Антипеллагралық дәрумен. 1937 жылы Эльвегей бауыр сығындасынан бөліп алған. Никотин қышқылы карбоксильді тобы бар пиридиндік қатардың қосылысы никотинамид оның амиді.
Биологиялық белсенді түрі никотинамидадениндинуклеотид (НАД) және никотинамидадениндинуклеотидфосфат (НАДФ*Н+). Олар тотыққан субстраттан флавопротеидке протондар мен электрондарды тасымалдайды көптеген дегидрогеназа ферменттері болып саналады.
Н дәрумені – биотин.
Н дәрумені – биотин.
Антисеборейлық дәрумен. 1935 жылы жұмыртқаның саруызынан бөліп алынған. Биотиннің молекуласы – молекуланың гетероциклдық бөлімін құрайтын имидазол мен тиофен сақинасынан, ал бүйір тізбегі валериан қышқылынан тұрады.
биотин
Биотин кофермент ретінде екі түрлі реакцияны катализдеуші ферменттер құрамына кіреді.
Антискорбуттық дәрумен. С дәрумені (аскорбин қышқылы, антискорубтық дәрумен). Химиялық құрылысы бойынша аскорбин қышқылы L- глюкозаның құрылысына жақын қышқылдың лактоны болып табылады.
В6 дәрумені (антидерматитті)-пиридоксин.
В6 дәрумені (антидерматитті)-пиридоксин.
Антидерматиттік дәрумен. 1934 жылы Дьерди ашқан. В6 термині дәрумендік қабілеті бар 3 –оксипиридиннің үш туындысы: пиродиксин (пиродоксол), пиридоксаль және пиридоксаминге қолданады.
В12 дәрумені (антианемиялық)
В12 дәрумені - кобаламин. Антианемиялық дәрумен. 1948 жылы кристалды түрде бауырдан бөліп алған. В12 дәруменін кейде цианокобаламин деп атайды. Себебі: молекуласы коррин ядросын түзетін төрт тотықсызданған пирролды сақинаның азот атомымен, 5-6 диметилбензимидазолдың азотымен және цианид-атомымен байланысқан орталық үш валентті кобальт атомынан тұрады. Сонымен қатар, В12 дәруменінде CN- тобының орнына ОН-тобы (оксикобаламин), хлор (хлоркобаламин), Н2О (аквокобаламин) және азот қышқылы (нитрокобаламин) сияқты туындылары болады.