«Қызықты математика сағаты» атты ашық шара 1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Қызықты математика сағаты» атты ашық шарамызға қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар информатика, физика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Осы шара арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Олай болса бүгінгі шарамызды ашық деп жәриялайық. 2- жүргізуші: Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар. Қатыратын бастарыңызды , шара міне басталды
1-жүргізуші: Хор. « Математиканың ән ұраны» («Ақ бантик» әнінің әуенімен) І. Балауса пән едің бір кезде
Көбейту, қосудан басталған
Түрленіп кеттіңғой бұл күнде
Мәніңе көз тастап ойланам.
Қайырмасы: Өрнек, бөлшек қандай қызық
Армандайды химик физик
Математи - кай,
Сен биіксің еркем, тау шыңдарындай
ІІ. Ғылымдар патшасы өзіңсің
Нарықты заманның көзісің,
Ақыл-ой сананы әрдайым
Тәртіпке келтірген өзіңсің
Қайырмасы: Өрнек, бөлшек қандай қызық
Армандайды химик физик
Математи - кай,
Сен биіксің еркем, тау шыңдарындай
2 – жүргізуші: Сонау- сонау алысқа, жүзсін десең кемелер Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер Жасау үшін бәрін де, Математика - Ең маңызды ғылым бұл, Сондықтан да, сондықтанда сол ғылымның тілін біл!
1 – жүргізуші: Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді? Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді? Оны сақтап қалатын, Математика - Ең маңызды ғылым бұл, Сондықтан да, сондықтанда сол ғылымның тілін біл!
2-жүргізуші:Математикалық софизм. Көріністі Махиева Альбина және Қылышбаев Иманғали көрсетеді.
1-жүргізуші: « Сандар жыры» Орындайтын: Үдеров Мақсат
Бір дегенім- бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төр дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.