Тақырыбы: Ясауитану пәнінің дереккөздері. Ясауи ілімінің негіздері: Құран, Сүннет және Түркілік құндылықтары туралы баяндаңыз. Қабылдаған: Қашымхан Дәуренқұлов Орындаған: Алякбар Балхия Тобы: фту-211 Түркістан 2023 I. Кіріспе



бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі40,85 Kb.
#118845
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Балхия Яссауитану 1



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Ясауитану пәнінің дереккөздері. Ясауи ілімінің негіздері: Құран, Сүннет және Түркілік құндылықтары туралы баяндаңыз.


Қабылдаған: Қашымхан Дәуренқұлов
Орындаған:Алякбар Балхия Тобы:ФТУ-211

Түркістан 2023




I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Қ.А.Ясауидің өмірі.
1.1. Ясауи ілімінің тарихи маңызы.
2. Қ.А.Ясауидің сопылық ілімі
2.1. Ясауидің шығармалары.
2.2. Ясауи еңбектерінің тәрбиелік мәні.
3.Құран, Сүннет және Түркілік құндылықтары.


III. Қорытынды.
YI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I. Кіріспе.
Қожа Ахмет Ясауи оғыз-қыпшақ тілдерінде сөйлейтін, түркі халықтарының рухани бастауларының бірі болған ұлы, әрі қасиетті тұлға. Оның жазған еңбектері туыстас халықтар арасында кеңінен мәлім.
Қожа Ахмет Ясауи қазіргі деректерге қарағанда 1103 жылы көне Сайрам қаласында дүниеге келіп, 1166 жылы Йассы қаласында дүние салған.
Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі қазіргі қазақ ішіндегі қожа әулиеті. Сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл. Қожа Ахмет Ясауи қат-қабат қайшылығы мол күрделі кезеңде дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі мен өмірі әдеби дәстүрі, өскен ортасы туралы мәлімет аз. Бұған себеп соңғы 70 жыл ішінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы зерттелмеген.
Қожа Ахмет Ясауидің адамгершілікке, имандылыққа үндейтін асыл жырлары жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру көзделді. Бірақ айды алақанмен жабу мүмкін емес. Ұлы ақынның өзі де шығармашылығы да халқына қайта оралды.
Ясауи еңбектерінің біразы түркі тілінде жарық көрген. Олар: «Диуани хикмет», «Пақырнама және мінәжатнама», «Көңілдің айнасы» және өмір баяны ретінде түрлі аңыздар. Қожа Ахмет Ясауидің қайсы бір еңбектерін алмайық тұнып тұрған өсиет сөздер. Олар қара сөзбен, оның шумақтарымен, «хикмет» түрінде жазылған және айтылған. Бұл «Диуани хикмет» бастан аяқ ақыл, өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған. Бұл еңбектерінде ғұлама-ғалым, түркінің пірі 4 мәселені қарастырған:
1. Аллаһты тану.
2. Аллаһты ұлықтау.
3. Дүниемен әділетсіздікті қаралау, дүние құрбаны болған пенделерді қорғау.
4. Бұл дүниенің қара дақтарын пенделерге жұқтырмау.
Міне осындай күрделі мәселелерді қарастырып, өз хикметтерінде жырлаған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет