Қала агломерациялары Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Екібастұз, Ақтау сияқты үлкен және ірі қалалар ауыр өнеркәсіптің қарқынды дамуы негізінде қалыптасты.
Кен орындарының маңында пайда болған қоғамдық өндірісі бір бағытта маманданған шағын және орташа қалалар ірі қалалардың маңындағы агломерацияны түзеді. Ірі қалалар тұрғындарды көкөніс бақша дақылдары, ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге маманданған қала маңы ауылшаруашылығы қалыптасады.
Қазақстандағы ауылдық елді мекендердің түрлері
1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1989 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы ауыл халқы 431 мыңға немесе 6% азайды. Осы уақыт аралығында Алматы, Ақмола облыстары халқының саны кеміп, Алматы мен Астана қалалары тұрғындарының саны күрт өскені байқалады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 6,6 % өскені байқалды. Ауыл халқының өсуі сегіз облыста тіркелді. Атап айтсақ Маңғыстау облысында 3,8%, Түркістан облысында 2,2% байқалды. Ауыл халқы үлес салмағының ең жоғарғы көрсеткіші Алматы облысында 70,2%, Солтүстік Қазақстанда 63,4% және Түркістан облысында 61,7% шамасында.