Тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы емдік дене шынықтыру



бет3/3
Дата13.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#42762
1   2   3
Бронхоэктаз ауруы - орта және кіші бронх қуыстарының патологиялық кеңейюі және бронхтардың іріңді қабынуымен жүретін полиэтиологиялық ауру. Бронхоэктаз ауруында дренажды гимнастика қолданылады. Жаттығулар (шалқадан, қырынан, ішпен) жатқан қалыпта қақырықты шығаруға арналған аяқ - қол, кеуде, денені әр түрлі қозғалысқа келтіріп міндетті түрде жөтелу арқылы жасалады. Қақырықтың жақсы бөлінуі үшін кеуденің қақырық жиналған жерін алақанмен ұру арқылы жөтелдіреді.

Бронхоэктазия ауруында қақырық түсіру үшін қолданылатын жаттығулар - шалқадан жатып екі қолды жоғары көтеріп демді ішке алады. -іштің көк етін басып демді сыртқа шығарады. -қырынан жатып шынтақты көтереді. -шынтақты түсіріп кеудені қысады. -оң жақ қапталдан жатып сол қолды жоғары көтеріп дем алады. -алақанмен кеудені басып демді шығарады,ақырын жөтеліп қақырықтың түсүіне ықпал жасайды. -еңбектеп тұрып алақанға тіреліп көкіректі көтереді. -басын жерге тигізе еңкейіп көкіректі төмен түсіреді. -шалқадан жатып терең дем алып аяқты алма-кезек бүгіп жазады. -екі аяқты бірдей бүгіп ішке тигізеді. Бұл жаттығуларды орындағанда асықпай,байыппен тыныс алып қақырықтың көп түсүін қадағалайды.


Бронх демікпесі - инфекциялы аллергиялы ауру. Ол тыныс алу жолдарының тарылуынан , яғни бронхы бұлшық еттерінің кенеттен тарылуынан болады. ЕДШ-ның негізгі мақсаты бронхыларды босаңсыту, тыныс алуын қадағалап, кеуде қимылын арттыру. Демікпеге арнайы жаттығулар қолданылады. Демікпе ұстаған кезде демін сыртқа шығаруды созып,ұзартады. Сонымен қатар дыбыспен орындалатын жаттығулар жасалынады. Алғашқыда дауыссыз дыбыстар , кейін дауысты дыбыстарды жалғайды. Алғашқы кезде 5-7 секунд , кейін 15-20 секундқа жеткізеді.

Демікпе ауруына арналған жаттығулар; -орындықта отырып екі қолды жоғары көтеріп көтеріледі. -екі қолмен құшақ жая терең дем алады,қалпына келгенде дем шығарады. -бір қолды мықынға тіреп екінші қолды созады. -бір жаққа қисайып,қолдың ұшын жерге тигізеді. -орындықтың арқасынан ұстап тұрып еңкейіп қайта тұру. -қолды желкеде ұстап, аяқты алшақ қойып екі жаққа кезекпен иілу. -бір қолды мықында ұстап,екінші қолын жоғары созып денені оңға не солға кезек бұрады. -орындық арқасынан ұстап тұрып аяқты артқа сермейді. -екі қолды мықынға тіреп,тізені жоғары көтеріп бір орында жүрү. -қолдарды мықынға ұстап, аяқты кезекпен алға созады. -қолды жоғары көтеріп,бір аяқты ұшынан артқа қояды.

  • Қорытынды
  • Дене шынықтыру жаттығулары тыныс жолдары ауруларында науқастың дем алу тереңдігін,тыныс алу жиілігін,ауаны қысқа немесе созып шығару өкпедегі ауа айналасының үлкейтуді арнайы статикалық және динамикалық тыныс алу жаттығулары арқылы реттеп қалыпқа келтіреді. Емдік гимнастикамен айналысу өкпедегі лимфа қан айналысын арттырып,асқынулардың болуынан сақтайды. Сонымен қатар аурудың еңбек қабілетін сақтауына ,емнің әсерлі болуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет