Спортбазалары. 2001 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша Қазақстанда 291 балалар жэне жасөспірімдер спорт мектебі болды. Оның ішінде олимпиялық резервті дайындайтын 55 арнайы мектептерде 142 мың жас спортшыларды 4420 бапкер жаттықтырады. Бүлардан басқа дарынды спортшыларды дайындайтын 9 мектеп-интернат (2340 жас спортшыларды 210 бапкер жаттықтырады), ірі халықар. жарыстарда жоғары жетістіктерге жеткізу мақсатында қүрылған спорттық элита 6 мектебі (құрамында 1128 спортшы, 210 бапкер бар) жүмыс істейді.
Қазақстан кэсіпорындары мен мекемелерінде 11,3 мың дене шынықтыру үжымдары бар (2001). Онда 1,4 млн-ға жуық адамдар әр түрлі секцияларда дене шынықтыру жэне спорттың эр түрлі салаларымен айналысады. Жылдан жылға спорт базалары көбейіп келеді. 2002 жылғы мэлімет бойынша республикада 26019 спорт қүрылыстары тіркелген. Оның ішінде 242 стадион, 20 спорт сарайы, 124 спорт кешені, 13 оқу-жаттығу орт., 150 бассейн, 6123 спорт залы, 34 спорт манежі, 143 шаңғы базасы, 8 ескекшілер жүзетін каналы, 1448 тир, 3 велотрек, 9 эллинг, 3 желкен клубы, 2 шаңғымен секіретін түғыр, 13 спорттық мү_з айдыны жэне 142 теннис корты бар. Қаз.энциклоп.
7. Спорттық жарыстар мен олардың түрлері Спорттық жарыстар
Спорттық жарыстардың орындалуы
Жарыстарды ойындарды және дәстүрлі спорт мерекелерін, жаңаша толтыру мен ұлттық спорттық ойын-сауықтардың түрлерін тапсырылуын советтік спорт мәдениеті жоғары көрсетті.Спорттың жекелеген түрінен жарыс өткізу тәртібі:
Жеңіл атлетика. Жарыс бағдарламасы еркектер үшін – 100, 200, 400, 1500 метрге жүгіру, ұзындыққа, биіктікке секіру және эстофеталық жарыс. Әйелдер үшін – 100, 200, 1500 метрге жүгіру, ұзындыққа биіктікке секіру. Әр спортшы осы бағдарламамен спорттың үш түрінен қатысуға ерікті. Айталық, жүгірудің үш түрінен, секіруге де осылай қатысуға болады. Әр команда құрамынан ең жоғары көсеткішке жеткен үш спортышының уақыты есепке алынады.
Ауыр атлетика. Жарыс ережесі бойынша класикалық екі жаттығудың қосындысы есептеледі. Жарыс класификацияда көрсетілген салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі.т жарысқа қатысушылардың санына шек қойылмайды. Жарыс барысында командалық есепке әркімнің жеңіп алған орындарының қосындысы алынады.
Валейбол. Әр бөлімше өз алдында жеке-жеке команда құрады. Жарыс ережесі бойынша бұл командалар өзара бір айналым кезедседі де, қай көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Шахмат пен тоғызқұмалақ. Команда құрамы 3 еркек, 2 әйелден тұрады. Жарыс ережесі бойынша бұл командалар өзара бір айналым кездеседі де, қай көп ұпай жинағаны жеңімпаз аталады. Жарыс барысында бірдей ұпай жинаған командалар партия айырмашылығымен анықталады.
Білектесу. Салмақ дәрежесі: 44,48,52,56,60,67,75,82, одан жоғары, дара жеңімпаз.
Жарысқа қатысушылар тек оң қоларымен ғана білектеседі. Білектесу -3 рет орындалады, яғни спортшылардың біреуі екі рет жеңіске жаткенге дайін қайталанылады.
Ойыншы білектесу өтетін орынға шақырылғаннан кейін білектесуге дайындалуға бір минут уақыт беріледі. Ойыншылардың саусақтаы байланбайды. Бос болады.
Білектесу кезінде шынтақты орнынан жылжытуға және орындықтан көтерілуге, сол қолмен ұстап отырған тұтқаны жіберуге болмайды.
Ойыншыға ережені бұзғаны үшін ескертулер беріледі.
Батпан (гир) көтеру. Жарыс 32 килограмдық батпаннан және 16 килограмдық батпаннан жеке-жеке өткізіледі. Жарыс ережесі бойынша классикалық екі жатығудың қосындысы есептеледі. Жарыс классификациядан көрсетілген салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі. Жарысқа қатысушылардың санына шек қойылмайды. Жарыс барысында командалық есепке әркімнің жеңіп алған орындарының қосындысы алынды.
Футбол. Жарыс ережесі бойынша, командалар өзара бір айналым кездеседі де, көп уақыт жинаған команда жеңімпаз атанады. Жарыс барысында бірдей ұпай жинаған командалар доп айырмашылығымен анықталады. Жарысқа валейболдағы сияқты аралас команда, яғни әйелдерде қатыса алады.спартакиада бағдарламасына кіргізілетін ұлттық ойында да бар. Мысалы: Аударыспақ, Қазақша күрес, Садақ ату, және т.б.