Бір сан мен екінші санның тіркесі арқылы есептік сандардың сөзжасамы күрделеніп отырады. Санның нақтылы аты есептік сандарда жасалады, басқа семантикалық топтарда сан атауы жасалмайды
Бір сан мен екінші санның тіркесі арқылы есептік сандардың сөзжасамы күрделеніп отырады. Санның нақтылы аты есептік сандарда жасалады, басқа семантикалық топтарда сан атауы жасалмайды.
Күрделі есептік сан атауларының құрамы екі сөзден басталып, тоғыз сөзге дейін жетіп отырады (миллионға дейінгі). Мысалы, тоғыз жүз сексен жеті мың алты жүз елу төрт (987654), ал миллион, триллион құрамы одан да жоғары болуы мүмкін. Қанша сөзден құралса да біртұтас ұғымды білдіреді, оларды бөліп айтуға болмайды, арасына басқа ешбір морфемалар кіре алмайды. Күрделі сандар еркін я тұрақты сөз тіркестеріне жатпайды, олар дербес сөздер. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туындыларды тану жолы бар, сондай-ақ күрделі сөздердің яғни аналитикалық тәсілмен жасалған туынды сөздерді тану жолы бар. Күрделі сөз құрамы ауыспалы және тірек сыңарлардан тұрады. Күрделі сандардың жасалуына ұйытқы болатын тірек компоненттің орны екі түрлі: 1) күрделі санның алғашқы сыңары; 2) күрделі санның соңғы сыңары. Мысалы, ондық пен бірлік аралас сандарда он бір, отыз екі – тірек орында ауыспалы екінші орында, үш жүз, алты жүз, тірек сыңар екінші орында, ауыспалы І орында.