Тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі



бет9/13
Дата19.10.2023
өлшемі99,69 Kb.
#119153
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Егер сақтандыру жағдайы мынадай себептерден:
сақтанушының қорғануға қажетті және амалсыз мәжбүр болған жағдайлардағы әрекеттерінен өзге сақтану жағдайын туғызуға біле тұра әдейі бағытталған, не оның тууына себепші болатын әрекеттерінен;
сақтанушының заңмен белгіленген тәртіппен әдейі жасалған қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық деп танылған әрекеттерінен;
егер әскери қатерден сақтандыру шартпен көзделмеген болса, заң жүзінде белгіленген тәртіппен әскери деп танылған әскери әрекеттерден және соларға қатысты әскери сипаттағы шаралардан туындаған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру сомасын (сақтандыру өтемін) төлеуден толық немесе ішінара бас тартуға қақылы. Әскери іс — әрекеттерден туындайтын негіздемелер бойынша сақтандыру сомасын (сақтандыру өтемін) төлеуден толық немесе ішінара бас тартуға қақылы. Әскери іс-әрекеттерден туындайтын негіздемелер байынша сақтандыру сомасын (сақтандыру өтемін) төлеуден бас тартылған жағдайда сақтанушыға ол өткізген сақтандыру төлемдері қайтарылып беріледі.Сақтандырушы негізгі сақтандыру шартын өзгеріссіз қалдыра отырып, сақтандыру шарты бойынша өз міндеттерінің бір бөлігін екінші сақтандырумен қайта сақтандыру арқылы қамтамасыз етуге қақылы.
Бірігіп сақтандыру сақтандыру сақтандырушылардың бір сақтандыру шарты бойынша бірлесуіне жол береді, бұл ретте олардың сақтанушы алдында ортақ жауапкершілігі пайда болады.
Сақтандырушылардың жауапкершілігі
Сақтандыру сомасын (сақтандыру өтемін) уақтылы төлемегені үшін сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылған адамға) мерзімі өтіп кеткен әр күн үшін төлеуге тиісті соманың
Нақты адамға – 0,2 проценті;
Заңды ұйымға – 0,1 проценті мөлшерінде өсім төлейді.
Сақтандырушының лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіптіктік, материалдық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті мойнына алады.
Сақтандыру шартынан туындайтын дауларды белгіленген тәртіпке сәйкес сот немесе төрелік сот қарайды. Бұл ретте сақтандырушылар мен сақтанушылар осы істер бойынша мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.
Сақтандыру операцияларының қаржы жағынан тұрақтылығын және сақтандыру қызметін жүргізуді қамтамасыз ету үшін сақтандырушылар мақсатты қорлар: негізгі, қосалқы және сақтандыру, — валюта қорын жасайды.
Қорлар мөлшерін сақтандырушылар дербес белгілейді Сақтандыру қорларына салық салынбайды. Сақтандырушы қызметін тоқтатқан жағдайда сақтандыру қорларының қалған қаражатына белгіленген тәртіпке тәртіппен салық салынады.сақтандырушылар заң жүзінде рұқсат рұқсат етілген кез келген басқа бір кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қақылы.
Сақтандыру кәсіпорындары меншіктің кез-келген түрінде болуы мүмкін. Меншік түрлері әртүрлі сақтандыру кәсіпорындары өз қызметтерін жүзеге асырған кезде тең құқықтарда пайдаланады. Сақтандыру кәсіпорнының ұйымдық түрін құрылтайшылар белгілейді.
Шетел азаматтары мен шетелдік заңды мекемелер, сол секілді олар қатысып отырған бірлескен кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында сақтандырушы ретінде қимыл жасай алмайды.
Сақтандырушының негіқгі сақтандыру қызметінен алатын пайдасы кіріс (сақтандыру қызметінен алынған сақтандыру төлемдері мен өзге де кірістер) мен шығыстын (сақтандыру сомасын төлеу мен сақтандыру ісін ұйымдастыруға және оның материалдық базасын жасауға кеткен шығындарды өтеу, еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығындар, сақтандыру қорларына аударымдар). Арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
Заңды алғаш рет тәжірибеде қолдануға кіріскенде – ақ, оның олқылықтары, кемшіліктері айқын аңғарылады. Осыған орай кейбір ережелер әлемдік тәжірибедегі қабылдаған сақтандыру нарығын ұйымдастыру мен оның функциясының принциптеріне сай келмейді.
Министрліктерде, ведомстволарда құрылған кейбір сақтандыру ұйымдары антимонополиялық заң шығару мен жоғарыда айтылған заңды өз қызмет жағдайларын пайдаланып бұзып, ықтиярсық – міндеттілікке айналдырып, сақтандырудың жекелеген ерікті түрлерін монополияландырды. Сөйтіп, әуе көліктері жолаушыларының ерікті сақтандыруды «Авиаполис» сақтандыру корпорациясына, теміржол көлігі – «Комеск — Өмір» коммерциялық сақтандыру компаниясына шоғырландырып обылыстық ауыл шаруашылығы бұйрық түрінде ауылшаруашылығы басқармаларының өздері құрған сақтандыру ұйымдары деп аталатынлардың мүлкін ғана сақтандыруды колхохдар мен совхоздардың басшыларына тапсырып отыр.
Біздіңше сақтандырудағы осындай былықтың басты себебі тәуелсіз мемлекеттік сақтандыру қадағалауының болмауы, сондықтан Заңның 4 – бабын мынадай редакцияда жасау керек еді:
«Сақтандырумен айналысатын мекемені мемлекеттік тіркеуді Сақтандыру қадағалауы жүргізіп, сқтандыруды қадағалауы жүргізіп, сқтандыруды жүргізуге құқ беретін рұқсат (лицензия береді.
Жекеменшіктің түріне, қызметтің ұйымдық формасына қарамастан сқтандырушының жарғылық қорын құнсыздану процесін ескере отырып, көтеріңкі мөлшерде анықтау қажет.
Мемлекеттік сқтандыру қадағалауы қызметінің билігі мен тәртібі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті бекітетін Ережелермен анықталатын болуы тиіс»
Заңның 6 – бабында міндетті сақтандыру түрлерінің тізімдері келтірілген, мұның ешбір пайдасы жоқ. Кез – келен уақытта міндетті сқтандырудың жаңа түріне деген сұраныс пайда болады немесе керсінше – барының өзі керек болмай қалады, бұл әрдайым іс үстіндегі Заңға әртүрлі өзгерістер енгізуге мәжбүр етеді. Осы бапта міндетті сақтандырудың кез-келген сақтандырушымен жасалуы мүмкінділігі бекітілген. Алтәжрибе міндетті сақтандырудың тимділігі сақтандырушылар үшін республика көлемінде тек оның ең аз құнын сақтандыру қорымен үлесіре біртұтас жүргізгенде қамтамасыз етілуі ықтимал. Басқа қырынан алғанда сақтандырудың шартын, сақтандыру төлемінің мөлшері мен сақтандырудың өтемін төлеу тәртібін мемлекет бекітеді, демек ол түптің түбінде сақтандырудың финанстықнәтижесіне жауап береді.
«Міндетті сақтандыру құқықтың актіде көрсетілген жағдайларда қолданылады.Мемлекеттік міндетті сақтандырудың барлық түрін Қазахстан Республикасы Министірлер Кабинетінің тапсырумен мемлекеттік сақтандыру ұйымы жалғыз жүргізеді».
Бүрындары сақтандыру қорлары бірнеше мәрте сақтандырумен байланысы жоқ мақсатта бюджетке түгедей алынып келеді.Бұл әл» күнге жалғасып, сақтандыру жол және басқа қорларға жіберіледі деген желеумен жүргізілуде. Шын мәнінде бюджетке сақтандыру шарты арқылы транзитпен сақтандыру ұйымында өз қаражаттарын сеніп бергендердің, кәсіпорындар мен азаматтардың ақшалары түгелдей алынып келеді.Мұндай жүгенсіздіктен құтылу үшін, Заңда бұл жөнінде арнайы айтқан жөн. Бұл үшін 18 — баптың екінші бөлігіндегі «салық салынбайды» дегеннен кейін :
«осы Заңның 13-бабында көрсетілген жағдайлардан өзге жерде сақтандыру ұйымдарынан алуға болмайды» деп жазу керек.
Қазір Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанынан Мемлекеттік сақтандыру қадағалауын құру басты маңызға ие болуда. Сақтандыру нарығы дамыған елдердің бәінде мемлекет тарапынан сақтандыру заңдылықтарының сақталуына жеткілікті қатаң сақтандыру бақылауы жүзеге асырылуда. Біздің жағдайымызда Мемлекеттік сақтандыру қадағалуы ведомстволық араласудан азат болуы керек. Мынадай жағдайда, яғни өздерінің қолдарында жеткілікті ақшалай қаржысы, қызметтерін айқындайтын жарғысы бар жаңадан қайта құрылған сақтандыру ұйымдарына лицензия беру жүктелсін. Сақтандыру қадағалауы сақтандыру тарифтерінің деңгейін, сақтандырушылардың запас және резервтік қорларынынң құрылуын, инвестиялық саясаттың барысын, есепке алу, есеп беру, бюджетке төленетін салықтың түгелдігі мен уақтылығын қарап отыруға тиіс. Сақтандыру қадағалауына сақтандырушылар өз Жарғылары мен сақтандырудың іс үстіндегі заңын бұзатын болса финанстық санкция салу, заңдылықты өрескел бұзушылардың қызметін тоқтатуға құқық берген жөн.
Өркениетті сақтандыру нарғын құру үшін сақтандыру қадағалауының қажеттігі ешқандай сенімсіздік туғызбасы анық. Қуаты аз сақтандыру қоғамдарының жедел өсу процесін тәртіптеп отырумен сақтандыру қадағалауы айналысуға тиіс, өйткені әлгілер өз әркеттерімен көп жағдайда алып-сатарлыққа апарып соғып жүр.
Қазақстан Республикасы аумағындағы мемлекеттік сақтандыру қызметтерін реттеуді арнайы құрылған Үкіметтік ұйым – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сақтандыру Департаменті жүзеге асыруға тиіс.
Қаржы министрлігі сқатандыру Департаментіне сақтандырушылардың қызметін реттеу мақсатымен мынадай құқтар беріледі:

  • Сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия беруге;

  • Сақтандырушылардың бірыңғай Мемлекеттік тізімін (реестр) және де сақтандырушылар ассоциациялары одағының, сол секілді сақтандырушылар брокерлерінің тізімін кіргізуге

  • Сақтандыру тарифтерінің дәлелділігіне, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылықпен қамтылуына бақылау жасауға;

  • Сақтандыру резерфтерін құру ережелері мен орналастыруды, сақтандыру операцияларының көрсеткіштері мен есепке алу нысандарын және де сақтандыру қызметі туралы есеп беруді белгілеуге;

  • Сақтандыру мәселелері бойынша нормативтік әрі әдістемелік құжаттарды жете ойластырып, дайындауға;

  • Сақтандыру қызметін іс жүзінде қолдану дағдысын жинақтауға, белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заң шығаруларын дамыту мен одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныс жасап, жете ойластырылған дайындық беруге;

  • Сақтандырушылардан сақтандыру қызметі жайлы белгіленген есеп беруді және де олардың қаржылық жағдайлары жөніндегі хабарларды қабылдап алуға;

  • Банкілерден, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан, сол секілді азаматтардан қажетті хабар-ошарларды алуға;

  • Сақтандырушылардың Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заң шығарушыларының сақталуына және де олардың беріп отырған есептерінің растығына тексеру жүргізуге;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет