылауда «интеллектуалды дарындыларда сенсорлық айыру қабілеті өте жоғары болуы керектігіне» көз жеткізді. Гальтон бағалау шкаласын, сауалнама жүргізу, тəуелсіз ассоциациялар техникасы 14 жəне математикалық статистика əдісінде осы кезеңдерде алғаш рет қолданған болатын. Ол математикалық дайындығы нашар зерттелушілерге ақыл-ойды дамытушы тапсырмалар беру арқылы қызығушылығын тудыра отырып, еркін орындау мүмкіндіктерін берді. Сол кездері Гальтонның ассоциативті эксперименті белгілі бола бастады. Тəжірибиенің мазмұны мен өткізілу барысына тоқталар болсақ, ол 75 сөзден тұратын тізімді құрады. Зерттелуші секундомерге қарай отырып сөздерді бір қайтара оқып шығып, оны жасыру арқылы сол сөздің мағынасына келетін ассоциациялық сөздерді тізеді. Бұл зерттелушілердің сөйлеу ассоциациясын шынайы түрде құруға мүмкіндік береді. Кейіннен бұл əдісті неміс психиатры

Эббингауз эксперименталды психологияда есті тəжірибелік түрде зерттеу еңбегінде қолданған болатын. Психодиагнгостика тарихындағы мұндай эксперименталды жəне математикалық əдістер дифференциалды психологияның пайда болуына өзіндік себебін тигізді. Осы əдістер топ құрамындағы адамдардың жеке айырмашылықтарын айқын көруге мүмкіндік берді. Эббингауз өзінің есте сақтау туралы еңбектерінде оқылған материалдың толық сақталуын, есіне түсуін қамтитын, математикалық заңдылықтарды анықтау тəжірибелерін жинақтады. Ол адамдардың ассоциациясын туғызбайтын тітіркендіру қасиетін ескерді. Эббингауз психология ғылымының тарихында алғаш рет тəжірибе жүргізуде сандық талдау қорытындыларының өзіндік психикалық объективтік заңдылықтарын ашты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет