Тақырыбы: Сен білмейтін тікенді өріктің пайдасы Секциясы: медицина,психология Зерттеген: Ақтөбе қаласы М.Ғабдуллин атындағы



бет4/5
Дата16.10.2023
өлшемі190,66 Kb.
#115907
1   2   3   4   5
Байланысты:
Асылым жоба

.
2.1. Тамақтану мәдениеті
«Ас – адамның арқауы» дейді халық. Сол айтқандай-ақ денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі шарт. Әсіресе, тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Тамақты қарныңыз ашқан кезде ішкеніңіз дұрыс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-деу мақсат емес. Тойып ішкен тамақ асқазанға күш түсіреді. Диетологтардың айтуынша: «кез келген ауру-сырқаттың әкесі белгісіз болғанымен, шешесі белгілі: ол орынсыз, артық ішкен ас!». Сондықтан қанағат – организмнің одақтасы және денсаулықтың сақшысы. «Қанағат қарын тойдырады» — деп, қазақ халқы бекер айтпаған. «Батпайтын ас – жеген адамның өзін жейді. Сол себепті, жегенің бойға сіңсін десең, шамадан аспа», деп жазды щығыс ғалымы Абдуль Фарадж. Артық тамақ денсаулыққа зиян. Бұдан адам семіздікке ұшырайды. Керісінше, кез келген тағамды аз тұтыну денсаулығыңызды жақсартып, ғұмыр жасыңызды ұзартуға жол ашады.
Тибет медицинасының ежелгі ережелерінде мынадай бір нақыл айтылған: «Барлық ауруға ортақ бір себеп бар, ол – надандық». Дұрыс тамақтану туралы білмейтін адам ауруға жетелейтін жолға түседі. Әлбетте, балалар нәруыздың құнды көздеріне ет пен сүт, балық пен жұмыртқаның жататындығын білуі тиіс. Ең әуелі жеміс-жидек пен көкөністі пайдалану керек деп айтар едік. Организмде еркін радикалдардың жиналуы адамды ерте қартайтады. Еркін радикалдардың шабуылына антиоксиданттар, яғни жеміс пен көкөністе көп кездесетін витамин-дер тойтарыс бере алады. Олардың ішінде біз үшін ең қолжетімді жеміс – алма. Алма адам организміндегі бірден-бір қуат көзі – микроэлемент темірмен қамтамасыз етеді. Организмде жеңіл қорытылатын темір көп мөлшерде алмамен қатар, алмұрт, қаражидек, шабдалы, өрік, құрма, қара өрік, ет пен балықта, аз дегенде сүт пен жұмыртқа да бар. Тегі «жігері темірдей берік» деген сипаттама бекер айтылмаса керек. Дені сау, ширақ адамның организмінде темір жеткілікті болғандықтан белсенді, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады.
Органимде темір қосындысының жетіспеуінен қаназдық (темір тапшылығы анемиясы) ауруына ұшыраған адамдардың өңеш пәлесіне (қылтамақ) шалдығатыны дәлелденген. Темір қосындысы жетіспеушілігінен болатын қаназдық ауруы асқазан сөлі аз шығатын гастрит, яғни қарынның қабынуы салдарынан болады. Өңеш пен қарын (асқазан) ауруына жиі ұрындыратын себеп-терге мына жайлар жатады. Бірінші жағынан, адамдардың көбінесе нан мен ұннан жасалған тағамдарға әуестігінен, тағамда малдан алынатын нәруыздардың, жас көкөніс пен жеміс-жидектің жетіспеушілігінен, яғни адамның көкөніс пен жеміс-жидекті аз жеуінен; екінші жағынан , асты майға қуырып, майға пісіріп жеуге және ысталған, тұздалған тамаққа әуестік. Сонымен қатар пайдаланатын тағамда С витаминінің жетіспеушілігі. Темірдің тапшылығынан қаназдыққа шалдыққан бала тез шаршайды, сабаққа зейіні болмайды. Алғашқы екі сабақтан кейін маужырап, ұйқысы келеді. Алғыр, зерек болу үшін бала алма жемісін жеуі керек.
Тағамның құрамында болатын витаминдердің көбі жеміс-жидектерде де кездеседі. Витаминдер адам организмінде зат алмасу үрдісін жақсартып, организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Организмге витаминдер жетіспегенде адамның өзінен-өзі күш қуаты кеміп, біртүрлі әлсіреп, шаршап-шалдыққыш келеді. Ештеңеге зауқы соқпай, болмайтын нәрсеге ашуланып, жұқпалы ауруларға тез беріледі.
Тамақта витаминдердің жетіспеуі ерте көктемде жиі болып тұратын жағдай. Әрбір витаминнің адам организмінде атқаратын өзіндік ерекше қасиеті немесе орны бар. Адам организміндегі барлық зат алмасу үрдісін жүргізетін ферменттер-дің жеке адамның ішкі бездерінен тікелей қанға бөлінетін гормондардың био-химиялық құрамдары витаминдердің құрамына жақын. Адам дұрыс тамақтанып, қажет витаминдер уақытында жеткізіліп отырса, организмдегі ферменттер мен гормондар да қасиеттерін сақтайды, зат алмасу үрдісі де ойдағыдай жүреді. Соның әсерінен адамның күш-қуаты күшейіп, организмнің әр түрлі аурулармен күресу қабілеті артып, ауырған күннің өзінде, дер кезінде емделсе, тез арада сауығуына мүмкіндігі молаяды.
Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу заманында адамдардың қара жұмыстан гөрі мимен атқаратын еңбекке көбірек ауысуына байланысты, әрбір адамның миы күнделікті қабылдап қорытатын ақпараттар көбейіп, жоғары жүйке жүйелерінің шаршап, күйзелуіне әкеліп соқтыратын жайлар жиі байқалуда. Мұның өзі адам-дардың витаминдерді қажетсінуін бұрынғыдан да күшейтеді. Миға күш түскен жағдайда адам организмі әсіресе В тобы витаминдері мен С витаминіне көбірек зәру болады екен. Витаминдер организмнің биохимиялық және физиологиялық көрсеткіштерін жақсартады. Әсіресе, орталық жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетін арттырады. Сол себепті ой еңбегімен айналысатын жастардың тамақ рационында жеміс-жидектің молырақ болғаны жөн. Адам организміндегі тіршілікке қажетті зат алмасу үрдістерінде тамақ құрамындағы минералды заттар мен микроэлементтердің атқаратын рөлі ерекше. Олардың организмде жетіспеуі зат алмасуын тежеп, әр түрлі сырқатқа душар етеді.
Өрік пен мейізде, алмада калий тұзы көп. Сол себепті жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдарға бұл жемістер өте пайдалы.
Калий жүректің жұмысын, қан айналымын жақсартады, асқазан мен ішектің де қызметіне өте қажет. Және организмдегі барлық зат алмасу үрдісіне де тікелей қатысы бар. Натрий мен калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен тітіркенулердің жақсы жүруін ретке келтіреді. Ал ол элементтердің жетіспеуі жүйке талшықтарының жұмысын нашарлатады.
Кальций элементі организмде сүйектің өсіп жетілуіне, жарақаттанғанда аққан қанның тоқтауына, жүрек пен бұлшықеттердің қызметінде, қышқыл мен сілтінің арақатынасын сақтауда қажет.
Магний элементі адам организміндегі зат алмасу үрдісін жақсартатын ферменттердің құрамына кіреді. Организмде магнийдің жетіспеуі жастардың бойының өсуін нашарлатып, жүйке жүйесінің қызметін бұзады, әр түрлі тері ауруларына шалдықтырады. Ондай адамдардың шаштары да түскіш келеді. Егер ауру адамдарға аспен бірге магний тұзын берсе, жүйке және қан тамырлары жүйелерінің қызметі дұрысталатыны, сонымен қатар ішек пен өт қызметі жақсаратыны анықталып отыр.
Темір, мыс, кобальт, мырыш, марганец, йод секілді микроэлементтер де организмге өте қажет элементтер. Мұның бәрі көптеген гормондардың, фермент-тердің және витаминдердің құрамына ауадай қажет. Олар организмдегі және оның жасушаларының ішіндегі зат алмасу үрдістеріне тікелей қатысып, олардың жұмысын реттейді және қанның құрамындағы оттегін тарататын қызыл қан түйіршіктерін (эритроциттерді) көбейтеді. Ал йодтың қалқанша безінің қызметін-де рөлі орасан зор және соған байланысты бұғақ (зоб) ауруын болдырмайды.
Арнайы жүргізілген ғылыми зерттеулер, адам организміне арнайы дәрі-дәрмектерді еккеннен гөрі микроэлементтер мен витаминдердің тамақ арқылы берілгені анағұрлым тиімді екенін дәлелдеп отыр.
Піскен және шикі ас туралы мәселеге келсек, піскен ас, әрине дәмділеу, бірақ ас қорыту үшін ең қажеттісі – шайнау, жақсы шайнау.
Сондықтан жеміс-жидектерді шикілей жеу тиімді. Тек гигиеналық талапты сақтап, жемісті сүртіп немесе жуып жеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет