Термені термешілер домбырамен сүйемелдеу арқылы орындайды
Термені ақын, жыраулар өздерінің өмірлік жиған тәжірибесін өлеңге салып сол сәтте айтқан.
Жыршы жыраулары атылып, жер аударылып кетті немесе айрын айта алмай ішінде кетті
Жыршы жыраулар термелері ауызша таралған
Кәсіби әншілер эстрада сүйемелдеуімен орындап жүр.
Термені жаттап алып орындайды.
Жастар аса мән беріп тыңдамайды.
Жазбаша термелер сақталмағандықтан қайта жандандыру үшін зерттеушілер жұмыстануда.
ІІІ. Қорытынды:
Бұл атқарылған жұмыс нәтижесінде аңғарғаным:
терме жанры – ауызша тараған ауыз әдебиетінің төл жанры.
термені шығару, жазу, орындау ол жай адамға болмайтын іс. Бойында домбырашылығы, өлеңшілігі, шешендігі, ақындығы бар, ұрпағына өнеге үйрететін, айналасына ақыл салатын, тыңдаушының құлағына құйып, санасына сіңіріп, жүрегіне ұялата білетін өнер иесің ғана қолынан келеді.
Жасөспірім балалар сол адамдардың еңбектерін үйреніп, біліп, өз арамызда кең насихаттап, қаймағын бұзбай сол қалпында кейінге жеткізу міндетіміз деп білемін.
Өнердің бұл көне саласына әлі де болса қазақ баласының бойынан қызығушылық жойылмаған, бүгінгі күнге дейін сұранысқа ие.