1.3. Сақтандырудың қаржылық тұрақтылығы Қазақстандағы сақтандыру нарығының тұрақты дамуы үшін сақтандырушылардың қаржылық тұрлаулы жай – күйін қамтамасыз ету маңызды болып саналады.
Сақтандырушыларға сақтанушылар алдындағы өз міндеттерінің мерзімі мен мөлшері белгілі болса да, сақтандыру қызметінде компанияның міндеттемелері бойынша жай төлеу қабілеті емес, қайта кез- келген қолайсыз жағдайларда оларды орындау мәнді болып табылады. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрлаулы күйі қолайсыз кезеңдерге тап болса да, экономикалық жай – жансар өзгеріп жатса да, сақтандыру келісімен қабылданған міндеттемелерді орындау қабілеті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Сақтандыру туралы» Жарлығында «сақтандырушылардың қаржылық тұрлаулы күйінің негізіне жарғылық қордың төленуі, сақтандыру резервтері, сақтандыру және қайта сақтандыру жүйесі жатады» делінген.
Отандық тәжірибеде қолданылып жүрген «Сақтандырушының өз қаражаттары» деген түсінік тым қарама қайшы және белгілі бір пысықтауды талап етеді. «Сақтандыру туралы» Жарлықтың 38 – бабында былайша анықталған: «сақтандырушының өз қаражаттарына ақша қаражаттары ішінде жарғылық қордың, сақтандыру резервтерінің қаражаттары, негізгі қорлар және заңды тұлға ретіндегі сақтандырушының айналымдық қаражаттары жатады».
Біздің көзқарасымызша, мұндай қағида кәсіпорынның өз капиталын анықтау кезінде бүкіләлемдік тәжірибеге мүлдем сәйкес келмейді. Мәселен, жалпы белгілі баланстық тепе – теңдікке сүйенсек:
Активтер = Міндеттемелер + Өзіндік капитал. Осыдан мыналарды табамыз:
Активтер – Міндеттемелер = Өзіндік капитал.
Мұнда, активтер деп сақтандырушының негізгі қаражат, материал, ақша қаражаттары, сондай – ақ қаржылық салымдар түріндегі мүліктерді айтамыз.
Міндеттемелер сақтандырушының және заңды тұлғалар алдындағы берешекті сипаттайды. Міндеттемелерге сақтандыру резервтері. Қарыздар мен банк несиелері, болатын шығындар мен төлемдердің резервтері т.б. кіреді.
Сақтандырушының өзіндік қаражаттарының негізгі түзілімі – жарғылық қор.
Жарғылық қор – сақтандырушының қызметін қаржыландыруға арналған және сақтандыру резервтерінің қаражаттары мен сақтандыру төлемдерінің ағымдық түсімдерінің жеткіліксіз кезінде сақтандыру қайтарымдарын төлеу үшін қолданылады. Алғашқы капиталдың зор көлемі сақтандыру ұйымына өзінің нарықтағы тәртібін сенімдірек
жоспарлауға, жеткілікті ірі операцияларды атқаруға, сөйтіп бәсекелестік сайыста төтеп беруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты біздің республикада қаржылық қордың төменгі мөлшері заңды түрде талап деңгейі 40 мың ең аз есептік көрсеткіштерге дейін (300 мың доллар) көтерілді.
Жарғылық қордң мөлшері бойынша отандық сақтандыру ұйымдары әжептәуір нығайды. Егер 1994 жылы жарғылық қор 33476 мың теңгені құраса, одан бір сақтандыру компаниясына орташа есеппен 1521,6 мың теңгеден келсе, 1996 жылы бұл көрсеткіштер 768099,5 мың және 14492,4 мың теңгеге жетті. Сонымен 1996 жылы сақтандыру компаниясы орташа есеппен 9,5 еселік жарғылық қорды иеленді.
Кесте 3
Жылдар
Сақтандыру компания-ң саны, барлығы
жарғылық
2000-ға дейін
Қор
2001-ден 5000-ға дейін
Мөлшері
5001-ден 10000-ға дейін
(млн,теңге)
10000-нан 20000-ға дейін
20000-нан жоғары
1994
1995
1996
22
53
53
12
6
6
9
34
2
1
7
9
—
3
29
—
3
7
Кестеден көретініміз: 1994 жылы сақтандырушылардың 50 пайыздан астамы 2 млн теңгеге дейін жарғылық қорды иеленген, ал 1995 және 1996 жылы олардың жалпы санының тек 11% ғана. 1996 жылы сақтандырушылардың негізгі бөлігі өздерінің жарғылық қорларын 10 млн теңгеден асырды, сонда бұл жаңа заң талаптарына байланысты жеткіліксіз болды. Бұл көрсеткіш бойынша «Сенім» (84,7 млн тг) және Қазақинстрах (76,3 млн тг) сақтандыру компаниялары көшбасшы болып табылады.
Қазақстандық сақтандырушылар жарғылық қорының абсалюттік мөлшерінің осындай өсу үрдісі ең ақырында олардың қаржылық бекемділігін қамтамасыз етуге және тұтастай алғанда сақтандыру нарығын дамытуға оңтайлы әсерін тигізді.
Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін келесі тетіктің бірі – сақтандыру резервтері. «Сақтандыру туралы» Жарлығының 37 – бабы «сақтандыру резервтері сақтандырушының сақтандыру келісімі бойынша тек өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге арналған» деп белгілейді. 1995 жылы сақтандыру ұйымдары 572,2 млн теңге сақтандыру резервтерін түзеді, ал 1996 жылы бұл 1017,9 млн тенгеге, яғни 1,8 есеге жетті. Бұл оларға 1995 ж. 24,5 млрд, ал 1996 жылы 212,4 млрд теңге мөлшерде сақтандыру жауапкершілігін қабылдауға мүмкіндік береді.
Сақтандыру резервтерінің көздеріне республикадағы заңдар жиынтығына сәйкес тек сақтандыру төлемдерінен 25 және 90 % ақша аударымдары жатады. Мұнда сақтандыру резервтерінің 2 түрін ажыратуға болады: сақтандырудың тәуекелділік және жинақтау бойындағы. Сақтандыру резервтерін осылайша түзілдіру әдісі мейлінше қарапайым. Оның көмегімен сақтандырушылар қорытындылары қаржылық нәтижені өз бағамдауы бойынша түзілдіруге мүмкіндігі бар. Мәселен, сақтандыру резервтеріне деген ақша аудару мөлшерін реттей отырып, сақтандыру ұйымы нөлдік немесе теріс нәтижеге шығады, сөйтіп бюджетке салықтық аударулар қажеттігінен құтылады.
Сақтандыру резервтерін есептеудің проценттік аудару тәсілі біздің республикада тек сақтандыру жүйесінің тұрақтылығын сырт көзге жай байқатады, ал шындығында сақтандырушылардың төлем қабілетін кепілдемейді және де нарықтық экономикалы елдерде резервтерді түзілдірудің әдістеріне қарама – қайшы келеді.
Шет елдерде қабылданған сақтандыру резервтерін түзілдіру нұсқасына қарағанда сақтандырушының әрбір міндетіне түрі сақтандыру резервтерінің тиісті түрімен өтеледі. Атап айтқанда, өмірді сақтандырғанда іс – қимылдағы келісімдердің шарттарына байланысты резервтер, жыл сайынғы рента резервтері, қор резервтері мен қатысу резервтері түзіледі. Ал сақтандырудың басқа түрлері бойынша — сыйлық резервтері және залалдық резервтері қолданылады.
Біз отандық тәжірибеге сақтандыру резервтері түзілуінің өркениетті тәсілдерін енгізу жөнінде шараларды жүргізуді мақсат тұтқанды жөн көреміз, ал олар сақтандырушының сақтандыру келісімдері бойынша міндеттемелерін орындау үшін сақтандыру резервтерінің жеткіліктігін кепілдеуді қамтамасыз етер еді. Тек сақтандыру компанияларының сақтандырушылар алдындағы міндеттерді орындаудың құқықтық және қаржылық кепілдерін қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру, сақтандырушылардың төлем қабілетін бағалауға қазақстандық және еуропалық әдістерге жүгіну ғана ұлттық сақтандыру нарығының серпісді дамуына, халықаралық сақтандыру жөнінде қарым – қатынастарға іргетас боп қалуы керек.