2 – қатар: 50
Қазақ халқының сот жүйесін кімдер басқарған? (Билер)
3- қатар: 30
Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады?
3- қатар : 40
Ата заң не үшін қызмет етеді? (Әр адам құқығын қорғауға)
3- қатар: 50
Қазақстан Конституциясы неше бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлімнен, 98 баптан)
6- бөлім «Ойды аяқтау» (ой жалғау) Ұрлық түбі ...(қорлық)
Біреуге ор қазба....(өзің түсесің)
Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
Өтірікшінің құйрығы .... (бір- ақ тұтам)
Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
Еңбек түбі...(зейнет)
Ақырын жүріп...(анық бас)
Қазіргі сот – бұрынғы...(би)
Мен.... қылған күні ай жарық болады (ұрлық)
Жазасын тартпайтын ... (жамандық болмайды)
7 – бөлім: «Ойлан, тап» Топ басшыларына сұрақ
«Құқық» тобына «Бөбек» қорының президенті кім? (Сара Алпысқызы)
Бірінші маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
Неше жасқа толмаған адам бала болып есептелінеді? (18 жас)
Қылмыстық жауапкешілік басталатын жас шамасы? (14 - 16)
Адвокат сөзінің қазақшасы? (Қорғаушы)
«Азамат» тобына Конституция күні (30 тамыз)
«Жеті жарғы» қай хан тұсында шықты? (Тәуке хан)
Еліміздегі неке жасы? (18)
Қазақстан Республикасын кім басқарады? (Президент)
«Указ» сөзінің қазақшасы (жарлық)
Қорытынды: Батырдың қорғаны қалқан болса, біздің қорғанымыз – Ата заңымыз.
Бауыржан Момышұлының «Азамат жолы – ар жолы » деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өзгенің құқығын бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды ұл – қызы болып өсейік.
Қорытынды бөлімде екі топтың білімдері бағаланып, озаттары марапатталады.