Сыртқы көші-қон. Республикадан халықтың сыртқа қоныс аударуы нарықтық қатынасқа өтудің өтпелі кезеңіндегі дағдарысқа, бұрынғы КСРО-ның ыдырауына байланысты тарихи отандарына көшуіне туындады. Қазақстаннан сыртқа көшушілердің 80% жақын шет елдерге , оның 72,4% Ресейге, ал алыс шетелдерге қоныс аударушылардың 18,2% Германияның үлесіне тиуде. Республикамыздан көшушілердің ең жоғарғы көрсеткіші 1994 жылы байқалып, 400 мың адам елімізден көшіп кетті. Соңғы жылдары 2018-2020 жылдары көшіқон сальдосы теріс мәнді көрсетуде. Славян ұлт өкілдерінің көшу қарқыны біршама жоғары қалған диаспоралармен салыстырғанда. Елімізге көшіп келушілердің саны азайып кетті. (2018 жыл) Қазақстандағы көші-қон айырымы (миграциялық сальдо) – 10 803 адам болды. 2019 жыл ұқсас мерзімдегі көрсеткіш – 6400 адамды құраған. 2020 жылы кері көрсеткіш сақталатын болса, жыл соңына дейін көші-қон айырымы – 37 100 адамға жетуі мүмкін. Көші-қон айырымы бойынша этникалық құрамға келсек: 71,3% – орыстар, 8% – немістер, 6,6% – украиндер, 4,5% – қазақтар. Ал жас құрамына келсек: 73% – (16-62) жас аралығында, 21% – 15 жасқа дейінгі балалар, 6%-і 63 жастан асқандар екен.
2017 және 2018 жылдардағы қаңтардан маусым айы аралығындағы Қазақстанға көшіп келушілер мен Қазақстаннан көшіп кетушілердің этникалық құрамы
3.3 Қазақстан халқының жастық-жыныстық, ұлттық және діни құрамы
Қазақстан Республикасы ТМД аумағындағы Ресей сияқты көп ұлтты мемлекет. Қазақстан халқының 95% қазақ, орыс, украин, неміс, өзбек, татар, ұйғыр ұлттары құрайды. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін халқының 95% қазақтар құрады, 1889 жылғы санақтан кейін қазақтардың үлесі 81% дейін кеміді. 1960 жылдардың басынан 1990 жылдарға дейін қазақтар бүкіл халықтың небары 29% құрады. 2005 жылғы деректер бойынша қазақтар бүкіл халықтың 57%, ал 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша 61% жетті. Қазіргі кезде 67,98 %.
5-кесте. ҚР статистика жөніндегі агенттіктің деректеріне сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардағы деректері бойынша Қазақстандағы ұлттардың халық саны мен үлес салмағы көрсеткіштері мың адам есебімен