Тақырыбы:“Математика кафесі


Сусын- Кока-кола (логикалық сұрақтар тізбесі)



бет2/16
Дата24.01.2023
өлшемі1,78 Mb.
#62628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
мат кафе (бітті)

1.Сусын- Кока-кола (логикалық сұрақтар тізбесі)Бұл сусын сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап бір балмен есептеледі.
1-топқа:
-Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадың. Бірақ сенде кілең үш теңгеліктер, ал сатушыда кілең бес теңгеліктер бар. Тұғырықтан қалай шығуға болады?
Жауабы: ( 3 теңгеліктен 24 теңге берсең, 5 теңге қайтарады).
2-топқа:
-Ауылда 28 үй бар .Оның 15-інің үйінде түйесі , 8-інің сиыры , 6-ның сиыры да, түйесі де бар. Неше үйде мал жоқ?
Жауабы: (5 үйде)
3-топқа:
- Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп,1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді?
Жауабы: 10 күн
2. Қадірменді қонақтар! Келесі кезекте зейін мен ойланудан тұратын әр түрлі тіл үйіртер ащы дәмдеуіштер қосылған «Рагу» ұсынылады. Егер команда бірінші кезектен жауабын тапса, онда оған 15 ұпай беріледі, екінші кезектен тапса 10 ұпай, үшінші кезектен тапса 5 ұпай беріледі. Астан алып отырыңыздар!
1-топқа: Теңдеу. (30 ұпай)
а/ Бұны орындағың келмесе де, орындайсың, оны білмейтін сияқтысың, бірақ оны білгің келсе, лезде таба аласың. (15 ұпай)
ә/ Оның өсімдік сияқты сабағы, тамыры бар ма білмеймін, бірақ онда өсімдікке қажеттісі бар. (10 ұпай)
б/Кей кезде есептер оның көмегімен шешіледі. Кейбір оқушылар оны шеше алмағандықтан шешкісі келмейді. (5 ұпай)

2 – топқа: Түбір (30 ұпай)
а/ Адамдар қатты мазасызданғанда кей кезде дәрігерге барғанда да осы сөзді қолданылады. (15 ұпай)
ә/ Ол өсімдіктерде қажет нәрсе аталады. (10 ұпай)
б/ Оны табу үшін терең білім қажет. (5 ұпай)
3-
3 - топқа: Пифагор (30 ұпай)
а/ Ол ғалымның фамилиясымен атанған. Ол ғалым оны оқымағандардың өзіне де әйгілі. (15 ұпай)
ә/ Онда біз бала кезімізден білетін бір фигура туралы айтылады. Мектепке келгенде ол туралы кеңінен оқимыз. (10 ұпай)
б/ Одан біз ол фигураның қабырғалары туралы білеміз. Оны дәлелдеу керек. (5 ұпай)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет