Тақырыбы: «Өнер білім бар жұрттар!» атты сабақтан тыс іс-шара челлендж Мақсаты



бет3/3
Дата30.10.2022
өлшемі24,95 Kb.
#46228
түріСабақ
1   2   3
Өнер-білім бар жұрттар
Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
«Ақымақ дос» әңгімесі
Бір мырза орманнан бір аю баласын ұстап алып, үйіне алып келіп, сонша жақсы күтіп асырапты. Бір күндерде мырза қатты ауырып, бір айдай төсектен тұрмай жатып, сол уақытта аюды да қараған кісі болмай, бұл да қатты жүдеп зарығыпты. Аурудан аз-ғана тәуір болған соң, мырза бір күні далада, есік алдына отырып, күннің жылысымен маужырап қалғиды, бірақ маңдайына, бетіне шыбын қонып, шыдатпайды. Соның бәрін де манағы аю көріп отыр екен. Мырзаға тыныштық бермегені үшін шыбынға қатты кейіді. Сөйтіп, аю ыза бола тұра жұлқып кеткенде шынжыры үзіліп кетіп, жүгіріп барды да, мырзаның бетіне табанымен салып келіп кеткенде, мырза қалпақтай ұшып, сол жерде-ақ жан тапсырды дейді.
Бұл іс Дәуіт пайғамбардың заманында болған екен. Аюды халық пайғамбарға сүйретіп алып барды, бұған қалайынша жаза береміз деп.
Әзірет Дәуіт аюдан сұрады:
Не себептен қожаңды өлтірдің?
Аю жылап айтты дейді:
Қожам мені баласындай күтіп, асыраушы еді, ол ауырған уақытта мені күткен кісі болмай, қожамның жазылуын тілеп зарықтым. Бүгін сол аурудан тәуірірек болып, қожамның далаға шыққанына қуанып қарап тұрғанымда, мырза есік алдына отырып, қалғиын деп еді, шыбындар тыныштық бермеді. Соған ашуым келіп ұрғанымда қожам, не себептен екенін білмедім, өліп қалды. Мен қожама қастық ойламадым, шыбынды қырайын деп едім, — деді.
Қарға мен түлкі
Ашылып түлкі жүрді жапандарда,
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға...
Ешнәрсені көре алмай келе жатса,
Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.
Жүгіріп түлкі соған жетіп келді,
Қарға ағаштың басында мұны көрді.
Тістегені аузында тәтті ірімшік,
Оны көріп түлкі - екең сөйлей берді.
«Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын.
Сырттан халқаң тілейді барша халқың.
Қарға әніңдей әуез жоқ деп.
Осылайшы шығады сыртқа даңқың.
Сандуғаш, бұлбылдарды көріп едім,
Жүзіңді бір көруге келіп едім,
Даусыңды бір шығаршы шаттанайын,
Сырттан асық болғаннан өліп едім».
Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып,
Екі көзін қарғаға қылмаңдатып.
«Қарға тақсыр, көз жасым көріңіз»,- деп,
Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып.
Масаттанып бұл қарға сілкінеді,
Ішін тартып миықтан бір күледі.
«Арып - ашып алыстан келген шығар,
Көңілі тынып кетсінші, шіркін», - деді.
Мақтау сөзге семіріп, судай тасып,
Пәрменінше « қарқ » етті аузын ашып;
Қарқ еткенде, ірімшік жерге түсіп,
Оны кетті түлкі - екең алды қашып.
Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов.
(білім шырағын жағу)


Алтынсарин – қазақтың жарық шамы,
Ойлағаны аяулы халық қамы.
Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,
Алтынсарин – елімнің алтын бағы.
Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,
Үлгі болып алдыңнан жолығады.
Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды
Алтынсарин – даланың қоңырауы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет