Тақырыбы:“Математика кафесі


-жүргізуші: Ендігі кезек фокусшыға беріледі. Фокусшы Алдияров Атамұрат «Тез қосу» деген фокусты көрсетеді. 2-жүргізуші



бет7/16
Дата24.01.2023
өлшемі1,78 Mb.
#62628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
1-жүргізуші: Ендігі кезек фокусшыға беріледі. Фокусшы Алдияров Атамұрат «Тез қосу» деген фокусты көрсетеді.
2-жүргізуші: Ән шашу. Орындайды Махиева Альбина МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика- өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз
1-жүргізуші: Көрініс: «Көбейту кестесі» Орындайтындар: Маханова Лаура және Сабурбаев Нұрболат
2-жүргізуші: «Мақал - сөз атасы» дегендей , бәріңізді мақал- мәтелдер сайысына шақырамыз. Мұнда сіздер қызықты сұрақпен берілген мақалдарды толық айтуыңыз керек.
1- жүргізуші: Инемен құдық қазуға болама? (Білім алу инемен құдық қазғандай)
2-жүргізуші: Аппақ қарға болама? (Қарға баласын аппағым дейді)
1 -жүргізуші: Қар жанама? (Қалауын тапсаң қар жанар)
2-жүргізуші: Қой мен қасқыр ойланама? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)
1-жүргізуші: Қарғыстың ең жаманы не? ( Өзің білме, білгеннің тілін алма)
2-жүргізуші: Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
1-жүргізуші: Етікті қонышынан басып киюге болама? (Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)
2-жүргізуші: Үлкен көз, үлкен сөз болама? (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)
1-жүргізуші: Тауық түс көреме? ( Тауықтың түсіне тары енеді)
2-жүргізуші: Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)
1-жүргізуші: Тіл каратист пе? (Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады)
2-жүргізуші: Көрініс: «Жіп» Орындайды: Сәрсенбайқызы Ақерке және Аженов Бексұлтан
1-жүргізуші: Білімдіден шығады алғыр, шешен,
Шешендіктен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырыл , шарықташы,
Қалмасыншы бұл кеште сенің есең. Деп ендігі кезекті «Жаңылтпаштар» ға береміз. Шарты: Жаңылтпашты 3 рет оқып беруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет