Тақырыбы: Спорттық ойындар және Қозғалмалы ойындар кіріспе «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»



бет10/23
Дата27.03.2023
өлшемі73,73 Kb.
#76410
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Та ырыбы Спортты ойындар ж не оз алмалы ойындар кіріспе «Д ры

8)Айдапсал
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табу керек. Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына отырады. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар оның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т.б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.


9)Айгөлек
Айгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі. Ойнаушылар саны мен жас шамасна қарай екі тапқа бөлінеді де, арасы 1-20 адымдай жерде қол ұстасып, қарама-қарсы тізбек құрады. Бала көп болса, ойында соншалықты қызықты өтеді. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады.
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар,
Ақ терек пен көк терек
Бізден саған кім керек?
Екінші топтың ойыншылары жауап береді:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар,
Ақ терек пен көк терек
Шолпан атты /шақыратын баланың не қыздың атын айтады/ қыз керек, - дейді.
Қарсы топтан шақырылған қыз не бала тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егерде ол үзе алмаса, онда сол қатарда қалады, ал үзсе, онда өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына ала келеді. Ойын аяқталғаннан кейін екі жақтың ойыншылары саналады, қай жақ көп болса, сол топ ұтқан болып есептелінеді.

10)Сақина жасыру


Бұл ойын жасөспірімдердің арасында ойналып жүр.
Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына қолын кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолдың әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен «сақина кімде?» - деп сұрайды. Осы кезде барлық ойыншы тыныштаады. Кезекші сақинаның кімде екенін табуы керек. Егер кезекші сақинаның кімде екенін тапсы, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, ол өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетед де, өз қызметін қайтадан атқарады. Егер кезекші үшке дейін таба алмаса, ол басқа кезекшімен орын ауыстырады.

11)Арқан тартыс
Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардығ саны 10 баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тек ортасында белгі ретінде қызыл мата байланады.
Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі ... деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері /жұп/ бір жаққа, бір дегендері /тақ/ екінші жаққа бөлінеді.
Арқанның қызыл мата байлаған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Ал ойнаушылар арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Егерде арқанға қолдары сыймаса, онда ойнаушылар бірінің белінен бірі ұстайды.
Ойын жүргізушісінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойын мақсаты – екі команданың бірі не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншы ойыннан шығып қалады.
Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына өткізсе, сол ұтқан болып есептелінеді. Ойнаушылардың өзара келісімдері бойынша ойынды тағы да жалғастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет