2.2. Сақтандырудымемлекеттік құқықтық реттеу Сақтандыру нарығын құруды арнайы сақтандыру туралы заңға негіздеу керек, онда сақтандыру нарығына қатысушылардың бәрі үшін кең жағдай жасауға бейімделіп, әсіреке сақтандыру ісіндегі аса қауіпті авантюризмнің пайда болуына мүмкіндік бермеу керек.
Сақтандырудағы заң шығарушылық тек қана клиенттердің мүдесін ғана емес, сондай – ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінде болуы ықтимал банкроттықтан сақтандыру құрылымдарында туындаған монополизмнен сақтауға тиіс. Осы сондай – ақ сақтандыру ұйымдары өткізіп жатқан операциялардың финанстық тұрақтылығын сақтау үшін де, өздерінде бар қаражатты салудың мақсатқа сәйкестілігі үшін де және сақтандырушы мен сақтандырушының қарым – қатынасын ғана емес, секілді мемлекетпен, тіпті сақтандырушылар арасындағы қатынастар үшін де қажет.
Нарық, әсіресе оның алғашқы қаз тұру сәтінде алып – сатарлық науқанның тууына соқтырмай қоймайды, ондағы мақсаты «сақтандыру бәлішінен» тезірек әрі молырақтау асап қалу. Сондықтан сақтандыру қызметін реттейтін қатаң жүйе аса қажет, ол бір жағынан өздерінің өте айқын болашағы мен мүмкіндіктерін болжап сақтандыру жүргізетін, аяқтарына нық тұрған сақтандыру ұйымдарының жолынан кедергілерді алып, екінші жағынан – сақтандыру ісі мен сақтандырушыларға зиянын тигізетін ұйымдарды сақтандыру нарығына жібермес еді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VIII сессиясы (1992 жылдың маусымы) «Қазақстан Республикасыдағы сақтандыру туралы» Заң қабылдады, ал X сессияда бұл заңға жекелеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
Осы Заң еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру қызметтерінің нарықтық қатынасын қалыптастыруға, сондай – ақ кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен азаматтарды сақтандыру қорғанысын кеңейтуге бағытталған.
Осы Заңмен реттелетін қатынастар: Сақтандыру шартын жасасу мен орындау барысында туындайтын сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы қатынастар;
Сақтандырушылар мен сақтандырушылардың сақтандыру қатынастары арнаулы заңдармен реттеледі.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыратын адамдарды мемлекеттік тіркеу
Сақтандыруды жүзеге асыратын адамдарды мемлекеттік тіркеу кәсіпорындарды тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Сақтандырушының жарғылық қорының мөлшері оның меншік түріне және қызметінің ұйымдық түріне қарамастан 100 мың сомнан кемболмауға тиіс.
Сақтанушының заңға қайшы мүделері сақтандыруға жатпайды. Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды ұйымдар сақтандыру қорғанысы құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен, заңды ұйымдарымен бірдей пайдаланады. Жекелеген жағдайларда бұл құқықтан айыру тек заң актілерімен белгіленуі мүмкін.
Шетелдік заңды мекемелер мен Қазақстан Республикасы аумағында тіркеліп, жұмыс істейтін шетелдік қатысулар арқылы өз қызметкерлерін, мүліктері мен жауапкершілігін сақтандыру, сол секілді Қазақстан Республикасы заңдарына сай міндеттілікке жататын басқа да сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру мен халықаралық практика туралы заңдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды ұйымдарының мүліктік мүделері, егер бұл сол елдің зағдарына қайшы келмесе, Осы Заңға сәйкес сақтандыруға жатады.
Сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру түрінде жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру – заң күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру.
Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен құқылық актіде ескерілген, осы сақтандыру қатынастарын реттейтін жағдайларға орай шарт жасасуға міндетті.
Міндетті сақтандыру шарты өз қызметін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтандыру кәсіпорны үшін мұндай шартты жасау оның міндеті болып табылады.
Міндетті сақтандыру мынадай жағдайларда қолданылады: Әуе, темір жол, су жолы, ішкі су жолы қатынастары және обылысаралық, республикааралық автомабиль көлігі маршруттарындағы жолаушыларды сақтандырғанда; заңды ұйымдарды – көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандырғанда.Міндетті сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілейді. Ерікті сақтандыру – тараптардың ықылас білдіруімен жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтандыру талаптары сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шартпен белгіленеді.
Сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыратын жағдай туғанда сақтанушыға немесе шартта көрсетілген өзге аадамға сақтандыру сомасын (сақтандыру өтемін) төлеуді мойнына алады. Сақтандыру шарты жазбаша түрде жасалады. Жазбаша шарттың үлгісін сақтандырушы таңдайды, не тараптардың келісімімен белгіленеді. Шарт. Егер онда өзге тәртіп көзделмеген болса, алғашқы сақтандыру төлемін төлеген кезден бастап бекітілді деп саналады.
Сақтандыру шартының мазмұны тараптардың келісімімен айқындалады.
Сақтандыру шартында: шарт тараптары; ақтандыру объектісі; сақтандыру жағдайы; сақтандыру сомасының (сақтандыру өтемінің) мөлшері, оны өтеудің тәртібі мен мерзімі; сақтандыру төлемінің мөлшері, оны өткізудің тәртібі мен мерзімі; шарттың қолданылу мерзімі; шарт талаптарын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі
көрсетілуі қажет. Тараптардың келісімі бойынша шартқа басқа да тараптар мен міндеттемелер енгізілуі мүмкін.
Қолданылып жүрген заңдармен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлата түсетін және осы Заңға қайшы келетін шарт талаптары жарамсыз деп табылады. Сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері шартпен белгіленеді, заңдармен белгіленген мөлшерлер бұған кірмейді.
Тараптардың келісімімен сақтандыру төлемдері шетел валютасымен төленуі мүмкін. Сақтандыру төлемін шартта көрсетілген мерзімде төлемеу, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, шарттың тоқталуына әкеп соғады.
Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт төлем бойынша қарыздар өтелген жағдайда бір ай ішінде қайта жалғастырылуы мүмкін. Шартта неғұрлым ұзақ мерзім көзделуі мүмкін. Бұл ретте шартты жалғастыру жөнінде жазбаша өтініш талап етілмейді. Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт сақтанушы қарыз сомасы төлеген күннің ертеңінен бастап қайта күшіне енеді.
Сақтандыру төлемін уақтылы өткізбеу себепті шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанда, сақтанушыға төленген сақтандыру өтелемінің шартта көрсетілген бөлігі қайтарылып беріледі. Міндетті мемлекеттік сақтандыру жөніндегі төлемдер өндіріс шығынына жатады.
Сақтандырудың ерікті түрі бойынша шығын кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың қатысуымен, әрі олардың жекменшік түрлеріне, олардың өкіміндегі табыс есебіне қарамай – ақ жүзеге асырылады. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемінің мөлшері, олардың мөлшері заңдармен белгігенбеген жағдайлардың бәрінде, шартпен белгіленеді.
Жеке басты сақтандыру бойнша сақтандыру сомасы сақтанушыға оған әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша және шеккен зиянның орнын толтыру ретімен тиесілі сомаға қарамастан төленеді.
Мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемі, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушы тікелей шеккен нақты зиянның мөлшерінен аспауға тиіс.
Сақтандырушы алған сақтандыру сомасына және сақтандыру өтеміне салық салынбайды.
Тараптардың келісімімен сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемі шетел валютасымен төленуі мүмкін.
Сақтандырушы сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушыға (сақтандырылған адамға) сақтандыру сомасын, (сақтандыру өтемін) шартта көрсетілген тәртіп пен мерзімде төлеуге, сондай – ақ өтелуге тиісті зардапты азайту мақсатында жұмсалуға қажетті шығынның орнын сақтандыру сомасы ауқымында толтыруға міндетті.
Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы шартта белгіленген мерзімде және үлгіде хабарлап, сақтандырылған мүліктерді құтқару мен сақтау шараларын жасауға, сондай – ақ кінәлі адамнан өндіріп алу құқығын қамтамасыз етуге міндетті.
Сақтанушының (сақтандырылған адамның) келтірілген зиянға жауапты адамнан өндіріп алу құқығы мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеген сақтандырушыға осы сома ауқымында көшеді. Сақтанушы (сақтандырылған адам) осы талапты орындату құқығы үшін қажетті қолында бар құжаттардың барлығын сақтандыру өтемін алған кезде сақтандырушыға беруге міндетті.
Сақтанушының азаматтық заңдарда белгіленген тәртіппен тигізген зияны үшін жауапты адамға сақтандыру өтемі сомасының ауқымынан жоғары талаптар қою құқығын сақтандырушыға беруге, сондай – ақ ол адамға юасқа да талаптар қоюды тапсыруға құқығы бар. Бұл құқықтардың көшуін сақтандыру шартында ресімдеуге де болады.
Сақтанушы сақтандыру жағдайы туғаннан кейін сақтандырушыға өзінің сақтандырылған мүлікке деген құқығынан бас тартатының хабарлап, сақтандыру сомасын толық көлемінде алуына болады.
Сақтандыру шарты заңдарда көзделген жалпы негіздемелерден басқа мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады. Егер ол: осы Заңның 5 — бабының төртінші бөлігінде қарастырылған жағдайларда; қылмыстық жолмен тапқан немесе қылмысты істің себепшісі болып табылатын мүліктерге қатысты; сақтанушы шарт жасасқанда заңсыз пайда табуды алдын ала көздеп, оның ішінде, бұл сақтандыру жағдайы туғаннан кейін жасалған болса.Шартты жарамсыз деп тану заңмен белгіленген тәртіппен мүдделі адамның қуынуы бойынша жүзеге асырылады.