Тақырыбы: Себеп, мақсат, шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер


тіркестер де осы ретпен қолданыла береді /3,96/. Жер – су, елді-мекендер: Екібастұз, Үшарал, Үшбиік, Тоғызқұдық, Бесарық, Басағаш, Жетісу жəне т.б



бет9/10
Дата13.05.2023
өлшемі243,51 Kb.
#92751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11-апта. Дәріс. Сөзжасам.

тіркестер де осы ретпен қолданыла береді /3,96/. Жер – су, елді-мекендер: Екібастұз, Үшарал, Үшбиік, Тоғызқұдық, Бесарық, Басағаш, Жетісу жəне т.б.

Күнделікті тұрмыста бөлшектік сан есімдердің орнына көбінесе жарты (½), ширек (¼), əшмөшке (1/8) сөздерінің жиі қолданылатынын байқаймыз. Жарты, ширек сөздерді əдеби тілде де, ауызекі тілде де бірдей қолданса, ал əшмөшке стильге қарай қолданылады. Оның жергілікті сөйлеу тілінде əшмөңке деген фонетикалық варианты бар. Бұл сөз – орыс тілінен ықшамдалып кірген. Ақша атауларындағы сан есімдер қолданысында да өзіндік ерекшеліктер бар. Егер орыс тілінде «пятак», «десятка» деген атаулар болса, қазақ тілінде бір сөзбен атау жоқ, тек сан есімдердің тіркесуі

арқылы жасалады (бір теңгелік, екі теңгелік … т.б.) Сан есімдермен тіркесіп келген теңге сөзіне -лік тұлғалығы жалғанса, онда ақша атауын білдіреді.

Ал сан есіммен теңге күйінде тіркессе, тауар құнын білдіреді. Бірде тура сандық мағынасында, бірде субстантивті қолданыла береді.

2. Еңбек. ТСТ – ның бұл түріндегі сан есімнен жасалған сөздердің өзіндік орны бар. Адамның қоғамдағы орнына, еңбек түрлеріне байланысты қолданылатын сан есімнен жасалған сөздер көптеп кездеседі.

Мал, төл атауларына қатысты алатын болсақ: бесті (жылқы), бесті қымыз, сегіз, үшем, төртем …т.б. Мұндағы, үшем төртем сөздері малдардың аракідік үшеуден, төртеуден төлдеуіне сəйкес қолданылатын лексемалар. Мысалы: І. Қойға қарағанда ешкі – егізден, үшемнен лақтайтын, тез өсетін мал (Б.Адамбаев).

2. Сол ай мүйізді ақ ешкіміз бір жыл ежелгі дағдысы бойынша үшем туды. (Ө.Тұрманжанов).

Қазақ халқы қол өнерімен де ертеден айналысып келеді. Мал шаруашылығының өнімдерін кеңінен пайдаланады…Теріден əр түрлі саладағы қамшы, бишік өру, таспа тілу жақсы қалыптасқан. Осы кəсіпке байланысты бес талдап өруде бестемше жəне жеті таспа, тоғыз таспа сөздері жиі ұшырасады.

ІҮ. «Рухани мəдениет». 1. Білім алуға байланысты бастауыш жəне орта білім беретін мектептерді атау үшін бұрынырақ үш жылдық, төрт жылдық, жеті жылдық жəне сегіз жылдық деген тіркестер қолданылған болатын. Осы жүйедегі өзгерістерге байланысты қазір тоғыз класс – орталау, он бір класс – орта мектеп деп аталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет