Тақырыбы:Қазақстанның халқы және


Қазақстанның 2017 жылғы халық санының өсімінің диаграммасы / stat.gov.kz сайтынан алынды



бет3/7
Дата19.12.2022
өлшемі4,3 Mb.
#58319
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3-Дәәріс

Қазақстанның 2017 жылғы халық санының өсімінің диаграммасы / stat.gov.kz сайтынан алынды


Қазақстан халқының соңғы 110 жылдағы өсу динамикасы

Өлім-жітімгің көрсеткіші мен халықтың санын көбейту шаралары


Халықтың табиғи өсуін арттыру үшін жастарды аз қамтамасыз етілген жанұяларды қолдайтын демографиялық саясат ұстанып, ана мен баланы қорғау мәселесі мемлекет тарапынан дұрыс жолға қойылуы қажет. Халықтың өліміне экономикалық-географиялық талдау. 1987 жылдан бастап ауылда, ал 1988 жылдан бастап қалаларда балалар өлімінің арту үрдісі байқала бастады. Тұтас алғанда 1970-1988 жылдар аралығында әр мың адамға шаққандағы 1 жасқа дейінгі балалардың өлімі 25,8 ден 29,80/00 дейін артты. 1997 жыллы 24,9, 1999 жылы 20,7 ал 2000 жылы 19,20/00 дейін төмендеді. Қазіргі кезеңде бір жасқа дейінгі балалардың өлімінің біршама кемігеніне қарамастан дүниежүзінде 35 орын алады. Бүгінгі таңдағы балалар өлімінің төмендеуін туудың азаюымен түсіндіруге болады.
2000 жылғы балалар өлімінің әр мың балаға шаққандағы ең жоғарғы көрсеткіші Павлодар, (26,40/00) және Маңғыстау (25,80/00) облыстарында байқалды. Ең төменгі көрсеткіші Алматы облысында (13,60/00), Астана (14,90/00) Алматы (13,60/00) қалаларында тіркелді. Қазіргі кезеңде бір жасқа дейінгі балалардың өлімінің төмендеу үрдісінің артуы байқалуы жалғасуда. Шамамен әрбір екінші баланың өлімі тыныс алу мүшелерінің артуымен іште жатқанда дұрыс жетілмеуінен туындайтын аурулардан өледі. Бұл аурулардың пайда болуына қолайсыз экологиялық жағдайлар әсер етеді. 1997 жылғы өлімінің деңгейі әр 100000 адамға шаққанда 76,9 құрады. Облыстардың шегінде аналардың өлімінің ең жоғарғы көрсеткіші. Шығыс Қазақстан облысында (146,2) және Алматы облысында (134,3) ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау (44,9) Қызылорда (39,3) облыстарында байқалды. Аналардың өлімінің құрылымында жасанды түсік тастау (21,5%) ,ішкі ағзалардың әртүрлі аурулары, жатыр сыртындағы жүктілік. Қазақ әйелдерінің 70% қаназдықтан зардап шегуде. Оның өзі жүктілікке әсер етеді.

3.2 Қазақстан халқының механикалық қозғалыс, қоныстану ерекшеліктері


Ішкі көші-қон. Ішкі көші-қонда ауылды жерлерден облыс орталықтарына, Алматы мен Астана қалаларына тұрақты немесе маусымдық (маятниктік) қоныс аудару басым. Қазіргі кезде қоныс аударушылардың ¾ қаланы таңдайды. Осыған орай 1995-2009 жылдар аралығында урбандану дәрежесіде біршама артты. Бүгінгі таңда «қала-ауыл», ауыл мен ауыл арасындағы көші-қонда бар. 1930 жылдан бастап көші- қонның басты бағыты оңтүстік, ең алдымен Алматы қаласы мен Алматы облысы болды. Соңғы 10 жылда Алматыға шамамен 200 мыңнан астам адам қоныс аударды. Соңғы 10 жылда еліміздің жаңа елордасы Астана мен Ақмола облысы екінші ірі аймаққа айналды.
Сонымен қатар, Ақтау, Атырау, Орал сияқты мұнай-газ өндіру қарқынды дамып келе жатқан аймақтарға да қоныс аудару үрдісі байқалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет