Тақырыбы: Себеп, мақсат, шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет7/10
Дата13.05.2023
өлшемі243,51 Kb.
#92751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11-апта. Дәріс. Сөзжасам.

Сан есімдерге – лық, – лік, – дық, – дік, – тық, – тік тұлғалықтары жалғанған жасалымдар сан-мөлшерлік мағынаны білдіретін сөздер. Өйткені, бұл сөздердің жасалуына негіз болған уəждеме – зат пен құбылыстың сандық белгілері /1,100/. Мысалы: бірлік, екілік, үштік, төрттік, бестік (баға атауы, балл); бесжылдық, онжылдық (жоспар). Уақыт мөлшеріне қатысты жасалған онкүндік (декада) сөзін де осыған жатқызамыз. Мысалы: Онкүндіктік бесінші күніне «Қыз Жібекке» келіп, үкімет адамдарының баға бергенін білді (Ш.Жиенқұлова).

ІІ. ТСТ – «Адам». Бұл топ адамның жас мөлшеріне, мінез – құлқы мен іс - əрекетіне байланысты. Нақтылай түссек, сан есімнен жасалған мұндай сөздер адамның жас мөлшеріне, жеке қасиеттеріне, қызметіне, туысқандық қатынастарына байланысты бірнеше топшаларға бөлінеді.

І. Адам баласына əрбір жыл сайын бір жас қосылатындықтан, оны жаспен өлшеу қалыптасқан.

І. Адам баласына əрбір жыл сайын бір жас қосылатындықтан, оны жаспен өлшеу қалыптасқан.

Сондықтан лексикалық қолданыста «жас», «жасар» сөздері тұрақты түрде жас шамасын көрсетуде сан есімдермен тіркесіп келеді. «Жасар» түрі он беске дейінгі баланың жас мөлшеріне орай айтылады да, жиырмаға дейін сирек, ары қарай мүлдем тіркеспейді. Оның орнына жасын көрсететін сан есімнің өзі не «жас» сөзі септелген формасында қолданылады. Бұл пікірімізге зергер жазушы Ғ.Мүсіреповтің мына пікірі дəлел бола алады: «Тегінде жасар деген өлшем жиырмаға дейінгі жастарға ғана айтылады. Бес жасар бала деу дұрыс. Сексен жасар адам деуге болмайды.» І мысалы: Тізесімен тербетіп отырғаны - үш жасар Кəмшат (М.Əуезов).

82 жасар К.Бекмұратов ауылға бөрі терісін бөктеріп қайтты («Соц. Қаз.», 1982. № 107). Бірінші мысалдағы түрі дұрыс, екінші мысалдағысы қате қолданылған. Берілген мысалдардағы «жас», «жасар» сөздерімен тіркесіп келген сан есімдер тура сандық мағынаны білдіріп тұрады. Əдеби тіл нормасында да осы күйінде қолданылады. Сонымен қатар, дербес қалпында тұрып та метафора амалы арқылы жас мөлшерін білдіретін ерекшеліктері жөнінде алдыңғы тармақтарда айтылған /2,111/. Мысалы: І.Жиырманың үстінде жүргенде өзіміз қандай едік?! (Т.Əлжанов). 2. Он тоғыз бен отыз бірдің арасында байдан, жуаннан бір адам жоқ, болса да амалын тапты ( Ж.Аймауытов). 2. Адамның ішкі – сыртқы қасиеттеріне, мінез – құлқына байланысты жасаған күрделі дериваттардың да қолданыста өзіндік ерекшеліктері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет