2. Музыкалық аспаптарға қатысты біраз сөздер бар. Олар: жетіген, қос, екі, үш ішекті (домбыра). Мысалы : І. Қос ішектің үстінде еркелей, күрделі өрнек салған бес саусақтың ұшынан таза күміс теңгелер шашырай ұшып, төгіліп жатқандай (М.Мағауин). 2. Бəжең ауылының қарттары кейбір күйлерді күні бүгінге дейін үш ішекті домбыраға салады ( Бұл да сонда).
3. Салт – дəстүрге қатысты сөздер: баланы қырқынан шығару, бір мүшел, бес мүшел, үші, жетісі,
қырқы, жүзі.
4. Діни қолданыстағы сөздер: бесін, екінті (ді) – намаз түрлері.
8. Аңшылық, саятшылық, əскери салаға қатысты сөздер: бесатар, алтыатар, қосауыз …т.б. Мысалы: Қолы алтыатарына ілініп үлгеріпті (М.Мағауин). ТСТ-да берілген номинативті единицалар (сөздер мен сөз тіркестері) адам өмірінің барлық саласын қамтығаны көрініп тұр. Бұдан біз, сан есімдерден жасалған сөздер мен сөз тіркестерінің негізгі сандық мəнінен басқа қолданыста қалыптасқан жаңа мағыналары мен сандық реңктерін айқын көреміз
жəне семантикалық өрісінің таралу бағытын байқай аламыз.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002. 145-157 б.
2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі (монографиялық еңбек). – Алматы, 1989.
3. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. – Алматы: Ғылым, 1967. І бөлім.
4. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі. – Алматы, 1986.
5. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1988. 19-35, 98-103 б.