Халық шаруашылығында бактериялардың маңызы зор. Оларды ертеден-ақ сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындауда, нан пісіру, ірімшік жасау үшін қолданған. Тамақ өнеркәсібінде Lactobactericeae Bacillaceae Mycobactericeae тұқымдасының өкілдері биологиялық нысан ретінде төмендегідей пайдаланылады: Lactobactericeae тұқымдасына жататын түрлерінің көпшілігі сүт пен сүт тағамдарында кездеседі. Бұл бактериялардың сүттен жасалатын тағамдарда тіршілік ететінін білмесе де, адам баласы олардың әрекетінен пайда болған өнімдерді өз тұрмысында пайдалана білген. Lactobactericeae тұқымдасына Lactobacterium және Streptococcus туысы жатады.