1970-1990 жылдар аралығында халықтың табиғи өсу көрсеткіші әр мың адамға шаққанда 17,4 адамды құрап біршама жоғары болды. 1993-1998 жылдар аралығындағы экономикалық дағдарысқа және басқа ұлт өкілдерінің тарихи отандарына оралуына байланысты табиғи өсу әр мың адамға шаққанда 5 адамға дейін төмендеп біршама тежелді. Бірақ туудың төмендеуіне қарамастан республикада жоғары туу қазақ халқында сақталып отыр. Олардың үлесіне бүкіл туудың 60% астамы, ал орыстардың үлесіне 20% келеді. 2008 жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес әр 1000 адамға шаққанда 20,47 адам дүниеге келіп 10,27 адам өлген. Аталған деректерге сәйкес 2008 жылғы табиғи өсім 10,2 ‰ құрады. Қазіргі уақытта шамамен 14,56 ‰ адамға жоғарылады(2020 жыл қаңтар) туу көрсеткіші 21,77‰, өлім көрсеткіші 7,21‰
Халықтың тууына экономикалық-географиялық талдау
Қазақстан Республикасында 1990 жылы әр 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 22,10/00 болды. 1995 жылы ол 17,20/00. 1997 жылы 15,20/00, ал 2000 жылы туу коэффициенті 14,60/00 дейін кеміп кетті. 2020 жылығы дерек бойынша 14,56 ‰. Туудың ең жоғарғы коэффициенті Түркістан(22,50/00), Қызылорда (20,70/00) облыстарында тіркелген.
Туудың ең төменгі көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (11,00/00), Павлодар (11,10/00) облыстары мен Алматы (12,60/00), Нұр-Сұлтан (13,70/00) қалаларында тіркелген.
2-сурет. Есептік кезеңдегі халықтың өсімі / ҚР Статитстика агенттігінен алынған мәлімет
және ең аз аудандар
Түркістан облысындағы Мақтаарал (305 мың), Сарыағаш аудандарын (324 мың) бірнеше ауданға бөлу туралы облыс мәслихаты шешім қабылдады. Қазіргі таңда Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ пен Қарасай – халық саны ең көп аудандар . Оларда жеке-жеке 300 мың және 252 мың халық тұрады. Ал Түркістан облысының Сайрам ауданында 203 мыңға жуық.2018 жылғы алғашқы жарты жылдық статистика бойынша халық саны ең азы – Ақмола облысының Егіндікөл ауданы. Онда 6170 адам тұрады екен. Ал Қорғалжын ауданында 8890 адам бар. Қостанай облысының Наурызым ауданында 11 574 адам, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязиев ауданында 11 823 адам тұрады.
50,000
80%