Тақырыбы: Сен білмейтін тікенді өріктің пайдасы Секциясы: медицина,психология Зерттеген: Ақтөбе қаласы М.Ғабдуллин атындағы



бет5/5
Дата16.10.2023
өлшемі190,66 Kb.
#115907
1   2   3   4   5
Байланысты:
Асылым жоба

2.1. Ас үйдегі тікенді өрік
Тікенді өрік - бірегей жидек, одан көптеген тағамдар жасауға болады.

-1 кг тікенді өрік
- 1 кг қант
Жасалу әдісі: Алдымен тікенді өрікті жуып
алып ,қант араластырып 12 сағатқа қоямыз. Қант еріген соң баяу отта 10 минут қайнатамыз.
Дайын тосапты банкіге салып жабамыз.

Тікенді қара өріктің тосабы айтарлықтай қою әрі дәмді болып шығады. Тосапты дайындау өте қарапайым және жылдам. Осы орайда менің анамның тікенді өріктен тосап дайындау рецепті:
Сонымен қатар тікенді өріктен компот,шырын, шарап, мұз кәмпит жасауға болады.
Балалардың сүйсініп қолданатын тәттілерінің бірі – мұз кәмпит (леденцы). Мұз кәмпиттің (чупа чупс) құрамында адам ағзасына зиянды бояғыш пен хош иістендіргіштер қолданылады. Біз анам екеуіміз бірігіп сол бояғыштардың орнына тікенді өрікті қолданып мұз кәмпит жасадық.Мұндай кәмпиттің пайдасы мол және табиғи жолмен жасалады.
Сыныптастарымнан алған сауалнаманың нәтижесі. Сыныптастарыммен тікенді өріктің пайдасы туралы бөлістім. Көбі өрікті жеп көрген бірақ оның тікенді өрік деген түрі бар екенін білмейді екен. Анаммен жасаған мұз кәмпиттерді сыныптастарыма да бердім оларға дәмі өте ұнады.

«Сен білмейтән тікенді өріктің пайдасы» тақырыбындағы
ғылыми жоба жұмысына
Пікір:
Абилхаирова Асылымның алып отырған тақырыбы қазіргі кезде өзекті әрі қызықты, құпияға толы құбылыс болып табылады.
Оқушылардың зерттеу жұмысын жазу барысында көптеген көркем әдебиеттерді, газет-журналдарды, ғаламтордан ізденген. Жұмыс жоспар бойынша жазылып, толық орындалған. Сонымен қатар Асылымның көп ізденіп, жұмысын өз жас ерекшелігіне сай орындай білген және де нақты деректер негізінде зерттей білген.
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

Жетекшісі: Мукасова М.Е.



Қорытынды
2019-2020 жылы дүниежүзін жаулаған пандемия кезінде адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін немесе орны толмас асыл қазынасы – денсаулық екеніне көзіміз анық жетті. Сондықтан адам денсаулығына пайдалы затты алыстан іздемей өз өлкеміздің табиғатынан алып,бағалай білейік. Жоғарыда аталған тікенді өріктің құрамы түрлі дәрумендерге бай болуына байланысты,адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Зерттеу барысында тікенді өріктің адам өміріндегі маңызы өте зор екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының болашағы – бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар өз денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет.
Табиғатқа да, адамзатқа да тигізер пайдасы шаш етектен болатын тікенді өрәк ағашына қамқорлық қажет! Табиғатта азайып бара жатқан өсімдіктер жайында насихаттап, ата-бабамыз бізге қалдырған байлығы – тікенді өрік өсімдігі болсын, басқа да өсімдіктер мен жануарларды аман сақтап қалу, қорғау, қамқорлық жасау біздің басты парызымыз.
Ұсыныс:
1. Тікенді өрік ағашын көптеп өсіру арқылы тосап, сусындар шығаратын отандық өндірісті дамыту;
2. Тәттілердің құрамындағы жасанды бояғыштардың орнына тікенді өрікті қолдану.
3. Дүкен сөрелерінде көп орын алған құрамында зиянды қоспалардан жасалған шырындар мен балалар сүйіп жейтін тәттілердің орнына тікенді өріктен жасалған табиғи өнімдер қойылса.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Калюжная Т. Аязға төзімді бақша. - Литр, 2015. - 449 б.

  2. Дәстүрлі медицинаның дәрілік өсімдіктер энциклопедиясы. - OLMA Media Group, 2003 - 270 б.

  3. ”Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы” Авторы Иващенко А. А. 2006ж

  4. ”Арша егіп, қаланың тынысын ашайық” Автор: http://almaty-akshamy.kz

  5. ”Жасыл әлем сырлары” Авторы Қ. Сабанбеков. 1990ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет